Есірткімен екпінді күрес жүріп жатыр - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:42
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » Есірткімен екпінді күрес жүріп жатыр
    18:16
    Есірткімен екпінді күрес жүріп жатыр

    Бүгінгі таңда бүкіл әлем есірткіге қарсы күресті табанды түрде жүргізіп жатыр. Себебі, соңғы жылдары жастар ғана емес, үлкендердің өзі де жан күйзелісіне ұшыраудың салдарынан есірткіге есі ауып, инеге бас қойған. Міне, осы мақсатта АҚШ елшілігі халықаралық қылмыспен күрес саласындағы түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда Қазақстанның ІІМ-мен ынтымақтастық орнатқан.
    Елшілік ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес және оның айналымына тосқауыл қою комитетімен бірлесіп түрлі жобаларды, соның ішінде есірткіні табуға көмектесетін «Шөп-есірткі» ішкі тексеру-өткізу пункттерін жабдықтауға, есірткімен күрес сарбаздарына тренингтер өткізуге, кинолог-мамандарды дайындауға атсалысқанын ерекше атауға болады.
    Желтоқсанның 9-ында АҚШ Мемлекеттік хатшысының Халықаралық Есірткімен күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі көмекшісі Дэвид Т.Джонсон Алматыға арнайы ат басын бұрып, Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (CARICC) және Ішкі істер академиясын­­да болып, Ведомствоаралық Есірткімен күрес оқу орталығы жаңа ғимараты­ның ашылу салтанаттарына қатысып қайтты. Ашылу салтанатына, сондай-ақ, Орталық Азиядағы Шекараны басқару бағдарламасының аға техника­лық кеңесшісі Харди Ролинг, ІІМ академиясының басшысы Жан Кенжетаев және Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоара­лық оқу орта-­ л­ығы­ның бастығы Әбдіраман Жаңғабылов қатысты.
    Дэвид Т.Джонсонның «Қай елде жұмыс істеп жатқанымызға қарамастан, біздің басты мақсатымыз – өз елдері шекараларының аясында қыл­мыстық ортаның қаупін азайтуда әріптестеріміздің әлеуетін арттыру, мемлекетаралық қылмыстық топтар мен қылмыскерлердің ұясын бұзу» деуінде үлкен мән бар. Өйткені елімізге келген есірткі контрабандасы ер­тең шекаралас мемлекеттер арқылы Америкаға да баратыны айдан анық. Осыған барлығымыз бірге жұмылып іске кірісуіміз қажет.
    "1998 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер академиясында есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес оқу орталығы жұмысын бастап, құқық қорғау меке­мелері қызметкерлеріне есірткімен күрес бойынша тренингтер өткізумен айналысып келеді. Орталықта Ішкі істер министрлігі­нің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Шекара күзеті қызметінің, Кедендік бақылау комитетінің және Экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлері білімдерін жетілдіреді. Ал, биылғы жылдан бастап оқу орны басқа ғимаратқа қоныс теуіп отыр. Себебі, оқу орталығына келушілердің қатары күн санап көбейіп келеді. Ғимараттың жартысы Ішкі істер министр­лігі академиясының өз қаржысына және Еурокомиссия қаржыландырып, БҰҰ
     
    Даму бағдарламасы жүзеге асырған Орталық Азиядағы Шекараны бас­қару бағдарламасының көмегімен күрделі жөндеуден өткен. Қазақстандағы АҚШ Елшілігі оқу орталығына арнап құны 172 мың доллар тұратын жабдықтар­ды, жиһаз бен құрылыс материалдарын табыс етті. Сонымен қатар Елшілік келесі жылы осы орталықта 14 студент пен оқытушыға арнап жатақхана ғимаратын жөндеуден өткізу үшін БҰҰ-ның Есірткімен және қылмыспен күрес басқармасына грант бөлетінін айтып қалды.
     
    Жадыра МҮСІЛІМ
    Просмотров: 668 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz