«Есірткіге қарсы күрестің екпіні төмендемейді» - 3 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 3 » «Есірткіге қарсы күрестің екпіні төмендемейді»
    18:12
    «Есірткіге қарсы күрестің екпіні төмендемейді»
     

    Жанат СҮЛЕЙМЕНОВ, Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция полковнигі: «Есірткіге қарсы күрестің екпіні төмендемейді»
    Елімізді есірткі жайлай бастады. ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабарлауынша, 2001 жылы Қазақстанда 41031 нашақор болса, қазіргі күні ол 54 мыңнан асып отыр екен. Сондай-ақ, көкнәрге елітіп, көз алды тұманданатын­дар қатарында көкөрім жастардың көбеюі көңіл құлазытады.
    Нашақорлық қайдан шы­ғады? Ұлтымыздың бола­шағы – жастарымыз на­шақорлықтың арбауына неліктен түседі? Оларды есірткіге әуестендіріп, сатумен айналысатындармен күрес қалай жүргізіліп келе жатыр? Біз осы сауалдарды өз кезегінде Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы полиция полковнигі Жанат СҮЛЕЙМЕНОВКЕ қойған едік.
     
    – Жанат Қуанышұлы, Ес­ірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің құрылуы мен қа­лыптасуына, алдына қойған мақсат-міндеттеріне тоқтала кетсеңіз.
    – Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті 2004 жылы құрылды және ол бүгінгі таңда есірткіге қарсы мемлекет­тік саясатты іске асыру саласындағы өкілет­ті мемлекеттік орган болып табылады.
    Есірткінің заңсыз айналымына қар­сы күрес, барлық мүдделі субъектілер­дің есірткіге қарсы іс-қимылдарын
    ведом­с­твоаралық үйлестіруді, на­ша­қорлық­тың профилактикасы мен есірткіге қарсы насихатты ұйым­дас­тыруды, сондай-ақ есірткі құралда­рының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын мемлекеттік реттеу шең­беріндегі мемлекеттік реттеу ат­қарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын қам­тамасыз ету Ко­митеттің негізгі функциялары болып табылады.
    Комитеттің басым бағыттарының бірі әртүрлі министрліктердің, ведом­стволардың, үкіметтік емес ұйым­дардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мен жолын кесу мәселелерін ұйымдастыру. Ха­лықтың барлық топтары арасында нашақорлықтың профилактикасын ұйымдастыруға, есірткіге қарсы ұс­танымды белсенді насихаттауға баса назар аударылады.
    Есірткіге қарсы қызметті үйлестіру республикалық, сондай-ақ өңірлік деңгейде едәуір күш салуды қажет етеді. Комитет нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоара­лық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді. Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерінің жанында, сондай-ақ бар­лық облыс орталықтарында жұмыс істейтін нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңір­лік комиссияның жұмысын жандандыру және мәртебесін көтеру шаралары қабылданды.
    – Комитетті материалдық-техникалық жарақтандыру жә­не штаттық қамтамасыз ету қандай деңгейде?
    – Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің материалдық-техника­лық жарақтандырылуы өз деңгейінде.
    Көбіне есірткі саудагерлері және есірткі курьерлері жақсы авто­машиналарды қолданып, айналма жолдарды пайдаланады. Сондықтан да есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері есірткіні табуға арналған ұтқыр құралдармен жарақтандырылған.
    Нашақорлыққа және есірткі биз­несіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасында оңтүстік шекара бойын инженерлік құрылыстармен, техникалық бақылау жүйелерімен нығайту, шекаралық заставалар мен кордондарды қажетті автокөліктермен және байланыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар көзделген. Шекарадағы кедендік өткізу бекеттерін инспекциялық-тексеру ке­шендерімен, жүктерді бақылаудың ав­томаттандырылған жүйелерімен және тексеру техникаларымен жабдықтау да жете ойластырылған.
    – Нашақорлыққа қарсы күр­ес бойынша қандай алдын алу шаралары жүзеге асырылуда?
    – Бүгінгі таңда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған Бағдарламасы арқылы Стратегияның екінші кезеңі іске асырылуда. Бұл Бағдарлама өткен жылдың мамыр айында қабылданды. Бұдан бұрынғы бағдарламалар­дан ерекшелігі – оның қомақты қар­жыландырылуында – оны іске асыруға 40 млрд. теңге белгіленген.
    Мысалы, 2004-2005 және 2006-2008 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды қаржыландыру бар­лығы тиісінше 1,3 және 2,9 млрд. теңгені құраған болатын. Бағдар­лама бюджетінің негізгі бөлігі елге контрабандалық жолмен есірткі әк­е­лудің жолын кесу мақсатында Кеден және Шекаралық қызметтердің оңтүстік бөліністерін нығайту арқылы «ауған­дық» есірткі трафигіне қарсы күрес жүргізу­ге бағытталған.
    Сонымен қатар, Бағдарламада «әлеуметтік» бағыт – профилактика, есірткіге тәуелділерді емдеуге көп көңіл бөлінген.
    Алдағы уақыттан бастап оқу орындарында психикалық белсенді заттарға тәуелділікке тартылу қауіпін психологиялық тестілеудің диа­гнос­тикалық компьютерлік бағдар­лама­ларын сынау және енгізу жүргізілетін болады.
    Оқу орындары есірткіге қарсы компьютерлік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Бұл қазіргі заманғы тиімді әдістемелерді қолдану арқылы профилактикалық жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
    – Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күресте халықаралық қатынастың әсері қандай?
    – Есірткі бизнесі мен нашақорлық мәселесі ұлтқа бөлінбейді және шекарасы жоқ. Осы қатермен жеке күресу – жеңіліс табу деген сөз. Сондықтан осы мәселелерде халық­аралық ынтымақтастықты нығай­тудың маңыздылығы бүгінде арта түсіп отыр.
    Осы бағытта Ішкі істер министрлігі халықаралық ұйымдармен ынтымақ­тастықты нығайту жөнінде шаралар қабылдауда.
    БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірге құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қызметін жетілдіруге, материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бір­қатар жобалар іске асырылуда.
    Алматыда БҰҰ (Біріккен ұлттар ұйымының) қамқорлығымен Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) құрылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД-ға (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлігі кеңесі кеңістігінде шетелдік серік­тестермен өзара іс-қимыл ке­ңейтілуде, (Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы) ЕҚЫҰ-мен салиқалы диалог қалыптастырылды.
    – Елімізде қанша есірткі тұтынушы тіркелген және на­шақорлықтан емдеу пробле­маларымен айналы­сатын емдеу мекемелерінің бүгінгі жай-күйі қандай?
    – Ресми деректер бойынша Қа­зақстанда 53,9 мың есірткі тұтынушы тіркелген. Есірткіге тәуелділердің негізгі бөлігі 14 жастан 30 жасқа дейінгі жастар, бұл – 51,4 пайыз. Есірткіге тәуелді жастардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға азайған.
    Нашақорлықты емдеу бағытында Денсаулық сақтау министрлігінің Нашақорлықтың медициналық-әлеу­меттік проблемаларының респуб­ликалық ғылыми-практикалық орталығы (Павлодар қаласы), онда есірткіге тәуелділерді емдеу мен және оңалтудың әртүрлі әдістемесін әзірлеу, сынау және енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі; 21 наркологиялық диспансер (олардың базасында 17 медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ашылды); мәжбүрлеп емдеуге арналған 9 мамандандырыл­ған емдеу-профилактикалық мекеме; 1 дербес медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы (БҚО); ІІМ жанындағы 1 медициналық-әлеуметтік оңалту орта­лығы (Ақмола облысы Раздольное ауылы) жұмыс істейді.
    Сонымен қатар, бірқатар жеке мен­шік оңалту орталықтары жұмыс істейді.
    Ішкі істер органдары есірткіні теріс пайдаланушы адамдарды анықтау мә­селесінде наркологиялық ұйым­дармен тығыз байланыста жұмыс іс­тейді, оларға емдеуден жалтарған адамдарды іздестіруге және жеткізуге көмек көрсетеді.
    – Әңгімеңізге рахмет.
    Сұхбаттасқан Даниел ШАЙЫНҒАЗИН
    Астана қаласы
     
    http://zan.zanmedia.kz/
    Просмотров: 1545 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz