ӘЙЕЛ АЗСА… ҚОҒАМ АЗАДЫ - 2 Августа 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Тамыз » 2 » ӘЙЕЛ АЗСА… ҚОҒАМ АЗАДЫ
    16:12
    ӘЙЕЛ АЗСА… ҚОҒАМ АЗАДЫ
     

    Бүгінде біраз жылдардан бері қоғамымызға дерт болып жабысқан жағымсыз көріністер — маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік — біздің қоғамның қазіргі күнгі бас ауруы. Сонымен қатар, батыс және шығыс елдерінде де ғасыр дерті болып саналады. Бүгінде шайтан суд жаны мен ары таза, қызы қырық үйден тыйым көріп өскен, ұлдары үлкенге ізет көрсетіп, ата мінез, салт-сананы бойына сіңіре білген әулет ұрпағының болашағының бұлыңғырлануына әкеп соқтыруда.
     
    Ақ жаулықтылардың ертедегі шығу тарихына көз жүгіртсек, Азиялық араб тайпаларының бірі аты шулы ішімдікті емдік су үшін ойлап тапқаны белгілі. Бірақ ислам дініне дейінгі сол ғасырларда-ақ жойылып кеткен сол араб тайпасының өкілдері тапқан алкогольді ішімдік елді есеңгіретіп, меңіреу күйге айналдырып бара жатқандықтан оған тыйым сала бастады. Дегенмен де бұл дүниежүзіне уытын шашып үлгерді.
     
    Ал қазірде Қазақстанның өзінде дәурені жүріп тұрған алкогольдік ішімдік шығаратын фирмаларда есеп жоқ. Бәсекеге түскен фирмалар өз өнімдерінің бағасы мен тұтынушыларының санын арттыру үшін бүгінде елімізге белгілі халық әртістерінің атымен аталатын «Бибігүл», «Асанәлі» атты ішімдіктерге «есім» боп таңылуы шын мәнісінде біздің ұлтымыздың тұлғаларына лайық па еді? Тіпті сыртқы формасын қазақтың қара домбырасымен әшекейлеп шығарылған спирттік «жынды судың» ұсқыны –бейне қазақта ежелден-ақ пайда болып көрінеді.
     
    Біздің елде, әсіресе жезөкшелік пен нашақорлық саны жастар арасында 1990-шы жылдардан соң күрт өскен болса, бұл осы күнге дейін маскүнемдікпен алысып келе жатқан ұлтымыздың бүгінде онан да сорақысына тап болып отырғандығы еді. Үлкендер арасында жастардың осы бір дерттің құрдымына іліккенін демократияның «кесірі» деп кінәлап жатса, ал кейбірі «...нарыққа байланысты күн көрістің қиындығынан осындай өрескелдікке барады» деп ақтап жатады. Әрине, екі пікірдің де саналы адамзат үшін кереғар екендігі белгілі.
     
    Бұл күнде ең өкініштісі сол ұлтымыздың болашағын алаңдатып отырған осы бір әзәзілдер — ішімдік пен нашақорлық соңғы кездері қыз- келіншектердің арасында «үстемдігін» жүргізіп отыр. Кешеге дейін ішімдікті той-мерекелерде ұрттап қоюдан ары аспай жүрген әйелдер мен қыздардың бүгінгі той-жиындарда арақ пен сыраны жарыса ішуі — ер азаматтан кем түспейді. Және тағы бір өкініштісі – онысын мақтан тұтатын әйелдерге таң қалудан да қалып барамыз. «Қайнағаммен стақан тоғыстырдым», «Мас болып қаппын, күйеуім үйге әрең әкелді», «Күйеуімнен жасырып бір бөтелкені досым екеуміз тауыстық», «Емізулі балам оянғанша бір сыраны ішіп тауыстым» деген пікірлер отбасымның түтіні түзу шықсын деген әйелдің мақсатына ұқсайды ма? Бүгінгі күні көшенің қай түкпіріне зер салсаңыз да ешкімнен қаймықпай, ұялмай-ақ сырасын көтеріп жүрген қазақтың қызы мен әйелін кездестіре аласыз.
     
    Таяуда ғана Алматы қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркология лық орталығы берген мәлімет бойынша бір жыл көлемінде әр түрлі ұлттан құралған 2080 әйел тіркеуде екен. (тіркелмегендері қаншама). Олардың алкогольге шалдыққандары 1931, нашақорлықпен түскендер саны 140, ал токсикоманиядағы – 9-ды көрсетіп тұр. Наркогольдік жеке емдеу орталағының бастығы Мұсабеков Қайрат Махмұдбекұлының өз тіркеуінде биылғы саны 61 әйел ем қабылдауда екен.
     
    Қайрат Махмұдбекұлы олар туралы былай дейді:
     
    — «Біздің жеке орталықтан ем қабылдаушылардың ішінде қазақ әйелдері де баршылық. Бұрын жанұялы болған, балалары барлары да кездеседі. Мұнда әсіресе қазақтарды түбегейлі айығып кете алады деп айта алмаймын. йткені, біздегілер медицина тарапынан көмек Бере алғанымен, рухани тапшылық көріп отырған оларды демеуге қауқары жоқ. Діни сауатсыз бұларға бүгінде діндар аға-апаларымыздың назар аударар түрі жоқ. Мешітке барып өз жағдайларын айтса, ондағылар тек: «Намаз оқыңдар» деп қоя салады екен. өз беттерінше діни кітаптарды қолдарына ұстап алып, ары-бері сандалып жүргенін көресің.
     
    Ешқандай рухани қолдау көрмеген олар айналсоқтап жүріп емханаға тағы да қайта келеді. Есесіне өзге ұлттардың өздерін қолдаған «Иегово куәгерлері» секілді басқа да баптистердің қауымына кіріп кетіп жатқандары қаншама. Кейбірі ол жаққа баруды ар санайды. өз дінінен еш қолдау көрмесе де, мұсылман екендігін ұмытқысы жоқ. Біздің діндарлар осы бір мәселеге жанашырлықпен қараса екен», деп ой түйіндейді емші өз пациенттерінің келешегіне алаңдаушылық танытып. Маскүнемдіктің талай адамзат өмірін тәлкекке салғаны, талай жанұялардың түбіне жеткені жайлы баспасөздерде аз жазылып жүрген жоқ.
     
    Осы бір «ақ жаулықты» ағайын қазақ топырағына қай мезгілде келді? Біз оқыған қазақтың марқасқа жазушылары М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Майлин сынды басқа да жазушылардың қазан төңкерісіне дейінгі қазақ өмірін қамтитын шығармаларында бірде-бір қазақтың «арақ ішіп мас болып қалды», немесе «арақ ішіп мынадай қылмыс жасады» деген әңгімелерді кездестірген жоқпыз. Сол себепті де біздің елде қазан төңкерісіне дейін арақ атаулы мүлдем болмады деуге толық негіз бар. Біздің ата-бабаларымыз тек қымыз бен шұбат ішті, әрі оны қадірлей білді.
     
    Кеңес үкіметі құрылғаннан бастап- ақ, қазақ жеріне және Орта Азияның басқа да аймақтарына қоныс аударған славян халықтары өздерімен бірге осынау спирттік ішімдікті де ала келді. Мұны сол дәуірлерді толғайтын тарихи кітаптар мен фильмдерден көреміз. Ертеде ата-бабаларымыз ұл-қыздарының тәрбиесіне байланысты қаншама ғибратты сөздер мен мақал-мәтелдер қалдырды.
     
    Ал бүгін арақтың кесірінен (Шын мәнісінде 80-ші жылдардан соң-ақ) рухани тоқырауға түскен ұрпақ жөнінде: «Арақ – атаңнан қалған ас емес», «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе ырысыңның кеткені» деген сияқты басқа да араққа тән сипаттағы бірнеше мақалдардың пайда болуы — үлкенді сыйлап алдын кесіп өтпеген ұрпақтарымыздың теңі ме еді? Бұл мақалдар бертін келе, яғни кеңес одағы тұсында дүниеге келді. Қазір де осы алкогольдіктен құтылудың жолы — бүкіләлемдік мәселе боп қойылғалы қай заман. Спирттік ішімдікті сату, көбеймесе, азаяр түрі жоқ. өзі қалай мөлдір болса, бизнес пен экономиканың да мөлдір көзі болып табыла білген бұл жәһанның уытының әлі «келешегі» қалай болар екен? Кейбір ғылыми мәліметтерге жүгінсек, соғыс жылдарынан бастап ішімдік пен нанның көбею кезеңін былай көрсетеді (кестеде): Бұл дәлелге қарап,
     
    Кеңес үкіметі құрылған соң ішімдіктің халқымыздың арасында біртіндеп тарап, соңында сананы билеп алғандығын көріп отырмыз. Ресейлік ғалым, медицина ғылым- дарының докторы Владимир Ждановтың алкогольдерді зерттеу жұмыстарына қарағанда – әлем бойынша 62 млн алкогольге әуестенушілер бар екен. Ал Ресей өз халқының 50 пайызын құрап отыр. Біздің елімізде бір қанағат етерлігі сол, саналы ұрпақ жалғасын тауып көптеген жастар мен ересектер ислам дініне бет бұруда.
     
    Алайда әйелдер тарапына тағы бір жүз бұрар болсақ, осы кездері хиджаб киіп, бес уақыт намазын оқып жүрген қыз-келіншектерді өз таныс-жақындарының өзі «мұны қоя тұрып», ішімдіктің дәмін татып өмір сүруге үгіттейді. Ал олар ұл-қыздарына да осыны үйрете ме қалай? «Әйел — бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», деген қазақ мақалынан соншалықты Ұлылықты аңғарасың. Ал бір қолында темекісі, бір қолында сырасы жүрген әйел-аналар өз балаларының келешегінен нені күтпекші?! Бүгінде егеменді еліміздің өркениеттілікке жол алған ұлы бастамасында осы бір қасіретті судың жер бетінен жойылуына әр жанұяда қолға алынса, әзәзіл түбіне балта шабылары даусыз. «Отан от басынан басталады» емес пе? Осының ең алғашқы бастауы ретінде қазіргі күнде көптеген тойларды ішімдіксіз өткізуден ниеттің түзулігін аңғарып, халқымыз болашағынан үміт күтеміз.
     
    Шара ҚҰРБАНОВА "Жас қазақ үні" газеті блогындағы мақалалардың толық нұсқасын
    газеттің www. jasqazaquni.kz сайтынан оқуға болады.
    Просмотров: 1397 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz