Көк түтінге құмар жастар көбейіп барады - 10 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 10 » Көк түтінге құмар жастар көбейіп барады
    09:49
    Көк түтінге құмар жастар көбейіп барады

    «Бала берсең сана бер» деп тілейді ел. Мектеп алдында темекі будақтатып тұрған өрімдей жас қыз-жігіттерді көрсеңіз, таңғалмаңыз, бұл – бүгінгі заманның келбеті. Үзіліс уақытын пайдаланып мектептен сырт айнала қарама-қарсы тұрып алып, көк түтінді бұрқыратып тұр­ған жасөспірімдердің бұл қылығына көзіміз үйреніп барады.
    Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының деректеріне сүйенсек, қазіргі кезде әлемде 1,3 миллиардқа жуық адам тұрақты түрде темекі шегеді екен. Осының салдарынан 5 миллион адам көз жұмады. Ал, осы шылым шегуші­лердің 300 мыңы ресейліктер, 30 мыңнан астамы – қа­зақстандықтар, 10 мыңнан астамы – Қырғыз елінің азаматтары деген болжам бар. Ғалымдар темекі шегуді реттеу туралы ережелер қабылданбаса, бұл сандар болжам бойынша 2030 жылға қарай өлімнің басты себебі болып, өлім жағдайы 10 миллионға дейін өседі дей­ді.
     
    2006 жылғы көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азия, ТМД және Шығыс Еуропа ел­дерінің арасында созылмалы жұқпалы емес аурулардан өл­ім-жітім деңгейі бойынша бір­ін­ші орынға табан тіреген. Ал, арақ ішуден ресми деректер­ге сүйенсек, Орта Азияда ресейліктер ішімдік ішудің «ұстазы» атанған. Елікте­гіш қасиетімен ерекшеленетін қа­з­екем болса, 9-шы орынға табан тіреген. Бұндай жат қыл­ықтан жас ұрпақты қайтсек аман алып қаламыз?
     
    Әсіресе, болашақта ана бақытына кеңелгісі келетін қыздардың бұл өрескел қылығына шектеу қою мүмкін болмай отыр. Қыз баланың ағзасы ер адамға қарағанда әлсіздеу болады. Сондықтан, улы зат бойға тез сіңіп, мидың қабыршақтарын, ұсақ тамырларын өлтіріп жібереді екен. Қыз баланың дауыс ырғағы өзгеріп, мұрнына түк шығып, қызға тән қасиетінен айырыла бастайды. Бетке де әжім ерте түсіріп, тістері сарғайып, ұмытшақ, ашушаңдық мінездерді бойына жинайды. Бұл менің көрегендікпен айтқан ақылым емес, әлемнің «мүйізі қарағайдай» ғалымдарының дәй­екті зерттеулері. Ақыл-ойыңды ойран ететін қатерден жастарды аман алып қалудың тек құқық­тық негіздемесі ғана құтқарады.
     
    Елордалық мейрамханалар заңға құлақ асар емес. Әсіресе, түнгі клубтар мен мейрамханалардың дәретханасындағы көк түтіннен көзің ашып, басың айналады. «Ит қорыған жерге өш» деген­дей, жастарды жат қылықтан арашалаймыз деген сайын, кері­сінше өршелене түскен сыңайлы. Темекі шегуге тыйым салынған түнгі клубтарға келушілер де азайған. Себебі, далаға шегейін десе арқада күн аяз. Қақаған аязда далада дірдектеп темекі шеккенше, темекіге рұқсат бері­летін кафелерге барғанды тыныш көреді. Зерттеушілер мидың қатер­лі ісік ауруларының 70 пайызы, миға қан құйылудың 85 пайызы, өкпенің қатерлі ісігінің 90 пайызы темекі­ден болатынын дәлелдеген.
    Өткен жылы «Халық денсаулы­ғы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің «Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу» деген 159-бабы толықтырылып, темекі шегудің алдын алу мен қысқарту, оның ішінде темекі қораптарының орамдарына графикалық ескерту­лерді орналастыру мәселелерін реттеу позициясын нығайтты. Аталған Кодекске сәйкес темекі бұйымдарының қорабында шайыр­лы заттардың, никотиннің болу деңгейі және жүйелік улардың, канцерогендік және мутагендік заттары туралы мәліметтер орна­ластырылмаса сатылуға тиіс емес. Және қорапқа темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту, он сегіз жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынғаны туралы мәлімет енгізілмесе, «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер болмаса және балалар ассортименті тау­арларын сататын дүкендердің жанында сатуға тыйым салынады.
    Денсаулық сақтау саласы қо­ғамдағы ең маңызды әлеуметтік сала. Мемлекеттің басты байлығы – халықтың денсаулығы. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу – мемлекетіміздің дамуының өркениеттілік деңгейін анықтайтын экономикалық, әлеу­меттік кепілдіктердің негізі болып табылады. Елбасының да бұған үлкен көңіл бөлуінде осындай саяси астар жатқаны белгілі.
     
    Тыныс АХМЕТЖАН
    АСТАНА
    http://zan.zanmedia.kz/  
    Просмотров: 1033 | Добавил: наркология | Теги: темекі | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz