Полицейлер есірткі сатып жүр - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Полицейлер есірткі сатып жүр
    18:31
    Полицейлер есірткі сатып жүр
     

    Бұл адам таңғалатын құбылыс болып тұр. Өйткені, полицейлердің арасында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қақпанға түсіп қалғандары анықталып жатыр.
    Мәселен, Алатау аудандық ішкі істер басқармасы криминалды полиция бөлімінің жедел уә­кілі Б.Иса­баев жөнінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторлары Н.Қалиев пен Т.Нұрақын есірткі заттары – героинмен ұсталып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.
    Алматы қаласы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті қызметкерлері еліміздің ішкі істер министрлігінің жедел жүргізушісі А.Баспановты гашиш өткізіп жүрген жерде ұстаған еді. Осы жөнінде қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
    – Есірткімен заңсыз айналысқан адамдар заң бойынша қатаң жа­заларын алады, – деді Алматы қалалық прокуратурасы алдын ала тергеу және анықтама заңдылығын қадағалау басқармасының аға про­куроры, аға әділет кеңесшісі И.Амзаев. Соған қарамастан пай­да іздеген қылмыстық топтар қатары азаятын түрі жоқ. Заңсыз есірткі операциясы үшін 23 шетел азаматы ұсталды және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он­ың ішінде Қырғызстан, Өзбек­стан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары да бар. Алматы қаласында үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығын­­да барлығы 6602 қылмыс тіркелді.
    Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарымен арнайы өз­ара іс-қимыл жүргізу нәтижесінде Қырғызстан азаматы Б.Савич ұс­талып, одан салмағы 2 килограмм 432 грамм «героин» есірткі заты алынды. Алматы қаласы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті де­партаменті қызметкерлерінің жед­ел-іздестіру шараларының ба­рысында Розыбакиев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында Ресей Федерациясының азаматы А.Азизов қолға түсті. Ол басқарып келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықтан табылған сөмкеден жалпы салмағы 13 келі 489 грамм героин салынған 14 полиэтилен пакет шықты.
    Тергеу тәжірибесіне жасалған талдау көрсеткендей, ішкі істер органдарының тергеушілері мен анықтаушылары есірткі заттарын алу тәртібіне қатысты, сондай-ақ күдікті мен жәбірленушінің құқына, оны қорғау құқығына, куәлерді тартуға байланысты, өзге де реттерде іс жүргізу нор­маларының әлі де бұзылуына жол беруде. Бұған бір мысал келтірейік. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу ке­зінде Паладин және Жұмабаев көшелерінің қиылысында азамат И.Перепелицынді болар-болмас есірткі заты – марихуанамен ұс­таған. Сол заматта оның пәтерін қарап мөлшері 45,3 грамм кеп­тіріп қойған марихуананы тап­қан. Бұл өте ірі көлемде емес. Соған қарамастан осы көрсетілген айғақтар бойынша Жетісу аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі М.Сатанов И.Перепелицын жөнінде 2 қыл­мыстық іс қозғайды.
     
    Алайда, Жетісу аудандық прокуратурасы осы қылмыстық істің қозғалу заң­дылығына қадағалау жасаған соң тергеуші қаулысының күшін жойды, одан әрі құрамында қыл­мыс белгілері болмағандықтан іс қысқартылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары болмаса да кінәлі ретінде жауапқа тарту, алынған есірткі заттарының көлемін дұрыс көрсетпеу, қорғану құқын бұзу, тергеудің толық жүргізілмеуі салдарынан прокурорлар 13 қыл­мыстық істі қосымша тергеуге қайтарды.
    Бір айта кететін мәселе, үс­тіміздегі жылы құзырлы органдар контрабандалық жолмен есірткі тасымалына қарсы күресті бұрын-соңды болмаған белсенді дәрежеде жүргізіп отыр. Кеден бақылауы органдары есірткі заттарын тасы­малдаудың 4 контрабандалық ай­ғағын әшкереледі. Қазір оның екеуі жөнінде тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жолданды. Ал, 1 қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлігі 1-тармағы негізінде іс жүргізуді тоқтата тұруға шешім қабылданды. Былайша айтқанда, айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адам анықталмай отыр.

    Итен ҚАРЫМСАҚҰЛЫ.
    Просмотров: 984 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz