Насыбай неге қауіп төндіреді? - 28 Февраля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Ақпан » 28 » Насыбай неге қауіп төндіреді?
    16:18
    Насыбай неге қауіп төндіреді?


    Таяуда бірқатар депутаттар «насыбайдың еркін сауда айналымына тосқауыл керек!» деп ұрандата үндеу тастаған еді. Әрине, қос қолдап қолдағымыз келгенімен, кезінде түнгі уақытта жылқы баққанда, ұйықтап қалмас үшін аталарымыз атқан насыбайдың көздің жақсы көруіне де үлкен септігін тигізетінін бір ойлап, үндемей қалған едік. Алайда кеше Алматының нарколог дәрігерлері елең еткізерлік бір ақпарат таратты. Олардың айтуынша, қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларының жартысына жуығы насыбай атады екен...
    Қазіргі насыбай бұл насыбайдан өзгерек. Аталарымыз насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасаған, ал қазір оған әктің суы, тауықтың саңғырығы, қарағаштың шайыры да қосылуда. Әзірлеушілер әйтеуір, насыбайдың «қуатын» арттыру үшін ойына келгенін қосып жатыр. Нарколог мамандарымыз насыбайдың қатерлі өкпе, асқазан ісіктеріне, белсіздік пен бедеулікке де әкеп соғатынын айтып, дабыл қаққалы қай заман?..
    Ең қатты алаңдататыны, жастардың - студенттер мен оқушылардың насыбайға бой үйретіп алуы болып тұр. Қоғамдық орындарда темекіге тыйым салынғаннан кейін, насыбайға құмартушылар саны, тіпті де артып кетіпті.
     
    Алматы қалалық наркологиялық орталықтың дәрігері Гүлзада Мұхамбетоваға хабарласқанымызда, ол 10 жастағы балаларға шейін насыбай ататынын жеткізді.
    - Қазір күн сайын 1-2 адам бізге келіп, насыбайды қою үшін кеңес алса, 10-15 қоңырау қабылдаймыз. Негізінен, хабарласатындар мектеп мұғалімдері мен ата-аналар. Соған орай, біз жақында анонимді түрде зерттеу жүргізген едік, сонда байқағанымыз, 5-сыныптан бастап, жоғары сынып оқушыларының 50-60 пайызы тұрақты насыбай атады екен, болмаса бір мәрте болса да, оның дәмін татып көрген. Өткенде бірнеше ай бойы насыбай атқан 10 жастағы баланы анасы алып келді, баланың ерінінде сау-тамтық жоқ, жара басып
    кеткен... - дейді Г.Мұхамбетова.
    Темекі түтінінен біршама тазарып қалғанда, енді насыбайдан қалай құтылар екенбіз? Әзірге Денсаулық сақтау мен Ішкі істер министрліктері үнсіз отыр. Үнсіз емес-ау, Ішкі істер министрлігінің сайтында жауапты мекеменің оқырман сауалына берген жауабы тұр. «Әзірге бұл мәселе бойынша, жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінде мәселе егжей-тегжейлі зерттелуде, соның нәтижесі бойынша шешім шығарылады» делінген...
    Жақсы, күте тұралық. Заңнан асып, ешқайда бара алмаймыз. Өйткені Қазақстан заңнамасы бойынша, насыбай есірткі заттар мен темекі өнімдерінің екеуіне де жатпайды. Демек, есірткі айналымына шек қоятын, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған қос заңға да бағынбайды деген сөз.
    Бұл ретте бізге Түрікменстаннан үлгі алу керек-ау, шамасы. 2008 жылы Түрікменбашы Гурбангулы Бердімұхамедов насыбайды өндіруге, саудаға шығаруға, сырттан әкелуге, пайдалануға қарсы бір-ақ жарлық шығарған. Сөйтіп, бір жарлықпен ғана бар мәселені белден басып, бір-ақ шешті. Ал біз енді ойланып жатырмыз...
    Қос министрлік мәселені зерттеп, шешімін айтып, оны Мәжіліске ұсынып, заң шығарып, қабылдап, қол қоямын дегенше, ай, бір емес бірнеше жаз өтер. Оған дейін насыбайқұмарларымыз қартайып та қалар, өйткені бұл зиянды әдет адамды өте тез қартайтады екен. Сондықтан насыбай саудасымен басқаша күресті қазірден-ақ бастай беру қажет сықылды. Оның жолын қалалық Ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Нұрлан Алмасбеков айтып отыр. Оның сөзіне қарасақ, Әкімшілік кодекстің стихиялық саудаға тыйым салатын 165-бабы бойынша күресуге болады екен. Себебі насыбайды еркін саудаға шығарып отырғандардың басым бөлігі де - аялдамаларда, көше қуыстарында, шемішке, құрт, темекісіне қосып, саудалап отырған саудагерлер ғой. Демек, олардың саудасы қалайда заңсыз боп табылады. Әзірге осы жолмен тазалай берсек, оған дейін билік те бір байламын айта жатар...

    Нұрболат Аманжол
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 1869 | Добавил: наркология | Рейтинг: 1.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz