Ойынқұмарлық дерті асқынып тұр - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Ойынқұмарлық дерті асқынып тұр
    18:21
    Ойынқұмарлық дерті асқынып тұр
     
    Ішiмдiк пен нашақорлыққа салыну дертіне, енді ойынқұмарлық «ауруы» қосылды. Ойынқұмарлыққа салыну қауiптiлiгi жағынан нашақорлықтан да қатерлі. Айырмасы, нашақорлықпен бүкiл әлем жұмыла күресiп жатса, ойынқұмарлықпен оған абайсызда тап болған жеке адам ғана күреседi. Нашақорлық пен ішімдікке салынудан емделу қандай қиын болса, ойынқұмарлықтан арылу да сондай қиын. Компьютер ойындары, лоторея билеттерi, интер­нетке тәуелдiлiк – ойын­құмарлықтың бiр түрi. Айта кететiнi, қазiргі кезде елiмiзде ойынқұмарлыққа жасөспiрiмдер мен балалар да көптеп үйір болды.
    «Ойын-сауық бизнесi туралы» заң қабылданып, ересек азамат­тар мен балалар арасындағы ойын­құмарлықтың тамырына балта ша­былған сияқты еді. Алайда, осы істі кәсіп еткендердің үйлердiң бұрыш-бұрышынан жасырын ойын автоматтарын заңсыз ашып алғандары анықталып отыр. Ойынқұмарлық дертіне шалдығу оп-оңай. Оған бiрер апта ғана жетеді. Алғашқыда жеңiске жетiп, азғантай ақшаға ие болған ойыншы үнемi жетiстiкке жете беремiн деп ойлайды. Сөй­тiп, қал­тасындағы соңғы тиынынан қағыл­ғанша мол қаржыға кенелетiндей күй кешедi.
     
    Заңға қайшы келе тұра, құмар ойындарын ойнатып қыруар пайда тауып келгендер жоқ емес. Мысалы, Шымкент қаласында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ай сайын салығын төлеп отырған Азиз Рауповтың ӘҚБК-нің 338-1-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқықбұ­зушылықты қасақана жасағаны анықталды. Сот өзінің кінәсін мо­йындаған азаматты ӘҚБК-нің 338-1-бабы 2-бөлігімен айыпты деп тауып, оған үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 388.800 теңге әкімшілік айыппұл салып, 8 дана ойын автоматын тәркілеуге қаулы шығарды.
     
    Сонымен қатар, Ғ.Иляев көшесі, №2 үй, 19 пәтерде 1 дана Famous games және 10 дана қолдан жасалған, барлығы 11 дана ойын автоматын пайдаланып құмар ойындарын ұйымдастырған азаматша Ж.Алиева құрықталды. Заң бұзушы айыбын толық мойындап, өкінетінін, Шымкент қаласы Ғ.Иляев көшесінде орналасқан №2 үйдегі 19 пәтерді жалға алғанын, осы жерге өзіне сақтауға қойып кеткен Д.Байзақовқа тиесілі ойын автоматтарын пайдаланып құ­мар ойын­дарын ұйымдастырғанын көр­­сетіп, енді ондай жағдайдың қай­таланбайтынына уәдесін берді.
     
    Ж.Алиеваның айыбы оның кінәсін сотта толық мойындауымен қатар, іске тіркелген тексеру актісімен, құ­қықбұзушылық туралы іс өндірісін қозғау туралы қаулысымен және техникалық реттеу және метрология комитетінің Оңтүстік Қазақ­стан облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесінің осы іс бойынша алынған заттардың ойын автоматтары екенін көрсеткен қо­рытындысымен толық дәлелденді. Ол, сондай-ақ, ӘҚБК-нің 338-1-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құ­қық­бұзушылықты қасақана жа­саған. Іс материалдарынан Ж.Алие­ваның салық басқармасында дара кә­сіпкер ретінде тіркелмегені бай­қалады. Сондықтан Ж.Алиева жеке тұлға ретінде жауаптылықта болады.
     
    ӘҚБК-нің 50-бабы 2-бө­лігіне сай, тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат тәркілену­ге жатады. Осылардың негізінде ӘҚБК-нің 48, 50-бабы 2-бөлігін, 628-бабы 7-бөлігін, 650-652-баптарын басшы­лыққа алып, сот Жанат Алиеваны ӘҚБК-нің 338-1-бабының 2-бө­лігімен айыпты деп танып, оған жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 129.600 теңге айыппұл салып, 1 дана Famous games және 10 дана қолдан жасалған, барлығы 11 дана ойын автоматын тәркіледі.
    Еліміздің болашағын ойлау – баршаның парызы. Құмар ойын­ның түп-тамырына балта шауып, жойып жіберуге әлемде бiрде-бiр мемлекеттiң шамасы жетпей отыр. Сондықтан аз халқымыздың болашағы бұлыңғыр болмасын десек, оның алдын алған дұрыс. Баланың демалысын тиiмдi үйлестiру де – ата-ананың борышы.

    М.ОҢЛАСОВ,
    Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы

    http://zan.zanmedia.kz/

     


    Просмотров: 860 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz