Интернетпен ауырмаңызшы! - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:42
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Интернетпен ауырмаңызшы!
    20:40
    Интернетпен ауырмаңызшы!

    Бірде виртуалды әлемге кірмек боп, электронды жәшігінің кілтсөзін іздеп әуреге түскен әпкеме 1 курста оқитын сіңлімнің «сіз де интернетпен ауыр­ма­ңызшы!» дегені. Сіңлімнің осы сөзі ойлантып тас­тады. Расымен де біздің интернетпен «ауыра» бас­­тағанымыз ба? Біздікі жай қызығушылық емес пе? Ғаламтор мен біз әңгіме етіп отыр­ған әлеуметтік желілердің тілі қа­зақша енді-енді шығып келеді.
     
    «Тамыз айынын 13-ы жа­кындаган сайын, калалык халык­ка кызмет корсету орталыктарын­дагы ұзын-сонар кезек азаяр емес» деп кезекті мақаланың ба­сын бастай беріп, алғашқы сөйле­міме көз жүгіртсем, кирилл әліп­биіндегі бірде-бір қазақ қарпі жоқ... Бұл - менің ғаламторда ке­ңінен тараған әлеуметтік желінің арқасында қалыптас­тырған «за­манауи жазу тәсілім». Агент деген керемет арқылы қырт әңгіме айту барысында «әңгі­мелесушіме» те­зірек жауап қату және агенттің қазақша тілі әлі шықпағандықтан, ана тілімдегі «ә», «і», «ң», «ғ», «ү», «ұ», «қ», «ө», «һ» секілді әріптерді таң­балауды түгелімен әліпбидегі үндес қа­ріптермен алмастырып алғанмын.
     
    Пернетақтаны үздіксіз сыртылдататын саусақтарым оның қазақ қаріптері орналасқан қа­тарына жоламайды да. Тез жазамын деп, қате теретінім өз алдына, мұн­дай бағдарламалардың қазақ қа­ріптерін оқымауының кесірінен, са­уаттан да айырылып барады екенмін.
    Әлемтордағы қазақ тілінің мә­селесі өз алдына, біз бүгін шы­нымен де «әлеуметтік желі» деп ат беріп, айдар таққан виртуалды өмір адамды расымен де әлеу­метке, осы қоғамға бейімдей ме деген сауалға жауап іздеп көрсек.
    Шыны керек, жұмыстан қо­лымыз титтей қалт ете қалса, (тіпті кейде мұрнымыздан сүрлігіп жат­сақ та) ермек қылатынымыз - ға­ламтор. Нақтылап айтқанда, за­манауи тілмен - әлеуметтік желі. Тәубе, оның түр-түрінен тап­шы­лық көріп жатқан біз жоқ. «Ме­нің әлемімнен» бастап кете бе­реді... Және бәрі «ru» доме­ніндегі желі­лер. Сағаттап отырып біреудің су­ретін көріп, виртуалды өмірімен танысып, айтқан сөз­дерін оқудан жалықпаймыз. Өзі­міздің блогы­мызды жүргізіп, қа­зақтілді интер­неттің дамуына аз да болса үлес қосып жатсақ бір сәрі, шындап келгенде, виртуалды дос табу мен олармен әңгіме ай­тумен-ақ уақыт өткіземіз. Әлеу­меттік желінің бас­ты мақсаты да - адамдардың қо­ғаммен етене араласуына ықпал жасап, жаңа таныс пен дос-жар табуына кө­мектесу екені белгілі.
     
    Өзіңмен пікірлес, ойлас, қызығу­шылығы бір жандарды табуға да тигізер әсері мол делінеді. Мәсе­лен, менің «Мой мирімде» жүзден аса «досым» бар. Олардың көп­шілігі шынайы өмірімде елестетіп көр­меген, танымайтын адам­дарым. Виртуалды әлемде «дос» сана­тында болғанымызбен, анда-санда аман­дасып қойғанымыз болмаса, жа­рытып әңгіме де айтпаймыз. Ме­нің айналдырған жүз досым бар, ал кейбіреулердің «достарының» тізіміне көз жі­берсек, бірнеше мың­нан асады. Олардың бәрімен әңгіме-дүкен құрмаса да, байла­нысын үзбейтіні анық. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне назар салсақ, елі­мізде жылдан-жылға қа­тары кө­бейіп келе жатқан интернет пай­даланушылардың басым бө­лігіне ғаламтор әлеуметтік желіге кіру үшін керек екен.
     
    Қазіргі кезде Қазақстан халқының 16 пайызға жуығы интернет пайдаланушы­лардың қатарында. Осы он алты па­йыздың қаншасы әлеуметтік желіде отырады деп дерек іздеп әуреге түспей-ақ, өзімізге, айна­ламызға қарап көрейікші? Мә­селен, менің сіңлім виртуалды дос­тарының не істегенін, оның «әле­міне» не деп «запись» жазға­нын, суреттеріне қандай «ком­мент» қалдырғанын қарау үшін бар шаруасын жинап тастап, интер­нетті ақтаруға даяр. Ал ұялы байланысына жүктеген «агент» арқылы түннің біруағына дейін виртуалды таныстарымен әңгіме айтады. Өзімнің де жұмысқа келе сала, «әлемдегі» жаңалықтарға көз жүгірткім келіп тұрады...
    «Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, ол адамзат ба­ласына өзіндік игіліктерімен қа­тар, түрлі проблемаларын да алып келуде. Қазіргі кезде адамдарда вир­туалды әлемге, интернетке деген тәуелділік пайда болды. Бұны пси­хологияда «интернет ад­дикция» деп атайды. Аддикция де­геніміз - бір нәрсеге деген тә­уелділік. Бұл бүгінде қоғам үшін де, ата-ана үшін де, жеке тұлға үшін де үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Психологиялық тұр­ғыдан алып қарасақ, интернетке тәуелділіктің көп негативті жақ­тары бар. Бі­ріншіден, виртуалды әлеммен өмір сүретін жандар өзгелермен тікелей, тірі қарым-қатынасқа түсуден шығып қалады.
     
    Адам жасанды жолмен өзінің эмо­циясын, пси­хо­логиялық күйін өз­герткісі келеді. Өйткені вир­туалды әлемде отыр­ған адам, қанша әң­гіме айтса да, арғы жақта отырған адамды тірідей көрме­гендіктен, өзгеше бір иллюзияға кіреді. Бұл күй уақыт өте келе өзіне қатты ұнай бас­тайтыны сон­шалық, одан арыла ал­май қалуы мүмкін. Адам­мен ті­келей, бетпе-бет сөйлескен кездегі күй өзгеше де, ал сырттай, субъек­тивті түрде байланысқа түскендегі күй тіптен басқа. Біз отбасында, жұмыста, оқу орнында адамдармен аралас­қанымызда, түрлі шиеленісті жағ­дайлар туын­дап, бірде жеңіліп, бірде жеңіп жатамыз. Компьютер арқылы бай­ланысқа түсу адамға көптеген же­ңілдіктер береді және өзін қауіпсіз жағдайда ұстауға мүмкіндік жа­сайды. Сонымен қа­тар, егер бала бұрын достарының алдында өзін дәлелдей алмаса, өзін таныта ал­май жүрсе, ком­пьютер арқылы адам­дармен «ара­ласу» оған жеңіл тиеді де, өзі со­ған сеніп, қалайша виртуалды әлемнің шыр­мауына түскенін байқамай қалады. Сөйтіп, интер­нет оның эмоциясын, қуа­тын, уақытын алады.
     
    «Интер­нет аддикция» қазір тек жастарда емес, үлкен адамдарда да бар. Өз орта­сында өзін дәлелдей алмай, қа­рым-қатынасқа түсе алмай жүр­гендер интернетті алданыш кө­реді. Таза психологиялық тұрғы­дан алып қарасақ, бұндай вир­­­­­туалды әлемдер азамзат ба­ласына өте қауіпті нәрсе. Заман ағымына қа­рай, ад­дективті мінез-құлық деген ұғым пайда болды. Ал аддективті мінез-құлық - деструктивті мінез-құ­лықтың бір формасы. Бұл ауыт­қушылыққа әкеліп соғады. Басында жай қы­зығушылық туын­­­да­ға­ны­мен, уа­қыт өте келе, ол тә­уел­ділікке ай­налады», - дейді психо­логия ғы­лымдарының док­торы Светлана Бердібаева.
    Маманның айтуынша, вир­туалды әлеммен өмір сүру адамды жалғыздық сезіміне бөлеп, ол қоғамнан бөліне бастайды. Адамға әркез психологиялық жайлы жағ­дай керек.
     
    Интернет-өмір осы «жайлылықты» сыйлағанымен, ол әлеуметтік-психологиялық бе­йім­де­луден алыстап кетеді. «Вир­туал­ды әлемде адамдар өзінің психо­логиялық жай-күйін жа­санды түрде өзгертеді, - дейді психолог. - Жасанды түрде алған жағымды эмоцияның барлығы да уақытша, ғұмыры қысқа дүние. Бұл әлем адамның уақыты мен күш-қуатын алған сайын, жеке өміріне, жұмы­сына кері әсерін тигізеді. Мәселен, студенттің оқу үлгерімі нашарлап, тұлғалық «Мен» концепциясы бұзылады да, өзін-өзі бағалауы төмендейді, сыни көзқарас жойы­лады. Же­лінің арғы жағында отырған адам­да да жа­сандылық басым. Сон­дықтан өз кемшіліктері мен ар­­тықшы­лық­тарын көре ал­майды».
    Сонымен қатар, тәуелділікке ұшыраған жан ашуланшақ, тұйық болып, жалғыздықты жақсы көріп кетеді екен. Бірақ қазіргі кезде «ин­­тернет тәуелділік» деген проб­лема белгілі бір заңмен негізделiп, меди­циналық категория қатарына кіргізiлмеген. Светлана Бердібаева­ның әңгімелеуінше, бұл мәселе әлі толық зерттелмей жатыр. Сондық­тан адамдар оған көп мән бермейді екен. Осы орайда пси­холог әлеу­меттік желілердің пай­далы жағы бар екенін де жоққа шығармайды. Олар танымдық қа­рым-қатынас тұрғысынан ал­ғанда, өте тамаша құрал. Деген­мен «бетпе-бет оты­рып әңгіме айтқанға ештеңе жет­пейді» деп пайымдайды маман.
     
    Әрине, бізде батыстағыдай интер­нетке тәуел­ділердің қатары көп емес. Бірақ та жылдан-жылға ин­тернет пайда­ланушылардың саны өскен са­йын, виртуалды әлеммен өмір сү­ретін жандардың қатары да қа­­­­лыңдай бермек. Сондықтан оған көз жұма қарауға болмайды. Әсі­ресе, бұл өскелең ұрпақ үшін қа­уіпті. Бүгінде үйінде интернеті бар отбасыларда балаларының ай­налдыратын ермегі - компью­терлік ойындар мен әлеуметтік желілер. Светлана Қыдырбекқызы жаста­йынан виртуалды әлемге бойы үйреніп кеткен бала есей­генде ерік-жігері мықты тұлға болып қалыптасады деу қиын екендігін айта­ды. Осы орайда ол психо­ло­гиялық, медициналық тұр­ғыдан зерттеп, қоғамда оған белгілі бір статус беру керек екендігін алға тартады. «Ал ин­тернет тәуелділікке түспес үшін, адамның қолы бос болмауы, вир­туалды емес, шынайы достарды іздеуі керек» - дейді маман.

    Үмітжан ЖАПАР
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 1041 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz