Харамның атасы - ащы су - 9 Декабря 2009 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2009 » Желтоқсан » 9 » Харамның атасы - ащы су
    19:13
    Харамның атасы - ащы су

     
    Бабалар асы – қымыз, шұбат өндіруді кең көлемде қолға алу қажет

    Қазіргі кезде социологиялық сарапшылардың пікіріне жүгінсек, дүниежүзіндегі барлық адамның 65-70 пайызы қандай да бір «көңіл көтеретін» ішімдік түрін қолданады. Тағы бір жаға ұстатып, таңдай қақтыратыны, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттер арақ ішу жағынан көшбасшылық қабілетінен әлі айырыла қоймағаны. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Мынаған зер салыңыз, АҚШ-тың Вашингтон университетінің докторы Анн Стрейгсгуз дейтін ғалым Санкт-Петербор университетінің мамандарымен бір­лесіп, 700 жүкті әйелге тәжірибе жасаған. Сондағы қорытындыға көз жүгіртсек, аз мөлшер­де болсын ішімдік тұтынған әйелден туған баланың 89 пайызы әлжуаз, 84 пайызы болашақта психологиялық ауытқуға ұшыраса, 80 пайызының дене бітімі табиғи даму сатысынан қалып қояды екен. 40 пайызының есту қабілеті нашарлап, 25 пайызы көз жанарынан ерте айырылады және т.б. Жалпы дәрігерлер кеңесін тыңдасақ, ішімдіктің салдарынан сәбилердің бойынан 850-ден астам әртүрлі дерттің іздері табылады.

    Бұны аз десеңіз, оған осы әзәзіл арақтан болатын өлім-жітімді, қылмыстық оқиғаларды қосыңыз. Тіпті, ақаңның арқасында арды аттап, намыстың тапталатыны тағы бар. Арақ туралы аңыз-әпсаналарды тыңдасақ, бірде сұлу бір жігітке бір әйел ғашық болып қалады. Күндердің бір күнінде әйел жігітті амалын тауып үйіне шақырып алады. Содан оған ”Мына үш күнәнің бірін жасамасаң жібермеймін”, – деді. Ол күнәлар бесікте жатқан сәбиді өлтіру, шөлмектегі арақты ішу немесе әйелмен зина жасау еді. Жігіт ойланып қалады. Егер бесікте жатқан бейкүнә сәбиді өлтірсем, онда қылмыс істегенім. Әйелмен зина жасасам, масқараға батқаным, одан да шөлмектегі арақты ішіп оңай құтылып ке­тейін дейді де арақты ішеді. Таң атып, есін жиып жан-жағына қараса, бесіктегі сәбиді өлтіріп, өзі әлгі әйелдің қойнында жатыр екен. Осылайша жігіт арақтың салдарынан үш бірдей күнәға батады.
    Адамзат тарихында осы бір ащы судың арқасында небiр жаман әдеттерге барып, қайғылы жағдайға соқтырған уақиғалар да жетерлiк. Соның бірі бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 530 жылы парсы патшасы Кирдi жеңген сақ патшайымы Томиристiң жалғыз ұлы Спаргапис, аз ғана сарбаздарымен барлауда жүрiп парсылардың әдейi тастап кеткен шарабын iшiп мас болып ұйықтап жатқан жерiнде қолға түскен. Есiн жиғаннан соң кешiрiлмес қате жiбергенiн түсiнiп өзiн-өзi қанжармен жарып өлтiруге мәжбүр болған. Міне көрдіңіз бе, арақтың лаңы жайында таңды-таңға жалғап әпсана айтуға болады. Бұл таусылмайтын жыр. Тіпті, бұдан мың жыл бұрын да айтылған...
    Осыдан мың жыл бұрын көне шағатай тілінде жазылған «Қиссас-ул әмбия» атты кітап бар. Осында арақтың адамға әсер ететін субати (сыртқы) сипаты жайында шағын тәмсіл жазылған. Сонда айтады: арақ адамның алғашында көңілін көтеріп, көкі­регіне кең сарай ашады. Қан тамырына ыстық нәр жүгіртеді. Реңі түрленіп, сөзі түлейді. Жан-жағына масаттана қарап сезімі құлпырады, сұлу сөзді суша сапырады. Бұта басында отырып сайраған бұлбұл құсқа айналады. Аздан кейін арақ басына шығып, өзінен-өзі ыржалақтaп күле бастайды. Іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы үйлесімін жоғалтады. Ең бастысы, жүзіндегі ұяты сөнеді, жүрегіндегі ары өшеді. Бұлғақтап-қылжақтап маймылға айналып шыға келеді. Одан соң арақ жүрегіне шабады. Сондағы шайтани нәпсіні түртеді. Ол дереу қанды қуалап тұлабойын қыздырады. Миында хайуани жыртқыш сезімдер оянады. Бір сәтте арыстанға айналып шыға келеді. Маңайындағы адамдар ақ қоян, көк қоян сияқты көрініп түгелдей үкімін жүргізгісі келіп, айбат шегеді. Ақырып-бақырады, ғайбат айтып лағынет қамытын киеді. Соңында есінен танып, құлап балшықта аунап жатады. Бұл ең төменгі доңыз-шошқа сипатына айналғаны.
    Қазір әлемнің көптеген мемлекеттерінде «Алкоголь өнімдерін тұтыну жайында» арнайы заң өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Ұрпақ болашағын ойлайтын ел ертеңді бүгіннен бастары хақ. Қазір кез келген дүкен-дүң-гіршектерде, кафе-мейрамхана-ларда алкогольді ішімдіктер еркін сатыла береді. Тіпті, ішімдіктің жеңіл түрі сыраны көшеде таңдай жібітер кәдуілгі сусын ретінде ішетін еді. Абырой болғанда оған тыйым салынды. Енді, көшеде сыра ішкендер заң алдында басымен жауап беріп, сазайын тартатын болды. Келешекте заң қа­тайып, емін-еркін спиртті ішімдіктерді күні-түні жас талғамай сататын дүкен-дүңгіршектер сын тезіне алынып, сату құқы шектелсе, алкогольді өнімдер тек қана арнайы мейрамхана, кафелерде ғана сатылса, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерімен бір қатарда тұрмаса құба-құп болар еді.
     
    Ислам мемлекеттерінде, әсіресе, ораза айларында алкогольді ішімдіктер тұрғай дүкендерде темекі саудалауға да қатаң тыйым салынады екен. Біз де Ислам елдері тізіміне қосылатын болғандықтан осы жайлы бас қатырып көргеніміз мақұл шығар. Бұрын мүфти Әбсаттар Дербісәлі бастаған осындай игі шараның аяқсыз қалғаны өкінішті-ақ. Жал­пы ішімдік мәселесінде шешілмеген түйіндер көп. Арақтың адамзат қоғамының қай дәуірінде пайда болғаны бей­мәлім. Әйтеуір біздің дәуірімізге дейін жеткен харамның атасы саналатын арақтың ойраны құйқа шымырлатады.
     
    Дегенмен, түйінді мәселенi шешудiң бiр ұшы ұлттық iшiм­дiктердi — қымыз, айран, шалапты насихаттауға келiп тiрелетін сыңайлы. Қазақтың әлемдік
    брендіне айналуы тиіс сусындарды жыл он екi ай дүкен сөрелерiнен түспейтiндей етуге жағдай жасау қажет. Сонда ғана «арақ-шарап, сыра iшу азайып, халықтың өмiр жасының ұзаруына да қол жеткiзуге болады», – деп ойлаймыз.
    Рас, алкогольді өнім мемлекеттің экономикалық қаржы қорының айнылымына елеулі әсер етіп, ішкі өнімнің елеулі пайызын құрап отыр. Алайда, оның қасі­реті де басым екенін естен шығармаған жөн.

    Алтынай Жолдыбекова, «Заң газеті» 

    http://zan.zanmedia.kz/  сайтынан
    Просмотров: 1230 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz