Шипалы шұбат қазақтың брендiне айнала ма? - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Шипалы шұбат қазақтың брендiне айнала ма?
    17:59
    Шипалы шұбат қазақтың брендiне айнала ма?
     
     
    Оңтүстiкте түйенiң сүтiн «қымыран» деп те атайды. Жалпы, оның адам ағзасына өте пайдалы, сiңiмдi әрi денсаулыққа тиiмдi екенiн ауыз-екi ғана бiлемiз. Түрлi аурулардың алдын алудың және оны емдеудiң жолын iздеп жүрген ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жануардың шипалы сусыны мыңнан бiр дертке дауа көрiнедi. Қасиеттi шұбаттың құнары емге таптырмайды. Қазақ халқы дәстүрлi сусын ретiнде пайдаланатын қымыранның қасиеттерi мол сияқты. Бұл жайында мамандар не дер екен?
    — Түйе сүтiнiң қышқылтым дәмi бар. Бiртектi қоймалжың сұйықтық араластырғанда қатты көпiршiп, өзiне тән дәмiмен айрықшалана түседi, — дейдi ауыл шаруашылығы ғылымда-рының докторы Дастанбек Баймұханов. — Түйе сүтiнiң химиялық құрамы мынадай: 86,5 пайызы судан, 14,5 пайызы құрғақ заттан тұрады. Оның iшiнде сүттiң майлылығы — 5,0, белок — 3,6, казеин — 2,8, альбумин — 0,6, глобулин — 0,2, минералды заттар — 0,9 пайыз. Әсiресе, қос өркештi қазақ түйелерiнiң сүтi емдiк қасиетiмен құнды сана-лады. Аруаналардың сүтiнде майлылық 4,9 пайыздан 6 пайызға жетедi, ал, белок 3,9 пайыздан кем емес. Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құна-рын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
    Шұбатты дайындау барысында микрофлор ашытқысының көме-гiмен түйе сүтiнде күрделi биохимиялық өзгерiстер жүредi: сүт қанты ыдырап, сүт қышқылының, спирттiң және көмiрқышқылы-ның жаңа заттары түзiледi. Адам ағ-засындағы В1, В6, В12 дәрумендерiнiң құрамын екi есеге дейiн көбейтедi. Бiр литр шұбат ересек адамның В1, В12 және С витаминдерiне деген тәулiктiк қажетiн қанағаттандыра алады екен. Дәстүрлi сусын сонымен қатар, iшек, бауырды тазалап, өт жолдарының жұмысын жақсартады. Қышқыл бөлудi тездетiп, асты жылдам қорытуға септiгiн тигiзедi. Айран мен сүтке қарағанда тиiмдiлiгi анағұрлым жоғары болады екен. Сондықтан, шұбат емдiк қасиетi үшiн жиi қолданылып жүр. Қымыз және сиыр сүтiнен жасалатын өнiмдерге қарағанда, шұбаттың құнарлы заттары көп. Мәселен, бiр литр түйе сүтiнде 911 ккал болса, бие сүтiнiкi — 528, сиырдiкi 660 ккалорияны құрайды.
    Ғалымдар шұбатты ұзақ уақытқа төзiмдi етiп әзiрлеу технологиясын /kz №20925 инновациялық патент/ әзiрледi. Академик Асылбек Баймұха-новтың басқаруымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дастанбек Баймұханов, ғылым кандидаты Мүсәтiллә Тоқанов және Болат Тоқанов құрамына енген ғалымдар тобы түйе сүтiнен балқаймақ және шалап айыруды жүзеге асырды. Дайындалған балқаймақта майлылық 15 пайызға дейiн жеткен. Ал, спирт 1 пайыз мөлшерiнде. Жоғарыда әзiр-ленген шұбат өнiмдерi балаларды тамақтандыруға өте қолайлы әрi өт жолдарына бiрден-бiр ем. Барлық жастағы адамдар денесiне жара шыққанда оны ем үшiн iшсе болады. Ұмытшақтық, сусамыр ауруына шалдыққандар да пайдалана алмақ. Бiр сөзбен айтқанда, түйенiң сүтiнен дайындалатын сусынның шипалық қасиетi өте мол. Мүсәтолла Тоқановтың ғылыми еңбектерiне жүгiнсек, түйе сүтiнен әзiрленген шұбаттың табиғи иммундық қасиетi өте жоғары. Сондықтан, оны тыныс алу, ас қорыту, гастрит, бауыр аурулары, өт жолдары, тоқ және тiк iшек ауруларына сусамыр және басқа түрлi жараларды емдеуге қолдануға әбден болады. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигi, Денсаулық сақтау ми-нистрлiгiне қарасты та-ғамтану ака-демиясының директоры Тө-регелді Шар-мановтың мә-лiметi бойын-ша шұбатпен туберкулез, бауыр ауру-ларын, холе-циститтi, өт жолдарының бiтелiп қалуын емдеуге болады. Осыған орай, шұбатты әлемдiк нарыққа шығару үшiн ғалымдар өнiмдi кептiру, құрғақ сүт ұнтағы және таблетка түрiн жасау технологиясымен де айналысты.
    Шұбатты негiзiнен 14 күнге дейiн сақтауға болады екен. Ал, оны экспортқа шығару үшiн мiндеттi түрде шұбатты кептiру технологиясын қолданған жөн. Оның инновациялық патентi — kz №209262, ал, шұбаттың құрғақ ұнтағы үш жылға дейiн жарамды болып есептеледi. Сонымен қатар, шұбаттың таблетка түрiндегi тәжiрибелiк үлгiсi де тұңғыш рет Шымкентте шыға-рылды. Оның 1 таблеткасында 1,24 грамм шұбат бар. Мұндай өнiм ағзаның жұмыс қабiлетiн арттырып, ерлердiң әлеуетiн көтередi, әйелдердiң климакс кезiндегi жағымсыз әрекетiн тежейдi. Ал, балалардың белсендi iс-қимылын арттырып, денсаулығын бiршама нығайта алады. Шұбаттың бiр таблеткасы бұл табиғи "биологиялық белсендi қоспа" секiлдi. Әсiресе, оның емдiк қасиетi жоғары. Мүсәтiллә Тоқанов iшiмдiктен емдеу және бас жазудан айықтыру жөнiндегi тәжiрибенiң де нәтижелi болғанын айтады. Ер азаматтардың күш-қуатын арттыру үшiн мұндай таб-летканың бiр-екеуiн пайдаланса жетiп жатыр.
    Шұбат таблеткасын шы-ғаруды "Химфарм-Santo" биылғы шiлдеден баста-мақ. Аталмыш кәсiпорын Қазақстанның iшкi рыно-гындағы алып кәсiпорын саналады. Мұндай жоба осылайша Рустам Бай-ғариннiң басқаруындағы мекеменiң көмегiмен жүзе-ге асып, дәрiлiк таблет-калар өмiрге жолдама алады. Ғалымдар алдағы уақытта да "Химфарм-Santo" кәсiпорнымен тығыз байланыста жұмыс iстемек.
    Жағымды жаңалықтың өмiрге жолдама алуына әрине, қаржылай көмек қажет. Онсыз отандық өндiрiс өрге тартпасы анық. Шипалы шұбат өндiрiсiне Жапонияның, Еуроодақтың, АҚШ және Австралияның тауар өндiрушiлерi қазiрден бастап қызығушылық танытып жатыр. Қазақтың емдiк қасиетi мол сусыны мемлекеттiк брендiге айналатын өнiм болуы да ғажап емес.
    Мысалы, халықаралық биржа-да 1 тонна шұбат 12 мың доллар тұрады.
    Шымкенттiк ғалымдар құрғақ шұбат әзiрлеу әдiсiн ғарышкер-лерге тамақ өнiмдерiн дайындау жөнiндегi Таллин қаласындағы жабық өндiрiсте болғанда үйренгенiн атап өткенiмiз жөн. Ғарыш стансаларындағыларға тамақ дайындауда әдеттегi кулинарлық технологиямен жүзеге асады. Ғалымдардың айтуынша, одан кейiн тамақты мұздатып, бар сұйығын сығып алады. Қорабында оны пайдаланар алдында қандай мөлшерде су құю қажеттiгi жөнiнде арнайы нұсқамасы да бар. Балық жағалауынан кел-геннен кейiн бiрнеше жыл бойы табан аудармай, осы техноло-гияны жасауға кiрiскен шымкенттiк ғалымдар алынған құрғақ шұбаттың ұнтағын ҚР Ұлттық академиясының тағам-тану академиясына жiбередi. Нәтижесi көңiл қуантады. Құрғақ шұбат өзiнiң қасиеттерiн сол күйi жоғалтпай сақтап қалған.
    Ал, шұбатты таблетка түрiнде әзiрлеу технологиясы көп шы-ғынды қажет ететiнi анықталды. Оған көлемдi инвестиция керек. Мүсәтолла Тоқанов Бүкiләлемдiк Даму банкiсiнен 9 млн. теңге мөлшерде грант ұтып алған едi. Ал, Ауыл шаруашылығы ми-нистрлiгi 4 млн. теңгедей қаржы бөлдi. Бұл қаражаттардың барлығы тәжiрибе жасайтын цех ұйымдастыруға жұмсалмақ. Гранттың шарттарына сәйкес, ғалымдар үш жыл бойы өздерiнiң ғылыми жетiстiктерiнiң нәтиже-сiн, яғни, таблеткадағы шұбатты шетелге жiберiп отыруға мiндеттi. Дүние жүзiн таңқал-дыратын жаңалықты ашу үшiн толыққанды жұмыс iстеу мақсатында ғалымдар тағы да 2 миллиондай доллар қаржының қажеттiгiн алға тартады. Сонда ғана Шымкентте әлемге әйгiлi "құрғақ" шұбат шығарылатын болады.
    Серiкқали ЖЕКСЕНБАЕВ,
    Оңтүстік Қазақстан облысы
     
    Просмотров: 2630 | Добавил: наркология | Теги: шұбат | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz