Нашақорлық - 7 Июня 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Маусым » 7 » Нашақорлық
    19:44
    Нашақорлық
     
    Нашалар (грек тілінде – кісенделу деген түсінікті білдіреді) - бұлар синтетикалық немесе табиғи заттар түрінде алынады, олар көбінесе жүйке жүйесіне әсер етіп, көңілдену, жаныңа жақсы сезім ұялатқандай, барлығыда жақсы болып кеткендей өтірік сезімге бөлейді. Жақсы тыныққандай немесе тыныштығыңды арттырып қозу жағдайын тудырады. Кейбір нашалар иллюзия мен галлюцинацияны тудырады, бұл дегеніміз құлағыңа бір дауыстар естіліп немесе көз алдыңа бір бейнелер көрінгендей қалыпқа түсу. Үлкен мөлшердегі наша адамды мас етіп, құлағын бітеп, нашалық ұйқыға душар етумен қатар жеңіл түрде улайды.
     
    Опиаттар – бұл нашалар, адамды тыныштандыратын және барлық сезімді тежейтін әсер етеді. Бұл дәрілер морфинге ұқсас құрамдары бар синтетикалық немесе табиғи заттар тобына жатады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Барлық апиын тектес нашалық заттар мактан алынады.
     
    Опиаттар зат алмасу процесімен әрекеттескеннен кейін күшті психикалық және физикалық бағынышты болып қалу жағдайын тудырады. Соңында адамның денесін улап, нашақорлық ауруға душар етеді. Қалақай заттары (каннабиноидтар): марихуана, гашиш. Қалақай заттарын қолданда адам оған тәуелді болып қалады. Қалақайды тартқан кезде адам қанағаттанбайды да таға тартуға мәжбүр болады.
    Сондықтан тез арада қалақайды тартудан «кайф» болмаған соң, қосымша арақ ішеді немесе одан да күштірек нашаны қолданады. Қалақай заттарын қолдану бронхит, эмфизема, өкпе қатерлі ісігін тудырады. Иммунитет төмендеп, дұрыс жүре алмайтын болады. Уақыт өткен сайын мінез-құлқы өзгереді, есте сақтау қабілеті төмендейді, көңіл бөлуді жоғалтып, сонымен қатар зеректіктен айырылады.
     
    Амфетаминдер – бұл нашалардың қоздыру әсері бар. Бұл заттарды эфедрин қоспасы бар дәрілерден алады. Көбінесе қантамыр ішіне құйылады. Бұл заттарды жасөспірім кезде қолдану өте қауіпті, себебі психиканы бұзу әсері тез және терең болады.
     
    Экстаздар – бұл синтетикалық нашалар-стимуляторлар тобының жалпы атауы (МОМА - «Адам», МЕОА - «Ева»). Кейбір экстаздар галлюциналық құбылыс тудырады. Жанурларға жасалынған тәжірибеде, азғана мөлшерде қолданылған экстаздар, мидағы көңіл-күйді қадағалайтын серотонин жасайтын жасушаны өлтіріп жіберетінін анықтаған. Бұл заттарды түнгі клубтар мен дискотекаларда таратады. Сондықтан тез үйреніп кетеді.
     
    Экстаздарды қолдану физикалық және жүйкелік ауруларға шалдықтырады. Ұзақ уақыт қолданса ішкі дене мүшелері мен ағзаларды аздырады да келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады.
     
    Галлюциногендер. Бұған: ЛСД – синтетикалық наша, түссіз ұнтақ, иісі жоқ немесе түссіз сұйықтық; псилоцин және псилоцибин - галлюциногендік қасиеті бар нашалық заттар жатады. Дұрыс жүруі бұзылады. Өзін-өзі қадағалауды жоғалтады. Бас мида қайта қалпына келтіруге болмайтын өзгерістер пайда болады. Психикасы бұзылады да адамдық қалыптан мүлде айырылады. ЛСД-ны бір рет қолданудың өзі де келер ұрпағының генетикасына (тұқым қуалайтын) зиянды әсері боларлық таңба қалдырады да бас мида қайтадан емдеп жазуға болмайтын өзгеру пайда болады. Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.
     
    http://www.zhas.kz/
    Просмотров: 1222 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz