Темекінің түтіні - өкпенің созылмалы кеселдерінің қатерлі факторы - 23 Июля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Шілде » 23 » Темекінің түтіні - өкпенің созылмалы кеселдерінің қатерлі факторы
    13:31
    Темекінің түтіні - өкпенің созылмалы кеселдерінің қатерлі факторы
     
    Шылымқорлықтың, оның ішінде темекі түтінінің адам ағзасына тигізер зияны көпшілікке мәлім. Әсіресе ол созылмалы өкпе кеселіне бастар бірден-бір жол.
    Есте ұстар негізгі деректер:
    · Өкпенің созылмалы обструктивтік кеселі (ӨСОК-ХОБЛ) – бұл адам өміріне қауіп келтіретін, дұрыс тыныс алуға кедергі болатын өкпе ауруы, ол «Шылымқор жөтелінен» де кең ұғым.
    · Бағалау бойынша әлемдегі 210 миллион адам ӨСОК-ден азап тартады.
    · ӨСОК дамуының негізгі себебі темекі түтіні болып табылады (Шылымды шегіп тұтыну немесе екінші реттегі темекі түтінімен еріксіз тыныс алу нәтижесінде).
    · Қазіргі кезде дерт еркектер мен әйелдерді бірдей зақымдайды.
    · Болжам (прогноз) бойынша қауіпті азайтуға, әсіресе темекі түтінінің әсерін сейілтуге бағытталған шаралар қабылданбайтын болса, ӨСОК-нен жалпы қайтыс болу жуық арадағы 10 жылда 30%-тен астам артатын болады.
     
    Шылымқорлық және тыныс алу ағза кеселдері Шылымқорлық зор әлеуметтік жүк иеленетін кеселдердің дамуына жетелейтін озбырлы қауіп факторларының біріне жатады. Қазіргі заманғы қоғам темекі түтінінің адам денсаулығына зиянды қасиетін объективті түрде көрсете алатын дәлелденген ақпаратқа зәру. Ғалымдар Т.Х.Тэтчер, С.Р.Янг (2007), И.Рахман (2006) сигареттің бір сорылуындағы адам тыныс жолдарына өтетін темекі түтінінде 1015 еркін радикалдар (ЕР) мен 4700-ге жуық әр түрлі химиялық қосылыстардың болатындығын анықтады. Темекі түтінінің қатты және газ түріндегі фазалары болады. Оның қатты фазасының ең уытты (токсикалық) заттары никотин, бензпирен, полоний, никель, кадмий, мышьяк, қорғасын. Газ түріндегі фазаның құрамында ысты (угарлы) газы, ацетальдегид, ацетон, метанол, азот тотығы, сутек цианиді болады. Темекі түтінінің құрамына кіретін жеке ұсақ бөліктердің өлшемінің бір микронға жетпейтіндігін атап өткен жөн. Олардың көлемін нанобөлшектер деп сыныптауға болады, бұл олардың альвеолдық-капиллярлық мембранадан еркін өтіп тыныс жолдарына енетінін білдіреді. Адамның өз өмір бойына темекі түтінінің күйретер әсерін бойдан кешіру ауқымын көзге елесетудің өзі де қиын. Альдегидтер мен хинондардың реактивті формалары тотығу стресінің дамуында жетекші рөл атқарады.
     
    Темекі түтіні өкпе тінінің (тканінің) жедел зақымдануын шақырып қана қоймай, сондай-ақ қабыну үрдісінің (процесінің) тікелей себебі де болып табылады; қан тамырларының қуысынан өкпе тіндеріне макрофагтар, нейтрофильдер, дендриттік торшалар мен Т-лимфоциттер көшеді. Жергілікті қабыну ошақтарында қабынуға қарсы медиаторлардың деңгейі артады. Одан басқа темекі түтінінің қос фазасында еркін радикалдар бар. ӨСОК былай дамды: темекі түтіні тыныс жолдары мен өкпені зақымдап, оларда қабыну шақырады. Созылмалы қабыну темекі түтінінің зақымдаушы әсерін ауырлата түседі және тыныс алу жолдарында кілегейдің көп түзілуіне, бронхтардың тарылуына, альвеолдардың (тыныс алу көпіршіктерінің) бұзылуы мен өкпе қан тамырларының жарақаттануына жетелейді. Нәтижесінде өкпедегі газ алмасу зардап тартып, адам тұншыға бастайды. ӨСОК патогенезінде еркін радикалды тотығудың (ЕРТ) рөлі Соңғы жылдардағы зерттеулер еркін радикалды тотығу (ЕРТ) өкпенің көптеген кеселдерінде (демікпе, өкпе қабынуы, бронхиттер, өкпе қатерлі ісігі және басқ.) кілттік рөл атқаратынын көрсетті.
     
    ЕРТ ӨСОК-де ерекше мән иеленеді. Еркін радикалдар мен оттегінің белсенді түрлері негізінен электрондардың оттегіне біртіндеп қосылуы мен липидтердің еркін радикалды сутектік тотығу (ЛСТ) үрдісінде түзіледі. Қазіргі кезде қалыпты жағдайда оттегінің белсенді түрлерінің (ОБТ) (сутек тотығы, гипохлорит, оттегілік радикалдар – супероксид және гидроксил) организмдегі көптеген өмірлік маңызды үрдістерде басты рөл атқаратыны белгілі болды. Олар биоэнергетикалық үрдістерге, гомеостазды ұстап тұруға, экзо- және эндогенді қосылыстардың тотығуы мен уытсыздануына қатысады, микробоцидтік (микроб өлтіруші) қасиеттер иеленеді, иммунитетке ықпал етеді. ОБТ-ның зақымдаушы әсерінен қорғанысты бірінші кезекте арнайы антиоксиданттық ферменттер, супероксиддисмутаза (СОД), каталаза, редокс-жүйе глутатион ферменттері қамтамасыз етеді.
     
    Қалыпты жағдайда оксиданттар-антиоксиданттар жүйесінде тепе-теңдік сақталады. Бұл тепе-теңдіктің бұзылуы оксидативтік стресс деп аталатынның дамуына жетелейді. Кез келген ағза мен тіннің оксидативтік зақымданудан зардап шегуі мүмкін. Алайда өкпе бұл тұрғыда барынша осал болады, өйткені онда еркін радикалдық реакциялардың өту мүмкіндігі жоғары. Басқа ағзалармен салыстырғанда өкпе тотығудың бастамашысы, оттегінің, сондай-ақ лас ауада болатын оксиданттардың (озон, азот пен күкірт диоксидтері және т.б.) әсеріне тікелей ұшырайды. Өкпеге темекі шегу кезінде түзілетін оксиданттар тура әсер етеді. ӨСОК бар пациенттердің 90%-іне жуығы – шылымқорлар. Темекі түтіні оксиданттардың мықты көзі болып табылады. Темекі түтінінің газдық ішке тартылатын (ингаляцияланатын) құрамдас бөлігі түтінді ішке бір жұтуда 1015 органикалық жоғары реактивті радикалдарды бойында ұстауы мүмкін екендігін жоғарыда айттық. Түтіннің газдық фазасында реактивті диендер мен азот оксидінің жоғары концентрациясы бар. Түтіннің супероксидпен өзара әрекетінде түзілетін азот оксиді мен пероксинитрит ӨСОК-тің дамуында теріс (негативтік) әсер көрсете алады. Темекі шегудің антитрипсиннің туа бітті тапшылығы бар тұлғаларда эмфиземаның дамуын жеделдететіні белгілі болған. Бұл оскиданттардың протеаза ингибиторларына инактивация жасайтындығына байланысты эластазаның белсенділігі артады. Ол эластинді, экстрацеллюлярлық мембрананың және сурфактанттың белоктарын бұзып тыныс алу ағзаларын зақымдайды. Осылайша оксиданттар протеолиз-антипротеолиз дисбаланс (тепе-теңсіздік) қалыптастырады. Оксиданттық стресске тыныс алу жолдарының жұқпалары (инфекциялары) да ықпал етуі мүмкін.
     
    Темекі түтінінің әсерінен пайда болатын ӨСОК-тің клиникалық білінісі әр түрлі сипат иеленеді. Типтік білініс – эмфизематоздық түр. Фенотиптік тұрғыда ол төменгі салмақта, бұлшық ет гипотрофиясында, өкпе тінінің анық білінетін гиперинфляциясында байқалады. Екінші фенотип клиникалық жағдайда жөтелмен, қақырықтың артық өндірілуімен, диффуздық цианоз дамуымен білінеді, сырқаттардың бұл санатында декомпенсирленген өкпелік жүректің белгілері ерте байқалады. Бұл фенотип – бронхиттік деп белгіленеді. Сондай-ақ шылымқор адамның бронхолиті де пайда болады. Темекі түтінінің адам организміне зақымдаушы әсері мехнизмдерін зерттеу бойынша қазіргі заманғы ғылыми деректер ең маңызды үш аумақты бөліп қарастыруға мүмкіндік берді.
     
    Шылымқорлық адам организмі торшаларының биологиялық қартаю (1) үрдісімен байланыстыратын фактор болып табылады. Темекі түтіні оксиданттар-антиоксиданттар жүйесіндегі тепе-теңдікті бұзады және тотығу стресінің (2) қалыптасуына жетелейді. Үшінші темекі түтінінің күрделі химиялық құрамы анық білінетін генотоксикалық (3) қасиеттерді иеленеді, яғни гендік деңгейді уландырады. ӨСОК баяу, 10-15 жыл бойына дамиды. Ерте темекі шеккендер ең өнімді 30-40 жасында ауыр сырқатқа шалдығу қауіпін иеленеді. Кеселдің ұзақ жасырын өтетін белгісі шылымқор жөтелі деп аталатын жөтел. Ентігу біртіндеп артады, кез келген күш жұмсап қимыл жасау – баспалдақпен көтерілу, жеңіл жүгіру – тыныс алуды қиындатады. Кейінірек адам киінгенде, жуынғанда және т.б. тұншыға бастайды.
     
    ӨСОК-ке шалдығып, ақыры дүниеден өткен адамдар қатарында жазушы Максим Горький, актер Олег Ефремов және коммунистердің бас хатшысы Константин Черненко болды. Жүктілік кезінде тәулігіне 10 сигарет шегетін аналардың балаларында ересек жаста ӨСОК даму қауіпі орта есеппен 70% артады. Ата-аналарының темекі шегуінің балаға ерте әсері оларда тыныс жолдарының жетілуіне теріс ықпал етіп және респираторлық белгілердің (симптомдардың) пайда болу қауіпін арттырады. Демек, ӨСОК-дің алдын алудың бір ғана жолы – темекіні түбегейлі тастау және пассивті темекі шегу (темекі түтінін амалсыз жұту) әсерінен қашық болу.
     
    Гүлмира Қуанышқызы БЕРДІМАҒАНБЕТОВА,
    Қызылорда «облыстық наркологиялық орталық» МКҚК нарколог дәрігері
    Просмотров: 3070 | Добавил: наркология | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz