ТЕМЕКІ МЕН ЕСІРТКІ - 23 Июля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Шілде » 23 » ТЕМЕКІ МЕН ЕСІРТКІ
    13:16
    ТЕМЕКІ МЕН ЕСІРТКІ
     
    Темекі шегу әлде денсаулық?
     
    Темекішегушілік 90% өкпе қатерлі ісігінің, 70% бронхдемікпесі ауруларының, 25% жүрек қан-тамыр дерттерінің себебі болып табылады. Есірткілерді, алкогольді тұтыну, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, ЖҚТБ, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатынын барлық өлім санынан, темекі шегуден болатын өлім саны анағұрлым артық.
     
    Егер сіз темекі шегуді тастасаңыз.
     
    20 минуттан соң қан қысымы мен тамыр соғуы қалыпқа түседі;
    8 сағаттан соң қандағы никотин және тұншықтырғыш газ деңгейі жартылай төмендейді, оттегі деңгейі қалпына келеді;
    24 сағаттан соң тұншықтырғыш газ ағзадан толығымен шығарылады;
    Жедел миокард инфарктісінің қауіп-қатері едәуір төмендейді;
    48 сағаттан кейін ағзада никотин қалмайды;
    48 сағаттан кейін иіс сезу қабілеті жақсарады;
    72 сағаттан кейін адамның көңіл-күйі жақсарады; 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады;
    3-9 айдан кейін өкпенің қызметтік қоры 30% өседі;
    1 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп қатері 50% төмендейді;
    5 жылдан кейін өкпе, ауыз қуысының, көмей және өңеш қатерлі ісігімен ауыру, 10 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп-қатері ешқашан темекі шекпеген адам қауіп-қатерімен теңеседі;
    15 жылдан кейін өкпе қатерлі ісігінің қауіп-қатері ешқашан темекі шекпеген адам қауіп-қатерімен теңеседі. Шылым шегуден бас тартыңыз.
    Денсаулықты таңдаңыз!
     
    Ішімдіктің алдын алу
     
    1. Достарыңызды таңдай біліңіз және ішімдікке жақын жүретіндерден аулақ болыңыз;
    2. Сізді ішімдікке итермелейтін адамға қарсы тұра біліңіз;
    3. Тек ішу мақсатында өтетін кештерден сақтаныңыз;
    4. Өзіңізді қызықтыратын шаруамен айналысыңыз;
    5. Міндетті түрде дене шынықтырумен, спортпен шұғылданыңыз және салауатты өмір салтын қолданыңыз.
     
    Есірткінің адам ағзасына зияны
    1. Есірткі өлтіреді
    2. Есірткі тәуелділікке апарады
    3. Есірткі ақыл ойдың және дене бітімінің бұзылуына апарып соғады
    4. Есірткі әлеуметтік енжарлыққа апарады
    5. Есірткі зорлық – зомбылыққа және қылмыстың басқа түрлеріне итермелейді
    6. Есірткі балалар мен жастарға зиянды
    7. Есірткі нашақордың қасындағы адамдарға теріс әсер етеді
    8. Есірткі өндірісте және көлікте айтарлықтай қауіп төндіреді
    9. Есірткі адамды құлға айналдырады, оны бастырады және қорлайды
    10. Есірткі қайтар жолыңды, яғни өзіңді - өзің табу өте қиын · Есірткі қолданған адамның өмір жасының ұзақтығы 5 – 10 жыл
     
    · Есірткі табу жолында жасөспірім ұлдардың 90 пайызы қылмысқа, қыздардың 70 пайызы жезөкшелік жолға түседі
    · Есірткі созылмалы әрі өз бетімен емделмейтін ауру
    · Нашақорлар жұқпалы індет таратушылар
    · АҚТҚ (ВИЧ) індетін жұқтыратындардың 80 пайызы нашақорлар
    · Иммунитеттің төмендеуі, психиканың бұзылуы, жүйкенің тозуы
    · Ми құрамындағы қалпына келмейтін өзгерулер салдарынан адамның азғындауы
    · Генетикалық кодтың өзгеруі
    · Дозаны үнемі көбейтіп отыру себебінен шамадан тыс есірткі қабылдап қайтыс болу қауіпі
    · Нашақорлардың 90 пайызы есірткіге басқа біреудің ықпалымен, не әуесқойлықпен барады.
     
    Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
    Просмотров: 1646 | Добавил: наркология | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz