ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ШЫН ЖҮРГІЗІЛЕ МЕ? - 17 Апреля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Сәуір 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Сәуір » 17 » ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ШЫН ЖҮРГІЗІЛЕ МЕ?
    06:54
    ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС ШЫН ЖҮРГІЗІЛЕ МЕ?


    Есірткінің орталығы болған Ауғанстанда әлемнің ең мықты елдерінің әскерлері қаншама жылдан бері күрес жүргізіп келе жатса да содан болып есірткінің таралуы тоқталатын түрі жоқ. Шын мәнінде оларға есірткі таралуының тоқтағаны тиімді емес. Себебі, Ауған жерінен таралатын есірткі айналымы арқылы ауғандықтар қару-жарақ сатып алып, шайқасын жалғастыруда.
    Егер талибтер шайқасын тоқтатса, онда «Нато» әскерлері үшін ауған жерінде қалудың еш мәні болмайды. Олар бұл жерде бекіп қалуы үшін кез келген саяси қулықты пайдаланып отыр. Яғни, талибтер жеңілгенін мойындаса олар мұны жай ғана емес, бүкіл әлемге жария етеді де Америка және батыс елдерінің әскерлеріне ауған жерін қалдырып, елдеріне кері қайтуға тура келеді деген сөз.
     
    Мұндай жағдайда олар көп құндылықтар мен әскери маңызды жоспарлар мен дайын полигондарды жоғалтады. Гәп мынада: қазір Америка әскерлерінің қарулар сапына келіп түсіп жатқан кез-келген қару-жарақ бір дегенде осы ауған жерінде сынақтан өтеді, мұны тіпті америкалықтар жасырып та жатқан жоқ және жай ғана сынап қоймай шын жаулармен атыста қолданылып, неғұрлым тиімді де дәл сынақтан өтеді. Мұндайда америкалықтар үшін сынақ алаңына қажетті қосымша шығындар шығару қажеттілігі де болмайды. Ал тағы бір маңыздылық Aуған жеріне орналасқан Америка зымырандары Қытай мен Ресей тарапынан болуы мүмкін саяси қызығушылықтарға кәдуілгідей бетбұрыс жасау үшін қажет.
     
    Парсы шығанағында орналасқан Америка әскери базалары үшін әлденеше сатылы қорғаныс жүйесі қажет болса, ауған жері таптырмас орын әрі мұндағы таулы жерде шынайы тәжірибеден үздіксіз өтіп жатқан АҚШ әскерилеріне қазір әлемде кәсіби шеберлігі жағынан тең келетін ешкімнің де әскері жоқ. Қажет болса мұндағы АҚШ әскерлері Қытайдың парсы шығанағына жылжуын да тоқтата алады. Қазір бұл фантазия емес, тек уақыт шешімі ғана болып қалды. Өйткені, ғаламат зор жылдамдықпен дамып жатқан Қытай өнеркәсібі үшін мұнай ауадай қажет. Ал парсы шығанағындағы мұнай қоры Қытайды әлі қаншама жыл болсын жабдықтауға жеткілікті.
     
    Сондықтан бұл аумаққа Қытайдың қызығушылығы аса зор. Ал АҚШ мұны Қытайға бере салғысы жоқ әрі осы стратегиялық маңызды территорияда қалу үшін кез келген саяси ойындарды ұйымдастырып жүр. Анау Иран-Иракта күнде жарылып жатқан бомбалар да сол АҚШ арнайы қызметінің ойлап тапқан ойындарының бір түрі. Сол жанкешті террористерді дайындауға нақты бағыт пен материалдық көмек беріп, оның дұрыс іске асуын қадағалайтын да сол АҚШ арнайы қызметі немесе ОББ(CIA). Бұл оларға күнде жаңа жаулар тауып, олармен күресу мақсатында сол елде мүмкіндігінше көбірек қалу үшін қажет. Енді тағы бір айта кететін нәрсе, Ауған жерінен таралатын есірткі бұрынғы посткеңестік елдеріне және сол елдер арқылы Еуропаға жетеді. Ал халықаралық есірткі бизнесінде аса зор ақша айналымда болады. АҚШ үшін бұл ақша тұрақты түрде айналымдағы АҚШ долларының ықпалын ұстап тұру үшін таптырмайтын құрал. Бұл айтылған жайттар АҚШ әскерінің не себептен Ауған жерінен таралатын есірткі айналымына кедергі болмайтынын түсінудің басы.
    Ал орыстар үшін ше? Бұл есірткі таралымы орыстар үшін де тиімді, себеп: америкалықтармен соғысып жатқан террористердің оқ-дәрілерінің көбін орыстар жеткізіп береді. Орыстардың әйгілі «Калашников» автоматы террористер үшін теңдессіз, әрі кез келген брондыжелетті тесіп өте алады, ал орыс «РПГ» гранатасы АҚШ-тың «Хаммерларын» жаруға таптырмайтын қару. Енді онда сатылатын қарулардың оқтары мен қосымша басқа да қару түрлерінің бағасын есептесең қаншама миллиардтаған сома болады. Ал әрбір өлген АҚШ солдаты орыстар үшін тек қана «табыс» болып отырады. Ресейдің алдыңғы қатарлы қару-жарақ компаниялары үшін АҚШ танктерін жаңғақша шағып, күл-парша ететін гранатаметтар өндіру үшін жұмыс жасау қажеттігі туды әрі бұл қаруға деген үздіксіз сұраныс болмақ.Сол баяғыша орыс қарулары АҚШ әскеріне қарсы тұрады. Әлі де бір-бірімен жағаласу үстінде.
     
    Орыстар үшін жасаған қарулары өтіп жатса болғаны, келген ақшаны қылғытып арағын ішіп жата берер. Ресейдің әскери бюджетінің көбісін осы қару сатудан түскен пайда құрайтыны рас. Орыстар Таяу-шығыс пен Ауғанстандағы отты көсеп отыра береді. Бұл Ресей үшін тек қана пайда әкелмек.
    Есірткінің жүріп өтетін жолындағы транзиттік елдер үшін де есірткі пайдалы іс. Жасырын түрде мұнда аса үлкен көлемдегі ақша ойнайтындықтан бұл ойынға сол елдердің мемлекет басындағы аса ірі тұлғалар да араласа отырып, өз кеденінен қымбат жүктің әр тоннасын өткізіп қана миллиардтаған доллар пайда табады.
    Ашығын айтсақ, посткеңестік мемлекеттердің көбі «ел не демейді» деп қойып есірткінің таралуына тосқауыл болу үшін өтірік арнайы қомақты қаражат бөліп қойып, кейін оны мың еселеп қайтарып алады. Біздің елдегі «есірткімен күрес» ұранында ең үлкен жүк емес, ең кішкентай жүк пен ең ұсақ ұрылар ғана қолға түседі. Оларды іздеумен шұғылданатындар айналып келіп сол баяғы «жоғарғы көкеге» жұмыс істейді-мыс. Мысалы, жуырда ғана көзімізбен көрген сорақылық, Қазақстан мен Өзбекстанның Шардара тұсындағы шекарасы айра-жайра қалпы, ашық жатыр. Сексеуіл басқан екіжүз шақырымдық құмды даланың «есірткі дәлізі» екенін сол өңірдегі жас бала да жақсы біледі. Міне сондықтан есірткі айналымы ешуақытта тоқтамайды әрі онымен күресу де қиындай береді. Ал, Астананың көшесінде есірткіге қарсы ұрандар самсап тұр: ”Астана – есірткісіз қала!!!” Оқып тұрсаң: «Қор болған қайран ақша!» деген ой қылаң береді. Ана жақта шекарадан есірткіні ашық өткізіп жатырмыз, бірақ «көрмейміз», мұнда «есірткімен күресейік» деп ұрандаймыз…
     
    Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ
    http://www.namys.kz/
    Просмотров: 594 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz