Нашақорлыққа қарсы күрес тұралап тұр ма? - 9 Декабря 2009 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2009 » Желтоқсан » 9 » Нашақорлыққа қарсы күрес тұралап тұр ма?
    19:20
    Нашақорлыққа қарсы күрес тұралап тұр ма?
     
    Әрине, жоқ. Бірақ соған қара­май осы бір қоғамды, оның ішінде, Қазақстанды жайлаған дерттің соншалықты етек алуында не сыр бар? Оның ем-домы табыла ма? Табылса қандай және оны нендей күрес жолдарымен жеңе аламыз? Осы сауалдарға орай, мемлекет басшысымен болған тікелей желі кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысқа, на­ша­­қорлыққа, кәмелетке толма­ғандар арасындағы құқық бұ­зу­шылықтарға, заңсыз көші-қон­ға қарсы күрес мәселелері жөнінде 2000-ға жуық сұрақтар түсіп, оның жауабын күткен ел-жұрт­тың көп екендігін көрсетті.
     
    Оның тіпті, кейбір отбасыларының да шырқын бұзып, тынышын ке­тіргендігін де сол сауалдардан да аңғаруға болады. Мысалы, сондай сұрақтардың бі­рін­де, аты-жөнін атамаған бір адам: «Жақын адамдары на­ша­­қорлықпен ауыратын от­басыларға мемлекет тара­пынан қандай пәрменді кө­мек көрсетілуде?» дейді. Міне, осының өзінен-ақ, осы бір сауалдың аржағында тұтас бір отбасы ғана емес, жеке адам­дардың да тағдырлары тұрған­дығын аң­ғаруға болады емес пе?
     
    Президентке қойылған жоғарыдағы сұрақтың төңірегінде ой қозғап, оған тікелей желі барысындағы көтерілген мәселелерге байланысты Елбасымыздың берген тапсырмаларын орындау үшін жақында Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов Жамбыл облысына барып қайтқан еді. Онда да ел-жұрт арасына індеттей тараған нашақорлық дертіне байланысты әңгіме кеңінен айтылды.
    Жоғарыдағы сауалға байланысты министр С.Баймағамбетов мырза, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерімен елімізде тек полиция ғана емес, сондай-ақ, рес­публиканың барлық мемле­кеттік органдары айналысып жатқандығын тілге тиек ете келе, елімізде 2000-жылдан бері оған қарсы күрестің мемлекеттік стратегиясы іске асырылып жатқандығын алға тартады да: «Елімізде мемлекеттік нар­ко­логиялық ұйымдардың же­-лісі бар, оларда 5-мыңнан астам кереует-орын бар.
     
    Бү­гінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің рес­пуб­ликалық медико-әлеу­мет­тік проблемалар ғылыми-прак­тикалық орталығы (Павлодар қаласы, Кутузов кө­шесі, 200, тел. 7182 60 50 53), Ішкі істер министрлігінің жанындағы Әлеуметтік-пси­хологиялық оңалту орталы­ғы (Ақмола облысының Раздольное ауылы, тел. 8 316 32 33 7 56) жұмыс істейді. Сізге жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша жү­гінуге болады. Жеке, сондай-ақ, құпия түрде емдейтін және көп арналы оңалту орталықтары бар. Сонымен қатар, тәулік сайын жұмыс істейтін 8 800 080 35 15 сенім телефоны бар» дейді.
     
    Бұл айналамызды қауға тиген өрттей қаптап келе жатқан дертке қарсы күрес жолындағы игілікті іс пе? Сөз жоқ, солай. Бірақ, сол жоғарыдағы көрсетілген мекенжайларға барып, есірткі дертінен арылғымыз келеді деушілер көп пе? Әй, қайдам! Олай дейтініміз, аталған дерт жолына түскендердің сана-сезімдері оған әлі де болса жете қоймаған сыңайлы. Әсіресе, бүгінгі таң­да­ғы елімізде жасөспірімдер мен жастардың есірткі мен нашақорлықтың әсерінен теріс жолдарға көп түсіп кетулерінің сыры да сонда болса керек.
     
    Егер, министрдің сөзіне қарағанда, Ел­басымыздың жарлығымен 2005 жылғы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына байланысты, министрлікте үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруда ұлан-ғайыр жұмыс атқарылып жатқан көрінеді. Соған қарамай, неге нашақорлық пен есірткі бизнесінің шегі де шеті де көрінбей тұр? Осыған қарап, кейбіреулер «аталған дерттерге қарсы күрес тұралап тұр» деген де пікір айтатын секілді, Ал, тиісті органдардың сол саладағы ашқан және жасап жатқан іс-әрекеттері тіпті кереғар көрсеткіштерді көрсетеді. Соған қарағанда, біз алдымен қылмыспен емес, оны болдырмайтын жолдар­ды іздестіріп, қылмысқа ба­ратын жандардың сана-се­зіміменен күресуіміз керек. Яғни, үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды орындау барысында, жергілікті жерлерде үгіт-насихат жұмыс­тары күшейтіліп, жасөс­пі­рімдер мен жастардың бос уақыттарын өткізетін тиісті шаралармен қатар, оларды еңбекпен қамтама­сыз ету, барынша қолға алынуы керек. Сонда ғана, олардың еңбек пен әртүрлі игілікті де, оң іс-шараларға деген сана-сезімдері қалыптасып, айналасына таза көңіл-көзімен қарайтын болатыны анық.
    Ағымдағы жылы жүргізілген «Көкнәр» операциясы кезінде: «Іш­кі істер органдары 3464 есірткі қылмысын, оның ішінде, есірткі сатудың 910, есірт­кі контрабандасының 42 факті­сі анықталды, сондай­-ақ, 7 ұйымдасқан есірткі тобының қылмыстық әрекет­терінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 18 тоннадан астам әртүрлі есірткі құрал­дары, оның ішінде 60 келі героин алынды» деп мәлі­мет берген Ішкі істер министрі С.Баймағамбетовтың сөзіне қарағанда, елімізде әлі де болса нашақорлық пен есірткіге қарсы күресті қанша нығайтқанымыз­-бен, оның жолы толық кесіле қойма­ған сыңайлы. Әрине, аталған дерттің алдын алу мәсе­лесінде, әлі де болса атқарылатын шаралар да, істер де мол-ақ.
    Енді бір ел тұрғынынан, Елбасымызбен болған тікелей желі кезінде Бахадур Махсадовтың ашық түрде есірткі сататыны туралы мәлімет түскен. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Сай­рам ауданының тұрғыны көрі­неді. Осыған орай, министр Серік Баймағамбетов мырза: «Ақпаратыңыз үшін рахмет. Сіздің арызыңызды Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД орындауға алды. Қазіргі уа­қытта оның жеке басын, жүрген жерін және оның қылмыстық әрекетін дәлел­деу бойынша материалдар жинау жөнінде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», – дейді. Шындығында да, осы бір сауалдың жауабын біз де естіп, оның қорытындысын біздің де білгіміз келеді. Ел жайлаған дерт­ке қарсы күрес барысында, оған деген өзінің немқұрайды­лық таныта алмайтындығын білді­ріп, оның қай тұстан, кімнен шығып жатқандығын айтқан аза­матқа риза бола отырып, біз оның қорытындысын білсек-ау дейміз. Қалай дегенде де, нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес елімізде бір сәтте тыйылмай тұрғаны анық-ау, бірақ, оны түсініп жатқан, одан қорытынды шығарып жүрген нашақор шіркін, бар ма екен, сірә.
     
    Аманхан Әлімұлы, «Заң газеті».
     
    http://zan.zanmedia.kz/  сайтынан
    Просмотров: 1802 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz