Темекінің зардабы - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Темекінің зардабы
    20:22
    Темекінің зардабы

    Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.
    Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады.
     
    Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады.
     
    Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады.
     
    Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді. Никотиннің залалсыздандырылуының көп мөлшері бауырда, сонымен қатар бүйрек пен өкпеде болады.
     
    Никотин және оның өнімдері шылымды шеккеннен кейін несеппен 10-15 сағат бойына бөлінеді. Темекі түтінінің қауіпті қоспасы ысты газ болып есептеледі. Ол, шылым шегушінің жүрек ишемиялық ауруының дамуының ең басты себебі. Ысты газ біртіндеп уақыт өткен сайын адам дене мүшесіндегі оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Ысты газ оттегіне қарағанда 250 есе жеңіл гемоглабинмен байланысқа түсіп, оттегіні гемоглобиннен ығыстырып тастайды. Бұл ауруды гипоксия деп атайды.
     
    Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.
     
    Осы, жуық араға дейін никотин темекінің нөмір бірінші улы заты деп саналып келген болса, қазіргі күні бірінші орында темекінің радиоизотоптарыболатындығы анықталды. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер.
     
    Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады. Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар: Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есе көп зиянды болады. Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды. Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады. Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді. 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.
     
    Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады. Егерде адам 15 жасынан бастап темекі тартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда. 70 жыл бойы адамның 2575 млн. рет жүрегі соғады. Ал, темекі шеккеннен кейін жүректің соғуы жиілейді де жұмыс істеуі жылдамдайды.
     
    Егерде адам күніне 20 сигар тартса оның жүрегі 10 сағат бойына жүрегі жиілеген соғумен жұмыс істейді. Сондықтан, оның жүрегі 70 жылдық 2575 соғуды әрине одан қысқа уақытта соғып бітіреді. Сондықтан да темекі тартқан адамның өмірі қысқа болады. Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.
    Ақпарат көзі: http://www.zhas.kz/kaz/pages/32.html
    Просмотров: 2330 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz