Тұншықтым, апа!..» - 17 Апреля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Сәуір 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Сәуір » 17 » Тұншықтым, апа!..»
    06:57
    Тұншықтым, апа!..»
     
    ...Жарық дүние есігін ашқан нәрестелер дәл осындай назды айта, өмірге кеп жатыр ма екен, кім білсін? Әйтеуір шылымқор ана-әйелдер қатары жыл санап көбейіп барады. Осыдан санаулы жыл ғана бұрын темекі - тек ерлердің ермегі секілді еді, енді танауынан түтін будақтатқандардың көбі - қыздар ма деп қаласыз...
    Кеше Алматыда осы орайда «Қа­зақ­стандағы әйелдер арасындағы теме­кі­шегушіліктің өсуі: ахуалы мен салдары» тақырыбында жиын өтіп, Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы­ның директоры Сәуле Диқанбаева әйел­дер арасындағы темекіге әуестіктің ти­гізетін зияндары жайлы кеңінен тоқ­талды. Десе де, алдымен оқырманға бүгінгі ахуалды таныстыра кетпек үшін статистикалық мәліметтерді келтіре ке­тейік. Орталықтың зерттеу мәлімет­те­рінше, 12 жастан асқан қыз-келін­шек­тердің шамамен 9,8 пайызы шылым ше­геді екен. 2001 жылы бұл көрсеткіш 7,5 пайыз болғанын ескерсек, темекіге құмартушылар саны азаюдың орнына, артып бара жатқанына еркін көз жеткізуге болады. Ал олардың ішінде темекішегушіліктің жоғары дәрежесі - 18-19 жаста (20 %) және 20-29 жаста (17,2%) байқалады екен. Ал бұл әйелдердің бала тууға ең қабілетті жасы боп табылады.
    Сонымен, Диқанбаеваның ай­туын­ша, темекінің зияны ерлерден гөрі, әйелдерге бірнеше есе зиянды болып келеді екен.
    - Мәселен, шылымқор әйелдер ер­лерге қарағанда, өкпе ауруына 5 есе жиі шалдығады. Сондай-ақ олар гормоналды контрацептивтерді қолданатын болса, миокард инфарктінің даму қаупі бірден 20 есеге артып салады. Темекі ананың өз денсаулығына ғана қауіпті емес, болашақ баласына да үлкен ауыртпалық әкеледі. Өйткені ұзақ уақыт бойы темекі тартқан әйелдер бала туу қабілетінен айырылады болмаса, олардың балалары іштен өлі туылу қаупі өте зор. Бұған статистика да куә, мұндай әйелдердің жартысына жуығында балалар ана жатырында-ақ қайтыс болған, - дейді С. Диқанбаева.
    Әлбетте дәл осылай жалғаса беретін болса, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу мүм­кіндігінің үлесі азаюдың орнына арта бер­мек. Мамандардың пікірінше, әйел­дер­ді шылымға әуестендіруде темекі ком­панияларының жарнама маркетингі үлкен рөл атқарып отырған көрінеді. Өйткені соңғы жылдары Қазақстандағы компаниялар қыз-келіншектерге ар­нал­ған хош иісті темекілердің түр-түрін шы­ғарып, оларды кеңінен жарнамалауға көшкен. Басқаша айтқанда, темекі әйел­дер үшін «имидждің» жаңа түріне ай­налып үлгерді.
    - Біздің Қазақстанды темекі түтінінен ада мемлекетке айналдырудағы бар жұ­мы­сымызға, осылайша темекі компа­ния­лары тұсау болып отыр. Мемлекет тарапынан айтылатын негізгі желеу - те­мекінің экономиканың басты қозғаушы күштерінің бірі екендігі. Бірақ мысалға Бразилияны алып қарайық. Ол - темекі өндіру бойынша әлемнің жетекші ел­дерінің бірі. Экономикасы да осы шы­лым есебінен көтерілген. Бірақ олар те­ме­кіні, негізінен, экспортқа ғана шы­ғарады. Ал өз ішінде темекі шегуге қар­сы күрес өте жақсы жолға қойылған. Ал біз тұтынушы мемлекет ретінде өз-өзімізді, қоршаған ортаны улаумен ғана келеміз, - деп ашынды С. Диқанбаева.
    Оның пікіріне ой қосқан респуб­ли­калық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орта­лығының әлеуметтік және сот пси­хиатриясы бөлімінің меңгерушісі Ләззат Базарбаева АҚШ-ты мысалға алды. Америкада әр жылы, 31-мамыр - Дүние­жүзілік темекісіз күнінде шылым тартып, соның әсерінен аяғын кестірген не қолын берген, басқалай да денсаулығына зиян келген науқастар өз дәрігерлерімен бірге бейбіт шеруге шығатын дәстүр бар. Олар өздері арқылы темекінің зиянын өзгелерге танытады, олардың сабақ алуына себепші болады.
    Осындай деректерді сөз ете келе әйел, ана, қыз-келіншектерімізге біздің де айтар бір ғана наз бар: «Тұншықтым, апа!..» Ақпарат көзі

    Нұрболат Аманжол
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 664 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz