ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА - 21 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 21 » ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА
    19:14
    ЕСІРТКІНІҢ ЗИЯНЫ: ӨЗІҢЕ БАСҚА КӨЗБЕН ҚАРА
    Өкінішке орай, бүгінде жас адамның кейбіреуі есірткі тұтынатын ең кемі бір танысының есімін атай алады. Олардың көбісі енді тірілер санатында емес. Мұның бәрі қалай басталған еді? Сіз бірге өстіңіз, оқыдыңыз немесе тек қана көрші болып тұрдыңыз. Уақыт өте келе адамда алдымен стресске, шаршауға жатқызуға болатын кейбір оғаш қылықтарды байқай бастайсыз. Бірақ кейін мұның бәрінің қарапайым еместігін түсінесіз.
    Адамға тереңірек үңілсеңіз, оның бұрынғы дос және жолдас еместігін аңғарасыз. Ол ызақор, көңіл-күйі жиі өзгеріске ұшыраған, көбіне аса озбыр адам. Сен онымен мұндай нәрсенің неге болғанын түсінбейсің. Оның өтілі бар нашақор екендігіне сену қиын.
     
    Есірткінің зияны жан түршігерлік, оны алдын ала болжауға болады. Мұндай нәрсе қай кезде және қалай болды? Жастарды есірткі еліткішіне жетелейтін негізгі түрткі қызығушылық және еліктеу болып табылады, ал кейде есірткі тұтынуға оны барынша тәжірибелі достары үйретеді және мәжбүрлейді, олар бағалы қымбат у «сыйлап» жаңа адамдарды өз торына түсіреді.
     
    Жастар арасында мынадай кереғар пікір қалыптасқан: егер есірткіні сынап көру үшін бір рет қабылдасаң, онда тұрған ешқандай қауіп жоқ. Алайда бұл қатерлі қателесу, өйткені есірткі зиянының негізгі проблемаларының бірі бойдан кешірген есіру сезімін қайталау тілегі. Бұл оны есірткіге құлдық тәуелділікке жетелейді. Жасөспірімде бұрыннан бар қызығушылықтар мен әуестіктер жоғалады. Әлсіздік, ұйқысыздық, тәбеттің жоғалуы, жүдеу пайда болады.
     
    Есірткі уын тұрақты тұтынатын адамның бет-бейнесі тартымдылықтан аулақ жатыр: шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән портрет. Есірткінің зияны міндетті түрде адам психикасының өзгеруімен сабақтас, ол дөрекіліктен, айналысындағыларға бей-жайлықтан, қатыгездіктен, қарым-қатынас қиындығынан білінеді.
     
    Нашақордың қылығы бұл осы сәттегі ләззатқа тәуелді болғаны соншалық, оны төніп келе жатқан қатерді ойлауға мәжібүрлеу мүмкін емес. Белгілі бір уақыттан соң есірткі оған көтеріңкі көңіл-күй үшін емес, салыстырмалы түрдегі қалыпты өзіндік сезімді ұстап тұру үшін қажет болатын сондай сәт туады. Оларсыз өмір мүмкін емес болады. Өйткені есірткіге бойы үйренген бейшара ауру адамдар бір мөлшер (доза) үшін кез-келген ақша беруге әзір. Есірткіге жан-түршігерлік тәуелділік адамды тек қана есірткі іздеп табу үшін бәріне – алдауға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге итермелейді. Бұл тек есірткінің көзге көрінер зияны.
     
    Есірткі заттарының адам организміне, оның тіршілігіне және қызметтеріне әсері үш әртүрлі аспектілерден көрінеді. Біріншіден, есірткі тәуелділік синдромының дамуын шақырып белгілі бір жүйелер мен ми құрылымына спецификалық ықпал етеді. Екіншіден, олар организмінің барлық ішкі азғалары мен жүйелеріне спецификалық әсер қылады. Әр түрлі ағзалардың токсикалық зақымдалуы тәуелділік синдромының білінуімен тікелей сабақтас еместігін атап көрсету керек. Алайда бұл есірткінің зиянының ең күйретер аспектісі. Адам іштей іріп-шіри бастайды, бауыр, жүрек, ішек және басқалары сияқты барлық маңызды ағзалар зақымданады. Адам организмінің ең қажет қызметтері (функциялары) қалыпты жұмыс істеуін тияды, алайда нашақорға «кәйіпте» жатып бұл проблемаларды ойлауға еш уақыты жоқ. Сондықтан оны өзінің сыртқы бейнесі аз қызықтырады.
    Сонымен бірге, ақыр соңында, үшіншіден, ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері еш талас тудырмайды. Көптеген медициналық-генетикалық зерттеулер арқылы ата-аналары араққұмарлыққа және нашақорлыққа шалдыққан балаларда аталған кеселдердің даму қауіпінің барынша жоғары екендігі дәлелденген. Сондай-ақ мұндай балалардың көбісінде сол немесе басқа мінездік және қылықтың ауытқулар болады! Жоғары қозу, озбырлық, торығу (депрессивтік) жағдайлардың дамуына бейімділік және басқалары. Әйелдің жүктілік кезінде есірткі тұтынуы қалыптасқан есірткі тәуелділігі бар баланың дүниеге келу себебі болуы мүмкін.
     
    Есірткінің зиянының мынадай заңын құрастыруға болады: нашақор кезекті есірткілік мастануды күтумен ғана айналысатын қатігез менменге (эгоистке) айналған тұлға ретінде азып-тозады.
     
    Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,
    дәрігер, медициналық психолог
    Просмотров: 3250 | Добавил: наркология | Теги: зияны, нашақор, Есірткі | Рейтинг: 3.3/3
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz