Есірткімен күрес шын жүргізіледі ме? - 23 Января 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:42
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Қаңтар » 23 » Есірткімен күрес шын жүргізіледі ме?
    16:11
    Есірткімен күрес шын жүргізіледі ме?


    Егер мен есірткімен күресу керек немесе есірткінің таралуына жол бермеу керек десем менікі жай бір еріккеннің ермегі болып шығар еді. Яғни артық айтылған, мыңдаған мықты тұлғалардың басын қатырған сөз болып қана қалады онда.
    Ал менің айтпағым сол айтылып, ұрандалғанның бәрі неге іске аспайды онда?
    Турасы сол есірткіні тоқтату үшін қаншама қаржы-қаражат бөлініп жатса да бұл сұмдық ағынның тоқталатын түрі жақын арада көрінбейді?
    Демек мұнда бір жатқан құпия бар десек жаңылыспаймыз.
     
    Есірткінің орталығы болған Ауғаныстанда әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ. Шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес.
    Себебі Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқылы ауғандық талибтер қорларын толтырып, қару-жарақ сатып алып НАТО-ға қарсы шайқасын жалғастырады. Ал егер талибтер шайқасын тоқтатса, онда НАТО-әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды. Олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр. Яғни, талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес, бүкіл әлемге жария етеді де Американ және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалтырып, елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз. Мұндай жағдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады.
     
    Гәп мынада: қазір американ әскерлерінің қарулар сапына келіп түсіп жатқан кез-келген қару жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді, мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ. Және жай ғана сынап қоймай, шын жаулармен атыста қолданылып, неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді. Мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды. Ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан американ зымырандары Қытай мен Ресей тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет. Парсы шығанағында орналасқан американ әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса, ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан тең келетін ешкімнің де әскері жоқ.
     
    Қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады. Қазір бұл фантазия емес, тек уақыт шешімі ғана болып қалды. Өйткені ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет. Ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын қанымдауға жеткілікті. Сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор. Ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр. Анау Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі. Сол жанкешті террористерді дайындауға нақта бағыт пен материалдық көмек беріп, оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA). Бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып, олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет.
     
    Енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңістік елдеріне және сол елдер арқылы Еуропаға жетеді. Ал халықаралық есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады. АҚШ үшін бұл ақша тұрақты түрде айналымдағы американ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал. Бұл айтылған себептер АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.
     
    Ал орыстар үшін ше? Бұл есірткі таралымы орыстар үшін де тиімді, себеп: америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді. Орыстардың әйгілі Калашниковы террористер үшін теңдессіз әрі кез келген бронды желетті тесіп өте алады, ал орыс РПГ-сы АҚШ тың хаммерларын жаруға таптырмайтын қару. Енді онда сатылатын қарулардың оқтары мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама миллиардтаған сомаға тап боласың. Ал әрбір өлген АҚШ солдаты орыстар үшін тек қана ПЛЮС болып отырады. Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып, күл парша ететін гранатометтар жасау үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.
     
    Сол баяғыша орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады. Әлі де бір-бірімен жағалау үстінде. Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны, келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер. Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтын көрінеді. Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді. Бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек. Ал есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс, жасырын түрде. Мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып, өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған АҚШ долларымен пайда табады.
     
    Сондықтан ел не демейді деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы ақша-қаражат бөліп қойып, кейін оны мың еселеп қайтарып алады. Ал есірткімен күресте ең үлкен жүк емес, ең кішкентай жүк пен ұсақ ұрылар ғана қолға түседі. Оларды іздеумен айналысатындар айналып келіп сол баяғы жоғарғы көкеге жұмыс істейді мыс.
     
     
     
    Міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қиындай береді.
    Ал Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр:”Астана- есірткісіз қала”.
    Оқып тұрып іштей ғана тамсанып:Қайран ақша!
     
     
    Бұл мақала сайттың жеке көзқарасын білдірмейді. Админ
    Просмотров: 846 | Добавил: наркология | Теги: нашақорлыққа қарсы күрес, Есірткі | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz