Насыбай мектепті жаулап барады - 28 Января 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сейсенбі, 21.10.2014, 01:10
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 0
    Қонақтар: 0
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Қаңтар » 28 » Насыбай мектепті жаулап барады
    20:02
    Насыбай мектепті жаулап барады

    Абай ОМАРОВ (коллаж)
    Бір кездері тек оңтүстік аймақтарда сатылатын, тек ересектер пайдаланатын насыбай бүгінде еліміздің барлық аймағына жеткен. Жетіп қана қойған жоқ, нас екенін аты айтып тұрса да, ер-азаматтардың жас-кәрісінің құмар басар кәдесіне айналды. Насыбайды сатушылар да, тұтынушылар да оның құрамында не бар екенін, адам денсаулығына қаншалықты зияндылығын білмейді. Тіпті білгілері келмейтін де сияқты. Көңілді күпті етері – мектеп оқушыларының насыбайға деген әуестігінің күн санап артып бара жатқандығы.

    Мамандар мектеп жасындағы бала­лардың жаппай насыбай шегуге бейімделіп бара жатқанын айтып, алаң­дау­шы­лық білдіруде.

    Гүлзада МҰХАМБЕТОВА, қалалық наркологиялық орталықтың жасөспірімдер қызметінің меңгерушісі:

    – Біздің орталыққа күніне 10-15 ата-ана баласының насыбайға құмартып жүргенін айтып хабарласады. Тікелей келіп, кеңес сұрайтындар қаншама! Тіпті насыбай ататындар арасында 10 жастағы балалар бар еке­нін өз көзімізбен көрдік. Ауыз қуысы ойылып кеткен. Мұғалімдер де хабарласып, мектепте насыбайдың зияны жайлы оқушылармен әңгімелесуімізді сұрайды. Өткен жылы оқушылар арасында өткізілген сауалнама нәтижесі мектеп балаларының 60 пайызы насыбаймен әуестенетінін көрсетті. Бізде заң жүзінде насыбай наркотиктер қатарына жатпайды. Алайда ол да адамға ләззат береді, тәуелді етеді. Зерттеулер көрсеткендей, насыбайға үйренген адам нашақорлыққа бейім болады. Сондықтан ертең кеш болмас үшін бүгін насыбай сатуға, пайдалану­ға шұғыл тыйым салу керек.

    Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіп­сіздік басқармасының бастығы Нұрлан Алмасбековтің айтуынша, насыбай есірт­­кілік заттар мен темекі өніміне жат­пай­тындықтан, ол есірткі айналымы туралы заң шеңберіне кірмейді. Сондықтан оны сатуға, пайдалануға тыйым салу мүмкін емес. Тек насыбай сатушыларды Әкім­ші­лік кодекстің 165-бабы бойынша бей-берекет сауда жасағаны үшін жауапкерші­лікке тартуға болады. Ал онымен қала­лық әкімдік айналысуы керек.

    Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, насыбай — адам денсаулығына зиян. Насыбай ату асқазан жарасының пайда болуына, ауыз қуысы рагына (Өзбекстан Рес­пуб­ликасының Онкологиялық орталы­ғының мә­лі­меті бойынша, насыбай ше­ге­тіндердің 80 пайызы ауыз қуысы рагына шалдыққан), бел­сіздікке әкеліп соқтыратын көрінеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі де көңіл көншітерлік емес. Олардың айтуын­ша, елімізде ауыз қуысы, ерін рагымен ауыра­тын ерлер әйелдерге қарағанда, 10 есе ар­тық екен. Ал насыбай пайдаланушылардың ерлер екенін ескерсек, бұл статистиканың құпиясын ашу қиын емес.

    Насыбайдың настығын алғашқы болып түрікмен елі пайымдапты. 2008 жылы Түрікменстан Президентінің жарлығымен насыбайды өндіруге, сатуға, пайдалануға, сырттан алып келуге тыйым салынған.

    Мұндай тыйым бізге де керек-ақ сияқты. Өйткені әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмағандықтан, насыбай сатушылар әбден еркінсіп алған. Алматы қаласындағы «Барахолкада» насы­байдың көтерме саудасымен айналысатын арнайы контейнерлер бар. Қала ішіндегі базарлардан да насыбайдың неше түрін табасыз. Сатушылар бірін «Өзбекстаннан әкелінген әккі насыбай» деп мақтаса, енді бірін «Қырғыз жерінен қыр асып келген» деп дәріптейді. Әрине, сатушының мақсаты – пайда табу. Насыбай санитарлық-эпидемиологиялық зертханадан да тексеруден өткізілмейді екен. Ал оларды тексеріп, қадағалап жатқан базар әкімшілігі де жоқ. Ең сорақысы – насыбайдың мектеп маңында сатылуы. Күнкөріс қамында жүрген апалар мектеп қасында шемішке, сағыз, кәмпит, құртқа қоса, насыбай сатып отырады. Бұл — мектеп оқушыларының насыбайға әуестігін арттырары сөзсіз. Өйткені еліктегіш жасөспірімдердің бірі насыбайға құмартып алса, екіншісі қызығып алуы ықтимал. Насыбай бағасы қымбат та емес. Насыбай атушылардың айтуына қа­рағанда, бағасы темекіге қарағанда, әл­деқайда арзан және «қоғамдық орында шегуге болмайды» деген тыйым жоқ.

    Кейбір батыстық мәдениеттанушылар «насыбай – Орта Азия халықтары мәде­ниетінің бір бөлігі» дейді. Әрине, насыбайды мәдениетпен ұштастыру – жаңсақ пікір. Әйтсе де, өзгелердің жаңсақ пікір айтуына өзіміз себепші болмағанымыз, жаман әдеттен бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн. Мемлекет тарапынан шұғыл шаралар қолға алынып, заң қабылданбаса, насыбайға тыйым бола қоюы екіталай.
    Насыбай қалай даярланады?

    Нағыз насыбай: «ертеде насыбайды нас өсімдігі мен жеміс-жидек шырынының қосындысынан даярлап, сағыз ретінде шайнаған. Оның иісі, тәтті дәмі болған» деседі.

    Бүгінгі насыбай: бүгінгі насыбайды зерттеген мамандар оның құрамында табак, сөндірілген әк, тауық нәжісі, аз мөлшерде сұйық май, дәмдеуіш, белгісіз өзге де заттар барын анықтаған.
    Автор: Қалдар БЕК http://alashainasy.kz/
    Просмотров: 814 | Добавил: наркология | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2014
    Сайт управляется системой uCoz