Шылым шегу харам ба? - 2 Августа 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Тамыз » 2 » Шылым шегу харам ба?
    16:19
    Шылым шегу харам ба?

    Жақында Денсаулық сақтау минис­тр­лігі бұдан былай барлық қо­­ғамдық орындарда шылым ше­гуге тиым салынған болатын. Ал заңды бұзып, шылым шеккен­дер 1300-8000 теңге аралығында­ айып­пұл төлейді. Осы орайда біз де шылымның денсаулыққа тигізер зияны туралы айтуды жөн көр­дік.
    Темекінің зардабы көп Темекі тарту пайғамбарымыздың, са­ха­ба­лардың, одан кейін келген төрт мәз­­һаб имам­дарының кезінде әдет бол­маған. Сондықтан темекі тартудың ад­ал немесе арамдығына байланысты ха­дис­терден, не төрт мәзһаб имам­да­рының пә­туаларынан нақты дәлел табу қиын.
    Ал темекі алғаш рет XVІ ғасырда пайда бола бастағаннан бері оның ад­ал не арамдығына байланысты ислам ғұ­ламаларының түрлі пікір білдір­генін байқаймыз. Кейбір ғұламалар темекіні нақ­ты харам ететін Құран мен хадистен­ айқын дәлелдің жоқтығын жә­не сол ға­сыр­ларда оның адам ағзасына зи­ян­ды­лығы анық дәлелден­бе­гендігін алға тар­тып «мәкрүһ» (шексе, күнәһар болмайды) деп үкім шығарса, енді біреу­ле­рі Құрандағы кейбір аяттарға сүйене­ отырып «харам» (шек­се, күнәһар болады) деп кесіп айтқан.
     
    Бүгінде ислам ғұламалары мен бір­қа­тар­ ислами ұйымдар оның анық харам екен­дігін айтып, төмендегі пәтуаларды шығарды:­ Бірінші, Құранда: «(Мұхаммед пайғам­бар) Оларға пайдалы пәк нәр­се­лер­­ді адал етіп, зиянды нәрселерді ха­­рам ете­ді...», «Өздеріңді өз қолдарыңмен қатерге итермеңдер!», «Өз­де­­ріңді өздерің өл­тір­меңдер!» (Ағраф сүресі, 157-аят, Бақара сүресі, 195-аят, Ниса сүресі, 29-аят), – делінген. Демек,­ Мұхаммед пайғамбар әкелген дінде адамға зиянды барлық нәрсе – ха­рам. Шылым шегіп денсаулығына зиян тигіз­ген­ кісі өз қолымен өзін қа­терге итер­­ме­­лейді, әрі өз-өзін ұзақ мерзімде «ба­яу өлтіруіне» жатады.
     
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан халқы­ның 27 пайызы (4 миллион адам) темекі ше­геді. Сорақысы сол, елімізде жы­лына – 25 мың, күн сайын 70 пенде­ темекінің кесі­рінен туындаған дерттерден көз жұматын кө­рінеді. Езуіне шылым қыстырған кісілердің тең жартысы­ның ғұмыры 15 жылға кемиді екен. Шылым алдымен, қан тамырларына­ әсе­рін тигізеді, қан тамырларының жұ­мы­­сын нашарлатып, оларды жіңіш­кер­тіп, қан қысымын көтеріп, жүрек талма­сы­на же­телейді. Ал темекі құрамында 4000 мөл­шер­де химия­лық зат барлығы ан­ық­­талған. Тек бір тал темекі шеккен адам­ның ағзасында нико­тиннің зардабынан бүйрек үс­тін­дегі бездерден «арденамен» және «норад­ре­намен» деп аталатын гармондардың жұ­мы­сы бұзылады.
     
    Сондай-ақ ол ең алдымен асқа деген тәбетті қайтарады. Ас қорытуды қиындата­ды. Тіс­ті сарғайтып, ауызды сасытады. Ас­қ­а­­занда жара пайда бо­лады. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады. Жөтел және қақырық пайда болады. Созылмалы тыныс жолдары­ қа­бы­нуына әкеліп соқтырады. Тамырды­ қа­тай­тады. Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол, аяқ ке­сіліп, кемтарлыққа дейін апарады. Ми қызметін рет­тей­тін тамырларды да қа­тай­тып, салдану­ға себепші болады. Жү­рек ауруларына, әсі­ре­се жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қо­лайлылық туғызады. Есте сақтау қабі­летін азайтады. Көңілсіздікке душар етеді. Ұй­­қыны азайтады. Теріге әжім түсіреді. Тіпті ер мен әйелдің жақындасуы­на ең­жар­­­­лықтың басты себебінің бірі – те­­ме­кі шегу.
     
    Ысырапшылдық – шайтанның ісі Екінші, Құранда: «...Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырып етпеңдер!», «Ысы­­рап ет­пе, сөзсіз ысырап ету­ші­­лер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса Раббысына тым күпір­лік­ етуші» (Әл-Имран сүресі, 57-140-аяттар), – деп ысырап етудің күнә екен­дігін, тіпті, кісіні шайтанға бауыр ететін Жа­ратушыға жағымсыз іс екенін біл­ді­реді. Ысырап дегенде тек ақшаны ой­ла­мауымыз керек. Пайғамбар өз хади­сін­­де: «Адамдардың көбі Алланың өз­де­рі­не берген екі үлкен нығметінің қаді­рін білмейді. Олар денсаулық пен бос уа­қыт», – делінеді. Үшінші, Пайғамбар тағы бір хади­сін­де:­ «Пияз, не сарымсақ жеген кісі біз­ден аулақ жүрсін немесе намаз оқи­тын­ же­рі­міз­ге жақындамасын, үйінде отыр­сын!» – деген.
     
    Неліктен? Себебі көп­шілік жинала­тын жерге жағымсыз иіс­пен бару – Ислам­ этикасына қайшы. Бұл – құлшылығын ал­аңсыз жасағысы келетін жандардың маза­сын қашырып, же­ке құқығына қол сұғу, әрі темекінің жа­ғымсыз иісін тұла бойына сің­гізген кі­сінің ме­шітке барып құлшылықтағы жамағаттың құтын қашыру, өзгеге жа­салған зұлымдық. Өйткені, кез келген шы­лым шекпейтін кісі темекінің иісін мүл­де­ жақтырмайды, тіпті кейбір жандардың басы айналады.
     
    Құранда: «Сөз­сіз Алла-тағала зұ­лым­­дық жасағандарды жақсы көр­мей­ді» (Шура сүресі 40-аят), – деп өзгеге зияны тиген­ адамдардың Жаратқан­ның махабатынан алшақтайтынын ескерт­кен. Шылым шегетін­дер­дің айналасында­ғы бала-ша­ғасы, басқа да адамдар, темекі тартатындарға қарағанда анағұрлым көбі­рек­ жапа шеге­тіндігі анықталып отыр. Сон­дай­-ақ, шылым шегетін әйелдерден туыл­ған сәбилер көп жағдайда ау­ру­шаң боп дүниеге келеді. Ата-анасының жауапсыз­дығы нәтижесінде дү­ниеге келген ау­рушаң­ балалар ертең ақы­­рет күні әкесі мен анасының жағасына жа­бысып, қи­ын сұрақтың­ астына алары­ сөзсіз.
     
    Төртінші, Исламда: «Бір іске себепкер болған кісі сол істі істегенмен бірдей күнә, не сауап алады» деген негізді қа­­ғида бар. Әкесінің, не жақын адамы­ның, тіпті, бейтаныс үлкен кісінің шылым­ шеккенін көрген бала санасында ол іс өзі­нің жиіркеніштілігін жоғалтады. Будақ­тап шыққан темекінің көк түтініне кіш­кен­­тайынан көзі үйреніп, жан дүниесіне жақын қабылдаған жас жет­кіншек те­ме­­кі тартуға әрдайым құмарланып тұ­ра­­ды. Тіпті шылым шегу олар үшін есею­­дің нышанындай боп көрі­неді. Ал кейбіреулер қатты қысылғанда өз­ге­лердің шегіп тастап кеткен қалдығын да қолданып жатады.
     
    Кейбір жандар: «Те­мекі тартсаң жүйкеңді жұбатып,­ ашуыңды тарқа­тады» дейтінді желеу етіп, өздерін ал­даған болады. Алайда, Хақ пайғамбары­ ашулан­ған­да шылым ше­гуді емес, дәрет ал­ып, намаз оқуды бұйырғанын ұмытпа­йық. «Қиямет күні әрбір құл ғұмырын қай­да­­­ өткізгенінен, алған білімімен қан­­дай­­ амал жасағанынан, мал-мүл­кін­ қа­лай та­­уып, қайда жұмсағанынан және дене мүшесін қайда құрт­қан­дығынан сұралып, есеп берме­йін­­ше орнынан бір қа­дам­ алға жылжымақ емес», – деген пай­­ғамбардың тағылымы мол хадисін әркез жадымызда ұстағанымыз абзал.
     
    Ә. КЕМЕЛБЕК.
    http://www.zamana.kz/
    Просмотров: 1055 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz