Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы туралы - 12 Октября 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Қазан » 12 » Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы туралы
    18:51
    Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы туралы
     
    ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7 және 32-баптарына және Қазақстан Республикасының наркологиялық ұйымдарының мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 17 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің құқық қорғау қызметінің ықпалдылығын арттыру бойынша шаралар туралы» №1039 Жарлығының 3 бабына сәйкес алкогольден және психобелсенді заттардың басқа түрлерінен мастану (уыттану) жай-күйінде болған тұлғаларды уақытша бейімдеуді және уытсыздандыруды жүзеге асыру мақсатында уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының Ережесін бекітті.
    Сондай-ақ ҚР ДСМ министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылдың 26 қарашадағы «Стационарлық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» №795 бұйрығына қосымша енгізілді. Бұл Ережедегі 2 тараудың 7 бабы: «7. Шұғыл жағдайда пациент стационарға медициналық ұйымның, жедел медициналық көмек станциясының (бөлімшесінің) және санитарлық авиацияның санитарлық автокөлігімен медициналық қызметкердің , сондай-ақ ішкі істер органы қызметкерінің және азаматтардың қасында болуымен жеткізіледі» деп редакцияланды.
     
    Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының Ережесі (бұдан әрі - ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес құрастырылған және алкогольден және (немесе) басқа психобелсенді заттардан (есірткілерден, психотроптық заттардан, психобелсенді етушілерден, галлюциногендерден, ұшпалы ерітінділерден) (бұдан әрі - ПБЗ) мастану (уыттану) жай-күйіндегі ішкі істер органы қызметкерлері немесе азаматтар жеткізген тұлғаларды уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына (бұдан әрі - орталық) жатқызу және наркологиялық көмекті көрсету реттілігін анықтайды.
     
    Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының жұмысын ұйымдастыруда мынадай жағдайлар қарастырылған:
    · Жеткізілген тұлғаның кім екендігін анықтауды ішкі істер органының қызметкері анықтайды және орталықтың медицина қызметкеріне хабарлайды. Орталыққа жеткізілген тұлғаның кім екендігін куәландыратын құжаттардың болмауы орталыққа жатқызуға және наркологиялық көмек көрсетуге негіз бола алмайды. Құжаттар болмағанда дәрігер-нарколог медициналық құжатқа ол жөніндегі деректер өз сөзі бойынша жазылған деп көрсетеді.
    · Дерек болмаған жағдайда тұлға, оның кім екендігі анықталғанша белгісіз адам ретінде арнайы бекітілген журналға тіркеледі. Журнал науқас қабылдау бөлмесінде сақталып оны орта буын медицина қызметкері толтырады.
    · Жеткізілген тұлғаны медициналық куәландыруды ішкі істер қызметкерлері жазбаша жолдама (рапорт) бергеннен соң нарколог-дәрігер жүзеге асырады.
    · Медициналық куәландырудан соң әрбір тұлғаға ережедегі үлгіге сәйкес медициналық куәландыру туралы қорытынды жасалады. Егер тұлғаны ішкі істер қызметкері жеткізсе, үлгі екі дана толтырылып, оның бірі соған беріледі, ал екіншісі наркологиялық ұйымда қалады.
    · Қорытындыға жеткізілген тұлғаның клиникалық жай-күйі туралы деректер негіз болады. Лабораториялық және аспаптық зерттеулер мүдделікке сәйкес жүргізіледі.
    · Қорытындыда екі тұжырым жасалады:
    - Орталыққа жатқызу керек;
    - Орталыққа жатқызудан бас тарту.
     
    Орталық тәулік бойына үздіксіз жұмыс істейді.
    · Орталыққа алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастанудың (уыттанудың) орта дәрежедегі жай-күйіндегі тұлғалар жатуы тиіс.
     
    · Орталыққа мыналар жатқызылмайды:
    - алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастанудың (уыттанудың) жеңіл дәрежедегі жай-күйіндегі және дәрі-дәрмектік емге мұқтаж емес тұлғалар;
    - алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастанудың (уыттанудың) ауыр дәрежедегі жай-күйіндегі және қарқынды емге мұқтаж тұлғалар;
    - алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастану (уыттану) жай-күйіндегі және бас сүйек-ми жарақаты, ми қан айналысының жедел бұзылуы, жедел коронарлық патология, жұмсақ тканьдердің кең көлемді жарақаттануы, сүйек сынуы мен экзотоксикалық шок (талу) белгілері бар, қарқынды немесе радикалды терапияны қажет ететін тұлғалар;
    - алкогольден немесе басқа ПБЗ-дан мастану (уыттанудың) жағдайында қосымша соматикалық дертінің қозу және декомпенсация кезеңіндегі тұлғалар;
    - алкогольден және басқа ПБЗ-дан мастану (уыттану) жағдайында шұғыл психотикалық ауытқуы бар тұлғалар;
    - бала.
     
    · Орталыққа алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастану (уыттану) жағдайында түскен балалар заңды өкілдерінің келісімі бойынша тиісті емдеу мекемесіне жолданады.
     
    Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына пациенттерді жатқызу және шығару реттілігі
    · Орталыққа қабылдау алдында медицина қызметкері оның құжаттары мен жеке заттарын ереженің 2 қосымшасында бектілген журналға тіркейді.
    · Орталыққа жатқызылған пациенттердің киім-кешегі жеке сақталып, реттеледі.
    · Пациент міндетті түрде санитарлық-гигиеналық тазаланудан өтеді.
    · Әрбір пациентке стационарлық науқастың медициналық картасы арналады.
    Наркологпен берілген қорытындысы оған қосымша тіркеледі.
    · Медицина қызметкері пациенттің өзіне қол жұмсау, өзін жарақаттау және басқа да бақытсыз оқиғалар мен айналасындағыларға зақым келтірудің алдын алуы тиіс.
    · Орталықта әйел-пациенттер еркек-пациенттерден бөлек орналастырылады.
    · Пациенттің шығаруды оның жай-күйінің жақсаруы бойынша түскеннен бері санағанда бір тәулік көлемінде нарколог-дәрігер жүзеге асырады.
    · Пациенттің соматикалық және (немесе) психикалық жай-күйі нашарлағанда оны басқа мамандандырылған медициналық ұйымдарға ауыстыруды жедел медициналық көмек бригадасы жүзеге асырады.
     
    «Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ережені бекіту туралы»
    2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2010 жылғы шілдеде № 6 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
    5-тарауда: Мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын: «335-1. Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары былай белгіленеді: нарколог-дәрігерлердің тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посты - уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының 20 төсекке. Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы меңгерушісінің лауазымы әр орталыққа белгіленеді» делінген.
     
    Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы туралы
    · Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы алкогольден және (немесе) басқа психобелсенді заттардан мастану (уыттану) жай-күйінде болған тұлғаларға денсаулық сақтау аумағындағы өкілетті орган бекіткен наркологиялық көмекті көрсету стандарттарына сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсететін наркологиялық ұйымның құрылымдық бөлімі болып табылады.
    · Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы ішкі істер органы қызметкерлері мен азаматтар жеткізген тұлғаларға наркологиялық көмек көрсететін тәулік бойына стационар режімінде жұмыс істейді.
    · Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығының медициналық қызметкері мыналарды жүзеге асырады:
    - Алкогольден және басқа ПБЗ-дан мастану (уыттану) деңгейін анықтайды;
    - Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы жағдайында жатқызу немесе одан бас тарту бойынша шешім қабылдайды; - Алкогольден және (немесе) басқа ПБЗ-дан мастанудың (уыттанудың) орта дәрежесіндегі жай-күйдегі тұлғаларға наркологиялық көмек көрсетеді.
    · Наркологиялық көмек азаматтың келісімінсіз «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес көрсетіледі.
     
    Т.Қ.Бектеген,
    «ОНО» МКҚК бас дәрігері
    Просмотров: 1123 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz