Әйелдер маскүнемдігі қасіретке айналды - 28 Января 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Қаңтар » 28 » Әйелдер маскүнемдігі қасіретке айналды
    19:45
    Әйелдер маскүнемдігі қасіретке айналды

    Қазіргі таңда әйелдер маскүнемдігі әлеуметті әрі-сәрі күйге түсіріп отырған жайы бар. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетуге тиісті кейбір ана атаулының ащы суға әуестігі бүгінгі қоғамның қасіреті болып отыр. Қанша жерден жолы жіңішке жандарды ондайға қимасақ та, осы күні жиі көзге шалынатын көріністің бірі әйелдер маскүнемдігі деуге толық негіз бар. Алысқа ұзамай-ақ, көше бойынан аяғын әлтек-тәлтек басқан қыз-келіншектерді жиі кездестіретін болдық. Өзегімізді өкініш өртейді. Әрбір шаңырақтың ұйытқысы боларлық аяулы жандардың арақтың құлына айналып, ұлтымыздың атына ұят келтірерлік іс жасауы кім-кімді де түрлі ойға жетелері – анық нәрсе. Осындай олқы соғар көріністер қазақылық қаймағы қалқыған Қызылорда өңірінде де көбейіп бара жатқандығын қалай түсінесіз?..
    Сүрініп жүрген тағдырлар…
    Сырдың бас қаласындағы облыстық наркологиялық орталықта 178 әйел емделуге мәжбүр болып отыр. «Тілеп алған аурудың емі жоқ» дейтін еді қазақ. Маскүнемдік – кім-кімнің де сау басына тілеп алған «сақинасы» емес пе? Тағы да көңілге үрей саларлық дерек бар. Олардың басым көпшілігі баланы өмірге алып келетін жастағылар екен. Бесік тербетіп, үйдің берекесін келтіріп отыратын жандардың аталмыш орталықтың есігін жағалап жүргені – көңілге қаяу саларлық жағдай. Бүгінгі қоғамда әйел затының арақ-шарапқа әуестігі үйреншікті көрініске айналып кеткеніне селт етпейтін тасжүрек бола бастағанымыз да жасырын емес. Олар біріміздің аяулы анамыз, біріміздің асыл жарымыз, біріміздің желкілдеп өскен қызымыз ғой. Алайда жолы жіңішке жандардың «жынды суға» жақындығы ұлт пен ұрпақтың тамырына балта шабу екенін қаперіне іліп жатқан кім бар?
    Емдеу мекемесінің бас дәрігері Төрехан Бектегеннің айтуынша, маскүнемдікке душар болған жандардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Оған қоса, өзінің араққа әуестігін жасырғысы келіп, орталықтың қызметінен бас тартып жүрген әйелдер қаншама…
    Өз басын ала алмай жүр
    Орталықта ем алып жүрген әйелдердің үштен бір бөлігі 40-50 жас аралығында. Бұл шақта адам баласы ақыл тоқтатып қалады емес пе? Өкінішке қарай, ондай қасиет кей әйелдердің бойынан жоғалып бара жатқанын жоғарыдағы дерек дәлелдей түсері анық. Кейде жиын-тойларға барғанда стаканын ала жүгіретін нәзік жандыларды көзіміз көріп жүр. Тіпті ағыңнан жарылған ақ тілекті арақ қабыл етерліктей «ал да алдың» астына алатынын қайтерсің?
    Психолог мамандар әйелдердің ар­аққа әуестенуін төмендегі жайларға байланысты деп бағалайды. Жаныңды жегі құрттай жеген психикалық жарақаттар салдарынан ащы суға құмарлық пайда болады. Сонымен қатар сәтсіз махаббат, жақын адамының опасыздығы, жал­ғыз­бастылық және өзге де жайлар араққа үйір болуға алып келеді. Оның соңы неге соғары белгілі…
    Бала тәрбиелеу құқынан айырылды
    Қызылорда қаласындағы №1 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта 88 бала көзі жәудіреп, ет жақыны әкесі мен шешесін күтеді. Жалпы, онда барлығы 97 бала тәрбиеленіп жатыр. Сонда 88 бала ел аман, жұрт тынышта ата-ананың аялы алақанының жылуын сезінбей өсуге мәжбүр. Олардың ата-аналары бала тәрбиелеу құқынан айырылғандар болып табылады. Басынан сипар анасының өзі арақтың құлына айналып, құлынының тәрбиесіне құлықсыз кейіпке енген. Бұл да – бір қасірет…
    Жалпы, әйелдер маскүнемдігіне селсоқ қарауға болмайды. Қанымызда жоқ қасиет ұлттық қасіретке айналып бара жатқан секілді. Бұл бүгінгі қоғамдағы барлығымыз жүйелі түрде жұмыс жасайтын маңызды мәселенің бірі болса керек-ті.
    Төрехан БЕКТЕГЕН, Қызылорда облыстық наркология орталығының бас дәрігері:

    – Біздің көп жылғы тәжірибеміз әйелдерді алкоголизм ауруынан емдеу өте қиын екенін аңғартып отыр. Оларға қарағанда, ер-азамат­тарға дәру жасау едәуір жеңіл. Бәлкім, ол әйел мінезінің сәл нәрсеге еліккіш екендігінен болса керек. Ішімдікті серік еткен әйелдің денсаулығы нашарлай түседі. Олардың бойында небір созыл­малы кеселдер пайда болады.
    http://www.alashainasy.kz/?p=27076

    Әділжан Үмбет, Қызылорда облысы
    Просмотров: 825 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz