Интернетке тәуелділік - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Интернетке тәуелділік
    19:11
    Интернетке тәуелділік

    Калифорниялық бір ер кісі Online-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы интернеттің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін интернетте отыру үйімнің болғанынан да артығырақ.
     
    Мен интернеттен көп достар таптым. ”
    Жоғарыда аталып өткен оқиға Интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді. Енді осы психикалық ауру жайлы қарастырып көрелік. Себебі неде? Симптомдары қандай? сынды сұрақтардың жауабын іздейік.
    Анықтамасы.
    Интернетке тәуелділік дегеніміз ауру ма? деген сұраққа сан түрлі жауап алуға болады, яғни, тартысқа толы сұрақ. Егер алкагольді ішімдіктерге тәуелділікті ауыр екендігін бұрыннан-ақ білсек, интернетке тәуелділікті де аурулар қатарына жатқызуға болады ма? Қанша дегенмен де ұқсастықтары баршылық қой.
    Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.
    Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Ivan Goldberg-тің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған. Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.
    Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауоуға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.
    Bernad Batinic, (ғалым, Гисен университеті (Германия), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.
    Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады.
    Себептері.
    Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болған да да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.
    Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернетарқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады.
    Симптомдары.
    Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген: Интернетте жиі әрі бас алмай (ішіне кіріп кеткендей) отыру; Бақылауды жоғалту (белгілеген уақытынан көп отыру); Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу); Жұмысын қысқартып, оны тастап, интернетке ұмтылып тұру; Интернетте отыруды әдетке айналдыру; Интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы; Көп рет интернет пайдалануды қоямын деп қоя алмау;
    Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді: Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді; Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады; Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады; Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.
    Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес: Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі; Шынайы өмірден алшақтап кету; Іс-әректі мен мінезінің құбылуы; Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары); Жұмыстан айырылу және кедейлене бастау.

    © www.onmeda.de
    фото:http://www.technofresh.ru
    Ақпарат көзі: www.auyl.biz
    Просмотров: 2288 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz