НАШАҚОР ДЕГЕНІМІЗ... - 28 Января 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Қаңтар » 28 » НАШАҚОР ДЕГЕНІМІЗ...
    20:18
    НАШАҚОР ДЕГЕНІМІЗ...


    Балаң не қызың есірткі пайдаланып, «инеге отырды». Ата ана үшін бұдан ауыр қасірет болмас. «Жұт жеті ағайынды» демекші, күн мен түнге ұласқан жаныңды көзіңе көрсетер шаншу,айқай... түсініксіз агрессия ... одан оны тыныштандыру үшін егілген кезекті доза... Емделу.Дәрі дәрмек.Емделіп шығу...Үйден заттардың ұрлануы... Жарқылсыз көз.Немқұрайлылық. Ал содан соң одан әрі осы көріністің қайталануы...
    Бұл нашақорлықпен бетпе - бет келген жанға таныс жайт. Оларға нашақорлардың есірткінің өмірлерін құртатынын мойындағысы келмей,өздерін қиялмен жұбатып, сендіргілі келетіні де өте таныс.Бұл нашақорлардың басты психологиялық келбеті. Нашақорлық сор сияқты. Түскен жан сордан шыға ма? Неғайбыл. Жалпы нашақорлыққа тоқталып, жіктесек.
    Шындығына келгенде кейбір адамдар неліктен нашақорлар есірткіге тәуелді болып, есірткінің олардың миына қатты әсер ете отырып, оны өзгертетінін,есірткіні маникалды қабылдау белгілерінің күшеюін түсіне алмай дал болады.Адамдар есіркіні теріс пайдалану мен оған тәуелді болуды өте-мөте әлеуметтік мәселе, ал есірткі пайдаланушыларды моральдық әлсіз жандар деп пайымдап, қателеседі.
    Мынандай жалпы пікір қалыптасқан: егер нашақорлар өз еріктерімен өмір салтын өзгерткісі келсе, онда олар қалыпты жағдайға түсіп, есірткіден бас тартады деп. Көбіне адамдар есірткі қабылдау әдетінен арылу қиындығын, күрделілігін жете түсіне бермейді.
    Есірткіге тәуелділілік дегеніміз – адам миына әсер ететін ауру, сондықтан да есірткі пайдалану әдетінен арылу әшейін ерік – жігер емес.Өйткені есірткі химиялық зат болғандықтан, мидың коммуникативтік жүйесіне түсіп,нерв талшықшаларының жұмысын бұзады. Барлық есірткілер ми талшықтарын дофаминмен толықтыруға бағытталған. Дофамин дегеніміз нейротрансмиттер, бұл мидағы бөлім, ол адамның қозғалысына, үйлесім табуына, сезім, түйсігіне, қанағаттану сезіміне жауап береді. Әшейінде өмір сүрумен байланысты, (тамақ қабылдау, сүйіктісімен уақыт өткізу т.б.) кәдуілгі жүріс– тұрысқа әрекет жасайтын бұл жүйе есірткі пайдалану әсерінен шектен шыға қозуып, адамға желік бітіреді.Бұл адамдарды есірткі пайдалануды әдетке айналдыруға ықпал етеді. Сөйтіп, дофаминнің миға әсері азайып, нашақор есірткіден қанағат алудан қалып,оның орнын толтыру үшін нашақор есірткінің үлкен дозасын пайдаланады.
    Нашақорға айналған адам осылай ерік – жігерден айрылып, өзінің іс – әрекетін ақылмен ойлай алмай, бақылауға ала алмай, есірткі пайдалануға ашкөздікпен кірісіп, барлық келеңсіз әрекеттерге барады. Есірткіге осылай толық тәуелді болады.
    Есірткіге тәуелді болу дегенді қалай түсінуге болады?
    Медициналық дерек көздеріне қарағанда, тәуелділік- бұл адамды өзіне және басқаларға зиян әкелуіне қарамастан, оның еркінен тыс есірткі қабылдатып,соған мойынсұнып, көндіретін, мидың созылмалы, жиі рецидивті ауруы. Есірткіге тәуелділілік дегеніміз - бұл ми ауруы, өйткені есірткіні теріс пайдалану мидың құрылымы мен функциясын өзгертеді.Көптеген адамдар есірткіні бірінші рет пайдаланғанда өз еріктерімен пайдаланады да, кейін есірткіні пайдалануды әдетке айналдырғандардың миында өзгерістер болып, олар өз өздерін бақылаудан айрылып, адамның ақыл есі тұманданады, ерік жігері болмай, организмі есірткінің құрсауынан шыға алмай қалады. Осыған қарап,дәрігерлер есірткіге тәуелділікті жеңуге болады дейді.Олар емдеуді дәрі - дәрмекпен қатар психологиялық емдеуді ұсынып отыр.Бұл басқа әңгіме. Менің айтайын дегенім, осы аурудың алдын алу, келешек ұрпақты нашақорлықтан сақтандыру. Бұл зұлматты болдырмаудың жолдарын қарастыру.
    Жалпы нашақор болуға не итермелейді?
    Негізінде адам еш уақытта нашақор болам деп ойламайды. Кім мәселен шұңқырға барып түседі? Кім өзінің жанын ауыртар қадамға бой алдырады? Ал нашақорлық атты келеңсіздікке апаратын, итермелейтін жер адамның жүрген ортасы. Адамның жүрген ортасы мықты әсер етеді. Тіпті жанұядан бастап достарына және адамның әлеуметтік–экономикалық жағдайы мен оның өмір сүру деңгейіне дейін. Ен алдымен баланы осы жағдайга жеткізер жайттарға тоқталсақ, олар ең алдымен отбасына, балаға ата - ана тарапынан берілер тәрбиеге байланысты. Содан кейін баланың мектеп, оқу орынан алар тәрбие тағылымы. Сондай ақ, баланың жора - жолдастары мен жүрген ортасы, аралас - құралас достары мен сыныптастары да аса ықпал жасайды. Тағы бір айта кетер мәселе, баланың өмірінде кездесер қиындықтарды қалай қабылдауы. Балиғат жастағы өтпелі кезең де бала өміріне үлкен бетбұрыс жасайды.
    Әсіресе, есірткіні пайдалануға адам жасөспірім шағында, өтпелі кезеңде ұрынып қалады. Организмі әлі даму үстінде әрі өмірдің қараңғы тұстарын танып үлгермеген жасөпірім қызығушылықпен есірткі құрбанына айналады. Оған біріншіден, баланың жүрген ортасы әсер етеді. Адам жастық шағында көруге, білуге құмартып отырады. Наша таратушылар да құрбандығын осы жасөспірімдер арасынан бастайды. Өйткені, оларды алдау,арбау оңай.Алдаудан бұрын, қызыққыш жас бала өзі келіп қақпанға түседі. Осылай тауқымет тартып, есірткі кесепатының құрбанына айналады. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, әрбір ата ана жасөспірім баласының тәрбиесіне назар аударып, оның жүріс тұрысын жіті қадағалағаны жөн.Әсіресе, үйден ақша, бағалы заттардың жоғалуына, баланың ақшаны жиі сұрап, әртүрлі сылтау айтуына, көңіл күйінің біресе сынаптай бұзылып, біресе көңілденуіне,оқуға, сүйікті ісіне ынтасының жоғалуына т.б. бала бойындағы өзгерістерге аса мән беріп, зер салу керек. Көңілге күдік орнаса, дәрігерлердің кеңесіне дер кезінде жүгініп, төніп тұрған бақытсыздық бұлтын сейілтуге болады.
    Ата ана баланың басындағы ауыр жағдайға көп көңіл бөлетіні соншама, олар жасөспіріммен болған әңгіме барысында оның есірткіге тәуеділігі жайында қайта қайта айтып отыратыны өтірік емес. Сенімсіздік, баланы қайта қайта тексеру т.б. оны одан сайын тұқыртып, өз өзіне деген сенімін жойып, өмірге деген көзқарасын әлсіретеді.Сөйтіп қамқор болар ата анадан үміт үзген жасөспірім қайтадан есірткімен «достасады».
    Ең бастысы баланың жан дүниесіне терең үңіліп, оған қамқор болып, жан жақты түсініп, мәселені бірігіп шешу бақытсыздықтан құтылудың басты жолы деп білемін.
    Лаура Забихова
    Ақтөбе облыстық ІІД
    ЕБҚКБ аға жедел өкілі
    Полиция подполковнигі
    http://aktobesos.ucoz.kz/
    Просмотров: 1300 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz