Есірткіні алмастыратын «метадондық бағдарлама» нашақорлықпен күрестің тиімді жолы бола ала ма? - 7 Июня 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Маусым » 7 » Есірткіні алмастыратын «метадондық бағдарлама» нашақорлықпен күрестің тиімді жолы бола ала ма?
    19:37
    Есірткіні алмастыратын «метадондық бағдарлама» нашақорлықпен күрестің тиімді жолы бола ала ма?



    Күнде бір жаңалық естиміз. Бірі – жақсы, бірі - жаман. Алайда олардың барлығы бірдей ел назарына іліге бермейді. Ал «метадондық бағдарлама» қабылданды» деген ақпарат жұртты қатты дүрліктіріп жіберді.
    «Елде басқа проблема жоқтай, бюджет ақшасына есірткі сатып алу – барып тұрған бассыздық», «Одан да қаржысының жоқтығынан баласын емдей алмай жүрген ата-аналарға көмектессе етті», «Обалы кімге?», «Құзырлы министрлік басшылығы осыдан кейін қалай тыныш ұйықтайды екен?» Осы сынды өткір пікірлер бүгінгі күні сайттарды жаулап алды. Тек сайттарда ғана емес, кейбір аймақтарда «метадондық бағдарламаға» қарсы акциялар ұйымдастырылуда. Ал «метадондық бағдарлама» жайында, жалпы, метадон препараты төңірегінде төмендегі мамандар былай дейді:

    Кеңес Үшбаев, профессор, фармацевтика ғылымының докторы:
    Жоқ
    – Көпшілік бұл хабарды төбелерінен жай түскендей қабылдады. БАҚ жаңалықтарын оқып, түйгенім – жұртшылық бұған қарсы. Тіпті «нашақорлар есірткілік затпен бұдан былай бюджет есебінен қамтамасыз етілетін болды» деген сөздің өзі де құлаққа түрпідей тиеді екен.
    Фармацевт ғалым ретінде айтарым, метадонның кері әсері өте көп. Әсіресе адамның бауырына аса зиян. Оның үстіне нашақордың денсаулығы қайбір оңған дейсің, олардан бірнеше аурудың түрін табуға болады. Ал денсаулығы нашар адамға метадон тіптен қауіпті.
    Мен өз басым «метадондық бағдарламаға» қарсымын.
    Естуімше, көптеген елдерде ғалымдар метадонның адамға аса зиян екендігін анықтап, одан бас тартуға үндеуде. Ал біздің елде керісінше, жаңалық ашқандай болып жатырмыз. Негізі, метадонды емдік қасиеті бар деп жатады. Мамандар елдегі нашақордың шамамен 50 пайызын осы метадондық бағдарлама арқылы емдеуге болады деп үміттеніп отыр. Алайда метадонның да есірткілік заттар тобына жататындығын естен шығармайық.
    Тарих беттеріне көз жүгіртсек, өткен ғасырдың орта шенінде метадон есірткілік зат қатарына жатпайды деп, кең қолданылған. Алайда метадонға тәуелді адамдарды тексере келе, ДДҰ жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде метадонды пайдалануға тыйым салады. Сөйтіп, 1961 жылы БҰҰ метадонды нөмірі бір есірткілік заттар тізіміне қосқан. Ал енді әлемдік ақпараттарға қысқаша тоқтала кетсем, «метадондық бағдарлама» қолданылған Швецияда тоғыз жыл ішінде аталған бағдарламаның 33 пайыз қатысушысы өлген. Ал бағдарламаға қатысқандардың 69 пайызы қылмыс жасауын тоқтатпаған. АҚШ-та 1999-2004 жылдар аралығында метадон пайдаланғандар арасындағы өлім 390 пайызға артқан. Литвада болса, «метадондық бағдарлама» жұмыс істеген кезеңдері нашақорлар саны 8 пайызға көбейген. Белоруссияда метадонға тәуелділер тіпті героин пайдаланатындар санынан асып түскен. Айта берсе, осы сынды мысалдар көп.
    Әрине, құзырлы министрлік метадондық бағдарлама аясында нашақорлық пен нашақорлардан тарайтын жұқпалы аурулардың алдын алуды ойлап отыр. Сондай-ақ «нашақорлар тарапынан болатын қылмыс саны азаюы мүмкін» дейді. Бірақ менің оған күмәнім бар.
    Ең маңыздысы – адамды бірқатар есірткілік заттарға тәуелділіктен құтқаруға болатын болса, метадон пайдаланатындарды емдеу мүмкін емес. Сондай-ақ метадонға адам тез үйренеді.
    Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға Үкімет қомақты қаржы құйып отыр. Одан да сол ақшаны нашақорларды метадонсыз емдеуге жұмсаса етті. Емдеу тәсілінің өз тәжірибеміз де бар, яғни дәстүрлі медициналық жолды қолдана берсе, сол әлдеқайда тиімді.
    Жаңа бағдарлама жаңа проблема тауып беріп жүрмесін. Қысқасы, «метадондық бағдарлама» есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің тиімді жолы деп ойламаймын

    Владимир Слесарев, СПИД-тің алдын алу және онымен күрестің республикалық орталығының бас директоры:
    Иә
    – Денсаулық сақтау министрлігінің «метадондық бағдарламаны» қолдап отырғандары дұрыс дер едім. Сөз басында айта кетейін, аталған бағдарламаны мемлекет өзі қаржыландырмақ. Негізі, бұл бағдарлама 2009 жылы Теміртау, Павлодар қалаларында сынақтан өтті. Онымен барлығы 50 адам қамтылды. Осы пилотты жоба «метадондық бағдарламаның» қаншалықты тиімді екендігін аңғартып отыр.
    Мысал ретінде айта кетейін, бағдарлама сыналған мерзімде бірде-бір ВИЧ/СПИД індетін таратушы тіркелмеді. Сонымен қатар сыналған топтағы нашақорлар қолымен жасалған қылмыстардың алды алынды.
    Жоғарыда сөз болған 50 адам қоғамға бейімделе түсті. Нәтижесінде, алты отбасы қайта қосылып, олардың кейбірінің қазір балалары бар. Енді бірнешеуі оқуларын жалғастырды.
    Бұл бес жылдық бағдарламаның алға қойған мақсаты не? Ең бастысы – бағдарлама елдегі есірткіні инъекциялық жолмен пайдаланатын нашақорлар санын азайтуға айрықша ықпал етеді. Сондай-ақ нашақорлар тарапынан болатын қылмыстардың алдын аламыз. Өздеріңіз білесіздер, есірткілік зат сатып алу үшін нашақор адам өлтіруге дейін барады. Қазіргі кезде нашақорлар жасаған қылмыстар көп тіркелуде. Тағы бір айта кетерлігі, егер «метадондық бағдарлама» мамандар ойлағандай жүзеге асса, ВИЧ/СПИД ауруларын таратушылардың қатары күрт сирей түспек. Қоғамға қауіп төндіріп тұрған ВИЧ/СПИД індеті көбіне-көп осы нашақорлардан тарайтынын ұмытпайық. Мәселен, мамандар берген мәліметке қарағанда, өткен жылы тіркелген нашақорлардың 55 пайызы – ВИЧ/СПИД-тің тұзағына түскендер.
    Сондықтан да аталған бағдарламаны сынға алғанша, елдегі жағдайға тереңірек үңіліп алған жөн. Өкінішке қарай, кәнігі нашақорды түпкілікті емдеу неғайбыл. Ал нашақорлардың қазіргі қолданып жүрген есірткілік препараттарды метадонмен алмастырсақ, жоғарыда сөз болған бірқатар түйінді мәселені оң шешуге қол жеткіземіз.
    Есірткілік затты алмастырушы метадон есепте тұрған нашақорға тиісті орындар арқылы сұйықтық түрінде тегін беріліп отыратын болады. Осы тұста айта кетейін, метадонның таратылуы қатаң қадағаланбақ.
    Бағдарламаға сәйкес, жуықта барлық аймақтардағы нашақорлар тізімі жасалып, метадонмен қамтамасыз етуші арнайы орындар ашу көзделуде. Әзірше бағдарлама 2 мың адаммен шектеліп отыр. Негізі, 10 мың адамды қамтамасыз ету жоспарланған. Алайда қаржының аздығынан бұл санды 2 мыңға шегеруге тура келді.
    «Метадондық бағдарламаға» 1,5 миллиард қаржы керек. Бұл әзірге ұсыныс қана. Ал нақты қанша қаржы бөлінеді, ол алдағы уақытта белгілі болмақ.
    Әрине қоғамның ой тастап, бұл мәселені жіті бақылап отырғандары қуантады. Сөз соңында айтарым, «метадондық бағдарлама» әлі-ақ тиімділігін көрсетеді.
    Түйін
    Нәйлә Тоқтарқызы, медицина ғылымының докторы, профессор, нарколог:
    – Біле білсеңіздер, метадон кезінде жауынгерлер арасындағы нашақорларға таратылған. Әсіресе Фашистік Германияда кең қолданылды. Өз тәжірибесінде сынап көрген еуропалық елдер қазір «метадондық бағдарламадан» үзілді-кесілді бас тартып отыр. Өйткені олар метадонның қаншалықты қасірет әкелетініне көздері жетті. Бұрынғы КСРО елдері құдды бір күресін сияқты, жарамай қалған қалдықтарды бізге қарай итере салатын.
    Метадон зауыты әлі де жұмыс істеп тұр. Көпшілік елдер метадонға тыйым салып жатқанда әлбетте зауыт банкрот болады. Амалын тапты да, ендігі кезекте Қазақстанды пайдаланбақ. Мұның артында нашақорлықпен күрес емес, белгілі бір топтардың, яғни есірткі бизнесін кәсіп қылғандардың мүддесі тұр дер едім. Көпшілік Денсаулық сақтау министрлігін кінәлайды, бұл бассыздықта оның еш қолтаңбасы жоқ. Мүдделі топ жоғарыда.
    «Екі жылдай мерзім аралығында метадонды сынақтан өткіздік» деп жатыр, ол – рас. Алайда түптің-түбінде рұқсат беретініне өз басым сенімді болдым.
    Метадон – өте қауіпті. Бұл да кәдімгі есірткілік препарат. Метадонды қолданған сайын адамның оған тәуелділігі арта түседі. Сондай-ақ адам ағзасы оның мөлшерін ұлғайта түсуді қажет етіп отырады. Ал жобаны ұсынушылар ертеңгі күні олардың барлығының «құмарын қандырып» отыруды өз жауапкершілігіне алар ма екен?
    Дайындаған Ләззат Билан
    http://www.alashainasy.kz/
    Просмотров: 797 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz