Полиция қызметкері есірткімен ұсталды - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Полиция қызметкері есірткімен ұсталды
    18:27
    Полиция қызметкері есірткімен ұсталды
     
    Әңгіменің ақиқатын айту керек бұл күндері көптеген адамдардың полиция қызметкерлеріне деген сенімі азайып кетті. Неге десеңіз тәртіп сақшыларынан қысым, қиянат көріп, құзырлы мекемелерді жағалап, табандарынан тозып жүрген қарапайым азаматтарды айтпағанда, кейбір полиция қызметкерлерінің есірткі саудасына тосқауыл қоюдың орнына өздері бас көз болып тарататындығына да таң қалуды қойдық.
    Санжар Макеев Батыс көліктегі ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күресетін бөліміне қызметке орналасқан жедел уә­кіл. Оның негізгі міндеті – Ақтөбе қаласының темір жол және әуе бекеттерінде есірткі заттарын сату, қолдану, тарату жайттарының алдын алуға болатын. Алайда, полиция қызметкері есірткі сатушыларды қолға түсірудің орнына саудаға өзі араласып кеткен.
    Іс материалдарын зерделесек, үстіміздегі жылғы сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақтөбелік департаментіне Виктор Колин есімді азамат есірткі заттары, соның ішінде, аса ауыр болып саналатын героинды ұсынып жүрген полиция қызметкері Ма­кеевқа қа­тысты шара қолдануды сұрап, арыз түсіреді. Колиннің өзін де судан таза, сүттен ақ күнәсіз періште деуге болмас. Ол да осы кезге дейін бірнеше рет темір тордың арғы жағында болып қайтқан нашақор ретінде наркологиялық диспансерде тізімде тұр.
     
    Одан әрі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері есірткі сатып, есіріп жүрген полиция қызметкеріне қатысты жедел іздестіру шараларын бастап кетеді. Героинды сатып алу үшін тағайындалған кезекті кездесуге "куәгер” Виктор Колин мойнына микрофоны мен камерасын асып, қолына арнайы сұйықтықпен өңделген 3 000 теңгені алып бара қояды.
     
    Темір жол бекеті маңайында ақшадан өзге дүниені ұмытқан полиция қызметкері қалтасынан есірт­кі салынған қорапшаны беріп, 3 000 теңгені шытырлатып санап алып жатқан жерінде қолға түсіріліп, алынған героин туралы хаттама түзіледі. Сонымен, сырт көзге есірткімен күресіп жүргендей әсер қалдырып, елді алдаған С.Макеевтің үстінен Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-бөлігі, "б,г” тармақтарымен қылмыстық іс қозғалып, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған не деуге болады?
     
    Халқымыз айт­қандай, «ет сасыса тұз себерміз, ал тұз сасыса не себеміз?»

    Нұрлан КҮНТУОВ,
    Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі

    http://zan.zanmedia.kz/  

     


    Просмотров: 708 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz