Нашақор – қылмыскер емес, ол – науқас - 26 Июня 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Маусым » 26 » Нашақор – қылмыскер емес, ол – науқас
    09:20
    Нашақор – қылмыскер емес, ол – науқас

    26 маусым - Нашақорлық және есірткілердің заңсыз айналымымен халықаралық күрес күні. Осы орайда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы Алматы қаласында «Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың өсуі: ахуалы, мәселені шешу жолдары» тақырыбында жиын өткізіп, мәселе түйінін тарқатуға талпынды. Басқосуға орталық мамандарынан бөлек, психологтар, ішкі істер департаментінің нашақорлықпен күрес бөлімі және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері де қатысып, өз ойларын ортаға салды. Алғашқы сөз алған Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы директоры Сәуле Диқанбаеваның әңгімелеуіне қарағанда, жасөспірімдер мен балаларды нашақорлыққа бастайтын екі нәрсе - қызығушылық пен ата-ана тарапынан тиісті деңгейде көңілдің бөлінбеуі. Осы екі себеп нашақорлықты қазіргі заманның қорқынышты дертіне айналдырып отыр. Десе де, есірткіге еліткен жандарды қоғамнан аластату дұрыс емес, керісінше, оларға көмек қолын созуымыз қажет.

    - Бүгінгі қоғамда нашақорлар жайлы қате, кереғар түсініктер көп. Біз көбіне оларға қылмыскер не бұзылған адам ретінде жиіркенішпен қараймыз. Ол дұрыс емес. Нашақор да - созылмалы ауруға ұшыраған науқастардың бірі. Демек, оларға қолдан келгенше, ем жасап, сауықтыруға тырысқанымыз абзал, - деді С.Диқанбаева.
    Маман сондай-ақ бұл дерттің тек Қазақстанды ғана құрсауына алып отырмағанын сөз ете келе, Біріккен ұлттар ұйымының деректерін келтірді. Ал БҰҰ бағалауы бойынша, әлемде қазіргі кезде есірткі қолданатындардың саны 185 миллионнан астам адамды құрайды. Салыстырмалы түрде қарағанда, бұл жер шары тұрғындарының 3 пайызы, ал 15-30 жас аралығындағылардың 15 пайызы нашамен «науқастанғандар» болып табылады.
    Нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының деректері бойынша, Қазақстанда жасөспірімдер арасында нашақорлыққа бастапқы шалдығу 2009 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 564,2-ні құраған, атап айтқанда, 2008 жылмен салыстырғанда, 20 пайызға өскен. Алкогольдік, седативтік және ұйықтататын заттарды, стимуляторларды, темекіні, сондай-ақ олардың қоспаларынан туындайтын тәуелділік өскені байқалған. Мамандардың мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында байқалып отыр. Қалада 100 мың жасөспірімге шаққанда 2320,6 бөлігі есірткіге тәуелді.
    Аз ғана қуанар бір жайт - нашақорлыққа шалдығу балалар арасында 20 пайызға төмендеген екен. 2008 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға 14,9 көрсеткішін берсе, 2009 жылы 13,5-ке азайған. Балалар арасында нашақорлыққа шалдығушылықтың жоғары көрсеткіштері Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана, Алматы қалаларында анықталып отыр.
    - Нашақорлық мемлекетке тікелей қауіп төндіретін, зор ауқымды ұлттық мәселеге айналды. Соңғы сараптамалық бағалаулар бойынша, әрбір нашақор «қар көшкіні» сияқты нашақорлықтың қарқынын үдету мақсатында жыл бойына есірткі тұтынуға 13-15 адамды тартады. Соңғы жылдары нашақорлар АҚТҚ инфекциясын жұқтырудың негізгі себебі болуына байланысты, нашақорлық мәселесіне ерекше назар аударудың маңызы зор. Бұл мәселе мемлекеттік билік органдарымен қатар, халықтың да назарында үнемі болуы керек. Есірткіге тәуелділік елімізде, сонымен қатар дүниежүзілік қауымдастық ішінде де өзгеше кешенді шаралар атқаруды талап етеді, - деді ойымен бөліскен Нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының психологы Жанат Аманова.

    Нұрболат Аманжол

    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 2756 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz