Әйелдер арасында темекі шегушілік жылдан жылға артуда - 20 Августа 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Тамыз » 20 » Әйелдер арасында темекі шегушілік жылдан жылға артуда
    19:40
    Әйелдер арасында темекі шегушілік жылдан жылға артуда


    АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда әйелдердің шамамен 9,8 пайызы темекі шегеді, жылдын жылға оның көрсеткіші артуда. Темекі шегудің ең жоғары деңгейі 20-29 және 40-49 жас топтарында.
    Бұл туралы бүгін Алматыда Дүниежүзілік темекісіз күнге арналған «Қазақстандағы әйелдер арасындағы темекі шегушіліктің өсуі: ахуалы мен салдары» атты тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының директоры Сәуле Диқанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
     
    Оның айтуынша, темекі шегуші әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда 2004 жылы 1-де 5-ті, бүгінде 1-де 3-ті құрайды, ал 13-15 жастағы топта - 1-де 2-ні құрайды. «10 жыл бұрын темекі шегуші ер балалар мен қыздардың ара салмағы 1-де 5-ті, кей жерлерде 1-де 10-ды құраған. Әйелдер арасындағы темекі шегушіліктің ең жоғары дәрежесі 18-19 жас (20%) және 20-29 жас (17,2%) топтарында анықталды», деді ол.
     
    Сәуле Диқанбаеваның пікірінше, әйелдерді темекі шегушілікке қызықтыруда темекі компанияларының жарнамалық маркетингі үлкен рөл атқаруда. «Мысалы, соңғы жылдары Қазақстандағы темекі компаниялары сигареттердің «әйелдерге ғана» арналған әртүрін хош иістермен, сәнді әсем қаптамалармен, шығарып, тауар белгілерін 2 есеге өсіріп отыр». Ол сонымен қатар, темекі шегетін әйелдер ерлерге қарағанда өкпе ауруларына бес есе жиі шалдығады, инфаркт миокарды, тахикардия (жүректің жиі соғуы) сынды жүрек ауруларына ұшырау қауіп- қатері артатындығын, сондай-ақ, ағзаның тез қартаюына әкеліп соқтыратынын айтты.
     
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде әйелдердің 12 пайызы темекі шегеді. Темекі шегушіліктің әйелдер арасында ең көп тарағаны Данияда анықталған - 37 пайыз. Ең көп темекі шегушілер мекендейтін дамушы елдерде әйелдердің 7 пайызы темекі шегеді екен.

    Хабарды орнатқан: Гүлдер
    http://www.massagan.com/
    Просмотров: 1005 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz