Улы героин жолы - 13 Июля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:42
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Шілде » 13 » Улы героин жолы
    20:33
    Улы героин жолы


    «Балапанды күзде санайды» демекші, биыл қанша мың тонна апиын жиналатыны әл-әзір белгісіз. Бірақ оның аз болмайтыны анық. Әлемдік нарыққа шығатын есірткінің негізгі отаны - Ауғанстан. Ол елде әзірленетін «ауыр» есірткінің біршама бөлігі Қазақстан арқылы Ресейге, одан әрі Еуропаға асатыны да белгілі. Басқаны айтпағанда, тек Қазақ даласының аумағы арқылы бірнеше ірі халықаралық есірткі жолы өтетіні жасырын емес. Оған өзіміздің Шу алқабында жайқала өсіп тұрған қарасораны қосыңыз. Ұлт болашағы - ұрпақ үшін бұл аса қорқынышты. Әзірше бұл пәлекеттің жолын кесу адамзат баласының қолынан келер емес. Қытай қамалынан Римнің іргесіне дейін созылып жатқан Ұлы Жібек жолы бүгінде Ұлы героин жолына айналған. Ол жолда үлкен ақшамен қоса үлкен саясат та тоғысып жатыр. Көршіміз Қырғызстанды екінші Ауғанстанға айналдыруды көздеушілердің бір ұшы халықаралық есірткі бизнесіне барып тірелетіні де жасырын емес. Сарапшылардың мәліметін­ше, заңсыз есірткі айналымынан түсетін жылдық табыс жылына 600 млрд долларды құрайтын көрінеді. Яғни бұл - әлемдік сау­да-саттықтың 10 пайызы деген сөз. Кей жылдары есірткіден тү­сетін табыс әлем бойынша көлік пен қара металды қосып сатудан түсетін пайдадан да асып жығы­лады екен. Есірткі бизнесіне са­лын­ған бір доллардың 12 мың доллардан астам пайда әкелетіні әлдеқашан есептеліп қойылған. Осыған қарағанда «ақ өлім» себу­ші бұл пәлекеттің жолының кесі­луі тіпті де мүмкін емес сияқты түңіліп кетесің.
    Ауғанстанда шамамен бір келісі 50 доллар тұратын опиум, Тәжікстанға жеткенде бір келісі - 1000 долларға, Қырғызстанда - 1500 долларға, Алматыда - 5000, Мәскеуде - 10 000 долларға, Еуропаға барғанда 20 000 долларға бір-ақ секіреді екен. Кабулда бір грамм героин 3 доллар тұрса, Мәскеу мен Лондонда, Париж бен Миланда оның бір грамы 100 долларға жетеді. Қанша есе өсіп шыға келетінін енді есептей беріңіз. Міне, табыстың көзі! Осы жолда басын бәйгеге тіккендердің қанша жерден тыйым салынса да қайтпай, қайта өлермендене ұм­ты­латындығы осы табыс көзінің молдығынан.
    Әлем бойынша жылына 3 мың 700 тонна есірткі пайда­ланылады екен. БҰҰ-ның есебі бойынша, әлем бойынша 200 млн-нан асып жығылатын адам тұрақты түрде есірткі қол­да­натындар қатарында саналады. Оның көбісі бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған елдерге тиесілі. Соның ішінде көршіміз Ресей бірінші орында тұр. Тек соңғы он жылда орыс елінде есірткі тұтыну он есеге өскен. Негізгі тұтыну­шы­ла­ры 18 бен 40 жастың арасын­да­ғы­лар. Ресейде жыл сайын 40 мың адам осы наркоманиядан қайтыс болатын көрінеді. Бұл - Ауған соғысында оққа ұшқандардан да көп. Өзіміздің Шудың есті құрта­тын есірткісі жайында Шыңғыс Айтматовтың «Плаха» романы жарық­қа шыққан соң ғана қа­ныққан бұрынғы Кеңес Ода­ғы­ның қара халқы осылайша есірткі ін­детінен баудай түсіп жатыр. Ал Қазақстанда ресми дерек бойын­ша 55 мың нашақор бар. Ал шын мәнінде, оның соңғы он жылда қаншаға өскенін, қанша есе көп екенін бір құдай біледі. Маман­дардың айтуы солай. Ең қауіптісі - есірткі тұтынушылардың негізі жастар болып отырғандығы, біраз бөлігінің кәмелет жасына жет­пе­ген­дігі.
    Әлемдік нарыққа шығатын есірткінің негізгі отаны - осы Ауғанстан дедік. Тәлібтердің те­мір­дей қатаң режимі қалай құла­тыл­ды, солай Ауғанстан 2002 жыл­дан бастап есірткі өндіру бо­йынша әлемдегі жетекші елге ай­налып шыға келді. Ақ сәлделі ау­ған жұртының бүгіндегі негізгі күнкөрісі осы - бүкіл әлем жұр­тын инеге отырғызуға молынан жететін «шөп» өсіру. АҚШ басып кіргелі Ауғанстандағы есірткі өндіретін фабрикалардың жұмы­сы бәсеңдеудің орнына кері­сін­ше, арта түскен, осыдан-ақ Аме­рика­ның өзі бұл жағдайға мүдделі болып отырғанын іштей сезуге болады. Есірткі барондарының тапқан пайдасын тәлібтер де бөлісуге кірісіп кеткен көрінеді. Ең қауіптісі, есірткіге қатысты қылмыс пен экстремизм тұрақсыз Ауған мен Пәкстан шекарасынан енді энергетикалық ресурстарға бай Орталық Азияға қарай сұғына жылжып келе жатқан жайы бар. Қолдарынан келсе, есірткі барон­да­ры бұл аймақты есірткі бизнесі­нің ошағына айналдырмақ.
    Ұлыбритания, Бельгия, Фран­ция секілді елдерде есірткі қылмысына өмір бойы түрмеде отыру жазасы қолданылады. АҚШ,
     
    Қытай, Тайланд, Сингапур сынды елдерде есірткіге қатысты қылмыскерлерді өлім жазасына кесу заңы бар. Мәселен, Қытайда есірткі тасымалымен айналысқан Англия азаматы, Британия үкіме­ті мен халықаралық ұйымдар жа­за­сын жеңілдетуді өтінсе де Қы­тай сотын уәжіне көндіре алмай, ақыры өлім жазасына кесілді. Есір­ткі саудасына қатысты Қазақ­станның төрт азаматы Тайландта өмір бойы түрмеде ұстау жазасына кесілген. Тағы қазақстандық екі азамат Қытай түрмесінде осы есірткі саудасына қатысты өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген.
    Нашақорлықтың түп-та­мы­ры­на түпкілікті балта шабу мүм­кін бе?
    Шетелдік ірі ғалымдар «На­шақорлық адамзат тұрған жерде жойылмақ емес» деген шешімге келген. Яғни бұл - есірткі пай­далану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігі мойындалды деген сөз. Нарколог-мамандар да мұнымен күресудің күрделі екендігін мо­йын­дап, амалсыз бас шұлғып отыр. Нашақорлық тек медицина­лық ауру емес, әлеуметтік дерт те. Есірткімен аз-мұз мөлшерде ұста­л­ынғандарды немесе сақтағандар­ды темір торға тоғыта беруінің сал­дарынан, көптеген ел түр­мелері ұсталғандарға лық толған. Енді ары қарай қайтпек? Сондық­тан халықаралық қауымдастық осындай іс-әрекет кейде қара­па­йым халықтың азаматтық құқы­ғын шектеуге ұрындырып отыр, нашақорларға қылмыскер деп қараудан бұрын ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді кең түрде көтеріп отыр. Тіпті бұл әрекетке қарсы заңның күшейуі полицей­лер мен арнайы қызмет маман­дары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдану­ға жол ашады деген де пікірлер қылаң береді. Не десек те, есірт­кіні тұтынушыдан бұрын оны саудалап, байып отырған «ажда­һа­­лар­ға» құрық салынбайынша, бұл сұр жыланның қайқы басы­ның кесілмейтіні кім-кімге де аян. Өткен ғасырларда басталған дәрігерлердің ауыр науқастардың сай-сүйегін сыр­қы­ра­татын ау­руын басып, тез ұйық­тататын дәрі-дәрмек ретінде әрі адам ағзасының жалпы, күш-қуатын арттыратын морфи мен апиыннан алынатын препарат­тарды қолда­нуының соңы ақы­рында алынбас қамалға айна­лып, әлемде наша­қорлықтың осылай­ша белең алуы­на әкеп соқтырды.
    Елбасының бастамасымен елімізде «Астана - есірткісіз қала» атты аса маңызды бағдарлама қабылданғаны белгілі. Арқа тө­сіндегі жаңа қалада осылайша есірткімен күрес мықтап қолға алынды делініп отыр. Осының арқасында есірткі саудасының бірталай серкелері де қолға түс­кен. Олар погон таққандар ара­сында да аз емес екен. Наша­қорлар студенттер мен оқу­шылардың қатарында да көп болып шықты. Ішкі істер министрлігінің оқу­шыларды оқу орындарына қабыл­дамас бұрын оларды қан құра­мындағы есірткіні анықтайтын арнайы тесттен өткізу туралы ере­жесі соның нақты көрінісі. Киелі орын саналатын оқу ордаларын, жастардың көңіл көтеру орын­дарын есірткі жайлай бастағаны жақсы емес. Елімізде жыл сайын қаншама тонналаған есірткі тәр­кіленіп, ұсталғандар қатаң жазаға тартылып, күрес үкіметтік деңгей­де қолға алынып жатса да, бұл пәлекет бұрынғыдан азаймай тұр. Кейде ұсталғандардан тәркі­лен­ген есірткінің куәгерлердің көз ал­дында құртылмай, «әзірше жою­ға жатпайды» деген желеумен басқа жерде сақталып, қайтадан айналымға түсіп кететін фактілері де аз емес. Кейде ұшты-күйлі жо­ға­лып та жатады. Құзырлы орын­дарда отырып есірткі тарату­шы­ларға «крыша» болып жүрген лауазымды тұлғалардан да кенде емес екеніміз белгілі болды.
     
    Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов­тің: «Сонда біз, бүкіл Үкімет бо­лып, оларға ештеңе істей алмай­мыз ба?! Олар осылайша бізге ашықтан-ашық қыр көрсетіп отыр. Онда біздің қандай билік болғанымыз?! Егер ірі есірткі саудагерлері өздерін арнайы қызметтер мен барлық басқалары «жасыл дәлізбен» қамтамасыз ететіндігіне жүз пайыз сенімді болмаса, өз тауарларын біздің ше­карамен тасымас еді. Бұған іштен кеміріп жатқан коррупцияның ке­сірінен жол берілуде. Егер биліктегі бірқатар шенеуніктердің наркобарондармен «біте қабысу» үрдісі жалғаса беретін болса, ешкімге аяушылық болмайды!» - дегені нақты дәлел. Бұл не сон­да? Есірткімен қатаң күрес жүр­гізетін орган басшыларының өзі героин тұтынып немесе саудалауға қатысты тапа-тал түсте ұсталып жатса, бұл - қойды қасқырға баққызған емей немене?! Әйтеуір бұл жүйеде біздің шақша басымыз жете бермейтін түсініксіз нәрсе көп...

    Төреғали ТӘШЕНОВ
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 837 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz