Темекімен «уланған» жастар көбейіп барады - 7 Июня 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:41
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Маусым » 7 » Темекімен «уланған» жастар көбейіп барады
    19:50
    Темекімен «уланған» жастар көбейіп барады



    Таяуда Денсаулық сақтау министрлігіндегі және еліміздің Парламентіндегі бір топ лауазымды тұлға қазақстандықтардың ішінде темекі шегетіндердің жас шамасы жасарып бара жатқанын, мектеп оқушыларының дені темекіге әуестігін және оның қомақты бөлігі тұрақты темекі тартушыға айналғанын, сондықтан да мұндай кеселден құтылудың жалғыз жолы - темекі өндірісіне салынатын салықты 100 пайызға өсіру екендігін айтып, елді елең еткізгендей әңгіме қозғады. Өкінішке қарай, сол әдемі әңгіме «бықсыды да өшті».
     
    Бұл арада мен «темекі өндірісіндегілердің күші басым болды» деуден аулақпын. Өйткені еліміздегі бұл саламен айналысатын жалғыз монополист - «Филип Морис» компаниясы шетелдік. Оның Қазақстан жағынан үлескері бар дегенді естіген жоқпыз. Сондай-ақ темекі егістігімен айналысатын шаруа қожалықтары да біздің экономикада соншалықты маңызды қызмет атқармайды. Ол ол ма, қажет болып жатса, темекі плантациясына бөлінген алқапты басқа дақылдар өсіруге пайдалануға болады.
    Ел арасында темекі шегушілер «осының зиянын білемін ғой, бірақ бір бастаған соң, қою қиын екен» деген әңгіме айтады. Ал қазіргі әлемдік фармацевтика мен медицина темекі мен адам арасына берік тосқауыл қоятындай ештеңені әлі күнге ойлап тапқан жоқ. Психотерапевтер мен көз алдаушы емшісымақтар осы салада таныс тауып, майшелпекке кенеліп жүр. Бірақ одан темекі қойып кеткендер мүлде жоқ деуге болады.
    Темекі - адамзат өркениетінің «санасыз дәуірден» мұраға қалған ең зиянды бір «жәдігері». Оның еш пайдасы жоқтығы, керісінше, зияндылығы әлдеқашан дәлелденген. Бірақ біздің Қазақстанда өткен ғасырдың 60-70-жылдарында темекі шегу ересектердің сәніне айналды да, жаңа ғасырда бұл тұтастай ұлттық дертке ұласты. Демек, онымен күресудің жалғыз тетігі мемлекеттің қолында қалды. Ол - темекі өндірісіне салықты ең кемі екі есе өсіру.
    Кейбіреулер «бұдан мемлекет бюджетіне түсетін кіріс мөлшері азайып кетеді» дегенді желеу етеді. Бұл мүлде ақиқатқа жатпайды.
     
    Ал алкогольді ішімдіктер мәселесіне келсек, иә, ол мемлекет бюджетінің кірісін толықтырып тұрған бір іргелі сала болуымен қатар, егер бұл салаға салықты өсіріп жіберсек, онда осы нысанда жасырын кәсіпкерлікке жол берілуі ақиқат. Яғни «таяқтың бір ұшын бассаң, екінші ұшы өзіңе тиеді» дегеннің кебі. Мұндайда бәрін есептеп алып, ең дұрыс деген шешімді ғана қабылдау керек. Ал темекіге келетін болсақ, оның «жасанды түрін» шығару мүмкін емес. Әрі-берідесін, жалған кәсіпкерлікпен айналысушы адамдар да ақымақтыққа бармайды. Өйткені бұл саланың табысы араққа қарағанда тиын-тебен болғандықтан жарытпайды, «қолға түсе қалсаң», мемлекетке төлейтін айыппұлды да жаба алмайды.
    Қорыта айтқанда, Парламенттегі депутат мырзалар осы уақытқа дейін де ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін небір жақсы заңдардың өмірге келуіне мұрындық болып еді. Бұл жолы да әп-әдемі бастаманы аяқсыз қалдырмас деп ойлаймыз. Ђйткені дәл осылай кете берсек, тұтастай ұлтты өкпесі қарайған, мүгедекке айналдыратын кезіміз иек астында тұрғандай. Болашақ қазақстандықтардың ауқымды бір блогі күйінде немесе ана жатырында никотинмен зақымданып жатыр. Яғни бұл жолғы күресте депутаттар «ұлт тағдыры үшін» деген ең маңызды сөзді айтып шыға алады.

    Таңшолпан БЕКБОЛАТ
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 1147 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz