Түйдектелген түтін. Ластанған ауа. Тарылған тыныс адамзаттың айықпас дертіне айналды - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Түйдектелген түтін. Ластанған ауа. Тарылған тыныс адамзаттың айықпас дертіне айналды
    18:05
    Түйдектелген түтін. Ластанған ауа. Тарылған тыныс адамзаттың айықпас дертіне айналды
     
     
    Осыдан оншақты жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанға әлемге әйгілі «Филипп Моррис» компаниясы келіп орнықты. Алматы облысының Іле ауданының аумағында, оның бірнеше кәсіпорындары салынып, ол жергілікті бюджетті толтырудағы жаңа инновациялық жоба болып саналды. Кеңес Одағы кезінде темекі комбинаттарын шикізатпен жабдықтап оты­ратын Шелек ауданының темекімен айналы­сатын шаруашылықтары қайтадан ширығып, шаруаларын жолға қоя бастады. Алғашында бәрі де ойдағыдай жүзеге асырылып, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатына дем беретін жаңа бір серпін пайда болды. Алайда, араға бір-екі жыл салып, Іле ауданының орталығы болып есептелетін Өтеген ба­тыр кентінің (бұрынғы Энер­гетик) тұрғындары үшін ауру-сырқаудың жаңа түрі пайда бола бастады.
     
    Өйткені, іргеде орналасқан «Филипп Моррис» комбинатынан шығатын түтін мен жағымсыз иіс желді күндері бірнеше шақырымға дейін шалқып, тұрғындардың мазасын кетірді. Тіпті, жүрек қан тамырлары, басының сақинасы және тыныс жолдары ауруларымен сырқаттанатын жандарға бұл аса қиындық келтірді. Олардың біразы талай жылдардан бері құтты орындарына айналған баспаналарын тастап, темекі тү­тінінен аулаққа көшуге мәжбүр де болды. Кейінірек тұрғындардың және билік орындарының пәр­менімен «Филипп Моррис» ком­паниясының ауа бассейнін ластау көрсеткіштері талданып, оны төмендету жөніндегі шаралар кешені белгіленді. Комбинат бас­шыларының тарапынан тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр дегенімізбен, бүгіндері сол Өтеген батыр кентін бойлай өтетін Алматы – Қапшағай авто­жолымен жүріп өтсеңіз, қол­қаңызды қабатын темекі түтінінен бу­лы­ғатыныңыз анық.
    Қазақстан Республикасының «Темекі тартудың алдын алу және оны шектеу туралы» Заңы қабылданғанына да біршама уа­қыт болды. Бұл заң темекі өнім­дерін қолдану мен сату, өндіру үдерісі кезінде пайда болатын барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге, сондай-ақ адам ден­саулығына өлшеусіз зиян келтіретін темекіні шектеу жөніндегі негізгі шараларды анықтап, бұл бойынша азаматтардың ден­сау­лығын қорғау жөніндегі құқықтарды қорғап, қамтамасыз етуге бағытталған. Заң қабыл­данды. Бірақ өзгеріс шама­лы. Өйткені, онымен кү­рестің ықпалды шарала­ры жүзеге аспай жатыр, пәрменді механизмдер ой­лас­тырылмаған. Ал, оның ар жағында адам құқығына қол сұғушылық жәйттері қылаң беретіні тағы бар. Бірақ, қоғамдық орындарда, оқу ғимараттарында, көшелерде, жұмыс бөлмелерінде тартылған темекі түтіні ауада әлі де сол қалпында қалқып тұр. Бір нәрсе анық, ол – кез келген келеңсіз құбылысты, атап айтқанда арақ-шарап өнімдерін пайдалану, темекі тарту сияқты жайттарды тек заңның күшімен аластауға болмайтындығы. Бұл жерде адамның ішкі мәдениеті мен қалыптасқан сана-сезімі болуы тиіс. Және ол азаматтың өз құқығын жете түсініп, соған бас ию жолындағы міндеттерін орындауға деген құлқы.
    Дүниежүзіндегі атақты темекі компаниялары пайда табу жолында көптеген айла-шарғыларға баруда. Солардың бірі шикізатты көбірек өсіру үшін жер қыртысы­на сіңірілетін тыңайтқыштардың құ­ра­мын сапалық жағынан өз­гер­ту болып отыр. Химиялық құ­рам­дағы азот, фосфат, аппа­тит сияқты радиоактивті тың­айт­қыштар арқылы темекі со­бы­ғы­на, жапырағына жайылып, одан тіке­лей адамдардың ағзасына жол тартады. Жалпы, темекі өн­дірісімен айналысуды реттеу, оның
    зияндылығын барынша азайту
    жолындағы күрес дүниежүзі бо­йынша жүргізіліп келеді. Бірақ, Қазақстанда оның пәрменді де тиімді тетіктері іске қосылмай отырғандығы өкін­діреді.
    Біз тек әкімшілік және күш­теп қолдану шараларын жүзеге асы­руға шеберміз. Бұл темекі тартушылардың санын азайтқан жоқ. Кері­сін­ше, осы күресті желеу етіп, құқық қорғау органдарының қолына тағы бір шоқпар бергендейміз. Айта­лық, қоғамдық орындарда өткен жылы темекі шеккені үшін 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Ал, көлік пен басқа да белгіленбеген орындарда шылым шегіп, әкімшілік жауапкершілікті арқалаған аза­маттардың саны 6 мыңан асады. Бұл Ішкі істер министрлігінің келтірген мәліметтері ғана.
    Шылым шегушілердің, әсі­ре­се, жастардың қаперіне атақ­ты «Марльборо» темекі қо­ра­бындағы келісті де келбетті ков­бой жігіттің нағыз гүлденген жасында темекіден қайтыс бол­ғанын жеткізгіміз келеді.
     
    Дабыр
    НҰРҚАМЫТҰЛЫ

    http://zan.zanmedia.kz/

     


    Просмотров: 1107 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz