Есірткі саудасы есіріп тұр - 20 Августа 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Тамыз » 20 » Есірткі саудасы есіріп тұр
    17:43
    Есірткі саудасы есіріп тұр
     
    Еліміздегі ең жас нашақор жетi жаста. Иә, естіген құлаққа түрпідей тиері анық. Себебі жаман кесел тез тарап, ана сүтi аузынан кетпеген балаларға да жетті. Осылайша қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Жыл сайын есiрткiнiң салдарынан республика бойынша 300 адам қайтыс болады. Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл – тек ресми мәлімет қана. Ал тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ нашақорлардың саны азаяр емес.
    Заңгерлердiң айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда.
    Құрықталсаң, құтылмайсың
    Дәрiгерлердiң айтуынша, нашақорлар Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, ресми мәлiмет бойынша қалада барлығы 3 жарым мың адам тiркеуде тұр екен. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отыратын көрінеді. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар гигиеналық тазалықтың сақталмауынан оңай жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi. Есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зар­даптарға әкеледі. Осы нашаның құрығына түскендердің көбі ұрпағын жалғастыра алмайды.
    Дәрiгерлердiң пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң кө­бiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi… Яғни, мөлшерiн асырып тұтынған адам ерте жаста мүгедек болады немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.
    Нашақорлардың басым бөлiгi – қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болуы әбден мүмкін. Баласының барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе, қаланың баласы есiрткiге құмар болады. Олардың ойы зерек, айналадағы түрлi ақпараттардан хабардар. Оның үстіне өзгеге елiктеушiлiк­тің де аз рөл атқармайтыны шын­дық. Сондықтан да есiрткi қазақ жастарының iшiне дендеп енiп барады деуге негіз бар. Қыз-ұл деп бөлмейтiн бұл зауал бұрынырақта тек қалаларда ғана кездессе, қазiр түкпiрдегi қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға да жеттi. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының ауылдарынан қалаға келiп емделушiлер көп.
    Анашаға алғашқы рет әуес­тенушілер: «Бұл – жай ғана шөп. Аздап басың айналады. Ертесiне басыңның ауырғаны болмаса, ешқандай тәуелдiлiк жоқ» деген қате түсінікте болатыны өкінішті-ақ. Демек, олар бұны уақытша ермек деп санайды. Оның артында не тұрғанын естiгенмен, мән бере қоймайды. Мамандардың айтуынша, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбінесе күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, син­тетикалық есірткілерді, ге­роиндi пайдаланады. Заң – солқылдақ Нарколог дәрiгерлердiң сөзіне сенсек, бiр грамм героин 8 нашақорға бiр мәрте егуге жетедi. Қазiргi таңда iрi қалаларда түрлi ойын-сауық орындары жетерлiк. Ол жердi, әрине, жастар жайлайды. Iшкi iстер министрлiгi өкiлдерiнiң айтуынша, есiрткi тарату қылмысы осындай жерде басым. Полиция күшiмен Қазақстанда мыңға жуық көңiл көтеру мекемелерi тексерiлген. Олардың бiразында есiрткi тұ­тынған адамдар анықталды. Бiрақ заңдардағы олқылықтың кесiрiнен клуб иелерiн жауапқа тарта алмаймыз дейдi полиция өкiлдерi. Әкiмшiлiк кодекстiң 319-бабымен жауапқа тартуға болады. Бiрақ онда осы басшылар нашақорлық­тың барлығын бiле тұра шара қол­данбаса ғана жауапқа тартылады делiнген. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүр­лi есiрткi алынады. Ал олардың «негізгі қоры» бұл көрсеткіштен он есе артық болуы мүмкін. Мүмкін жүз есе.
     
    Нашақорлардың санын соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысындағылар көбейтіп отыр. Демек, жыл сайын өзін өлімге итерген жандар саны артуда. Өлім демекші, Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының Есірткі саудасымен күрес бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Ермұрат Ізғұтиев мырза Алматы қаласының өзінде 2009 жылы – 45, ал 2010 жылы 40 адам дерттен қайтыс болған дейді. Жалпы, жыл сайын 300-ге жуық адам ажал құшады делінген ресми деректерде. Ресми деректер – ресми деректер ғана. Ал әр кез «Жақсылығын асырып, жамандығын жасыратын» қазақ кейде мұндай жайттарды жар салып жариялай да бермейді. Еш жерде тіркелмеген, бірақ сол дерттің құрығына түскен жандар саны да әжептәуір екенін кез келген адам мойындайды.
    Қанына сіңген бұл дерт адамды небір қитұрқы әрекеттерге апарады. Бауырын бауыздап, анасын асып кететін жанкешті әрекеттер де орын алуы әбден ықтимал. Бірақ еліміздегі қылмыстық және әкімшілік кодекстерде осыған байланысты шара қолдану қатаң қарастырылған. Соның нәтижесінде Алматы қалалық Ішкі істер басқармасының Есірткі саудасымен күрес бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Е.Ізғұтиевтің берген мәліметі бо­йынша осы жыл басынан 464 есірт­кі қылмысы тіркелген. Сонымен қоса, 166 келіге жуық есірткі заттары тәркіленген. Бұндай жұмыс­тар республикамыздың түкпір-түкпірінде белсенді жүгізілуде. Оны пайдаланушылардың импорт және экспорт орталығы болып саналатын Павлодар қаласында да тәртіп күшейтілген. Бірақ құла­шын кеңге жайған бұл империя­ның өмір сүруіне ешқандай шара кедергі болатын түрі жоқ. Ал жоғарыдағылар тек жұбату ғана. Орталықта орын аз Нашақорлық – есірткі, психотроптық немесе оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайды. Қандай да бір наркологиялық орталық­тың мақсаты – нашақорларды анықтау, тіркеуге алып, дер кезінде емдеу. Психотерпия, әлеуметтік оңалту, терапия, зерт­хана, ғылыми-ақпараттық бөлім­дерде жоғарғы дәрежелі нар­колог-дәрігерлер, психологтар, пси­хотерапевтер, әлеуметтік қыз­­меткерлер науқастарға тиісті меди­циналық көмек көрсететін мейірбикелер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ аты-жөнін жасырып анонимді емделушілерге арнайы бөлмелер қарастырылған.
     
    Аталған орталықта емдеу тәсілі «детоксикация», «реабилитация», «әлеуметтік реабилитация» деп үш топқа бөлінеді. «Детоксикация» бөлімшесі маскүнемдер мен нашақорлардың ағзасындағы улы заттармен күрессе, «реабилитация» бөлімшесі ұзақ уақыт есірткі қабылдаған науқастың бетін бері қаратуға күш салады. Ал үшінші бөлім әлеуметтік ортадан шеттетілген науқасты қайта тәрбиелейді. Орталықта тәртіп қатал. Әрбір емделушімен келісім жасалып, ішімдіктен, есірткіден, темекіден бас тартқанда ғана ем-дом жасалатыны ескертіледі.
     
    Ресей­дің 3 облысымен шекаралас жатқан Павлодар облысы ха­лықара­лық наркоситикаттардың ортасы болып есептеледі. Сондық­тан да болар, Орта Азия көлемін­дегі нашақорлықтың медицина­лық-әлеуметтік проблемаларын зерттей­тін жалғыз Республика­лық ғылыми-практикалық орта­лық Павлодар қаласында орналасқан. Орталық барлық облыстарға қызмет көрсетеді. Бұл жерде 140 төсек-орындық клиника бар. Емделушілердің барлығы да әр облыстан берілген арнайы жолдама арқылы келіп, ем алады. Республикалық көлемде қыз­мет көрсететін болғандықтан, мамандардың кәсіби біліктілігі өте жоғары. Мұнда 20 дәрігер, 20 ғылыми маман қызмет етеді. Технологиялық базасы үлкен.
    Орталық 3 бөлімнен тұрады:
    Бірінші, науқасты дәрі-дәрмекпен емдеу бөлімі 40 төсек-орындыққа арналған. Адам қанын тазартады. Емделушілер 1 саты бойынша ем қабылдайды. Науқас адамның бас қыртысындағы ми жұмысы, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлары, адамның ішкі құры­лысы секілді органдарды меди­циналық тексеруден толық өт­кізеді. Сырқат жандармен арнайы психологтар жұмыс жасайды.
    Екінші, психотерапиялық бө­лім 64 төсек-орындыққа арналған. Бұл жерде сырқат адамға толық түрде психотерапиялық және психологиялық көмек көрсетеді. Яғни есірткі тәуелділігіне қарсы иммунитет төзгіштігін дамытады.
    Үшінші, әлеуметтік оңалту бөлімі Павлодар қаласынан 20 ша­қырым жердегі Мичурин кентінде орналасқан. Бұл науқасты еңбек­пен емдеу және әлеуметтік оңалту болып табылады. Аталған жұмыстарды атқару үшін әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасаған бағдарлама бар. Осы үш бөлімнен өткен науқас толық курстан өтті деуге болады.
    Үшінші бөлімде оңалту саласын жүргізу үшін арнайы консультанттар жұмыс істейді. Білікті дәрігер Гүлнар Иванқызы басқаратын «Арылу» қоғамдық қоры бар. Осы қор арқылы оңалту консультанттары мектебі ашылды. Оған толық 3 сатыдан өткен емделушілерден консультанттар дайындалады. Бү­гінгі таңда онда 12 консультант қызмет атқарады.
    Орталықтың ғылыми-зерттеу бағыты: науқасты профи­лак­ти­калық сауықтыру арқылы емдеуге бағытталған. Өкінішке орай, орталық еліміздегі науқастарды толық қамти алмайды. Өйткені жылына 100 науқасты ғана емдеуге мүмкіндігі бар…
    Орталықтың ғылыми базасы ауқымды. Дарынды ғалымдар жұмыс істейді. Ғылыми орталықта 2 медицина ғылымдарының докторы, 21 медицина ғылымдары­ның кандидаты қызмет атқара­ды. Сондай-ақ онда диссертация­лық кеңес бар. Бүгінгі таңда ғылыми кеңесте 2 доктор және бірталай кандидаттық диссертация қорғалған. Орталықтың ғалымдары жаңа ғылыми-технологиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарламаны қолдану ғылыми негізде дәлелденген. Сондай-ақ ғалымдар нашақорлықтың алдын алу үшін психодиагностикалық компьютерлік бағдарлама жасап шығарған. Бұл бағдарлама көпте­ген елді мекендерге таратылған. Еліміздегі 496 орта білім беретін оқу ордалары осы бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Ғылыми негізде психотерапиялық кафедра жұмыс жасап тұр. Кафедрада еліміздің әр аймағынан келген наркологтар, дәрігерлер, психологтар, кеңесшілер білімін жетілдіріп, дәріс тыңдайды. Тематикалық тренингтер өтеді. Тәжірибе жи­нақтайды.
     
    Бұл ғылыми орталық ТМД көлемінде үлкен беделге ие. Сондықтан бұл жерге шет мемлекеттердің мамандары келіп, тәжірибе алмасады. Атап айтсақ, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен мамандар жиі келеді.
    Сонымен қатар видеостудия да жұмыс істейді. Нашақорлық­тың алдын алу үшін түсірілген арнайы фильмдер көрсетіледі. Фильмде есірткіге бой ұрған адамның өмірбаяны баяндалады. Сол арқылы адамды есірткіден жирендіру көзделген. Соларды көрудің нәтижесінде арнайы курс бойынша ем қабылдап жатқан азаматтардың бет-жүзін көріп, сөздерін естуге мүмкіндік алдық.
    Өмірін өксіткен жастар Нашаға тәуелділігі ар­тып, өз өмірін өксіт­кен жастар көп-ақ. Жастықтың албырт кезеңі оларды осы орға әкеліп жыққан. Олар өткенге өкінеді. Өмірін өлімнен арашалап алып қалу үшін орталыққа келеді.
     
    Мәселен, Алматы қаласынан келген 48 жастағы Азамат: «Есірткіні қолданғаныма 30 жыл уақыт болды. Мектепті 4 пен 5-ке оқыдым. Жоғары оқу орнын бітіргенмін. Екі рет үйлендім. Қазір жалғызбын. Есірткіні ең алғаш 1978 жылы пайдаландым. Жас едім. Албырт едім. 1988 жылдан бастап есірткінің әмірі өмірімді билей бастады. Отбасының шырқы бұзылды. Жұмысымнан мән кетті. Бәрі адыра қалды. 2009 жылы осы орталыққа келдім. Емделдім», – деп еске алса, «1976 жылы Алматыда тудым. Кеңес кезіндегі бапкерлер отбасында өстім. Әкем спортшы еді. Мені де бала жасымнан соған баулыды. 4 жыл тау шаңғысымен айналыстым. Үлкен жетістіктерге жеттім. 15 жасымда Республикалық жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жүл­дегері атандым. Бір өкініштісі… осы жасымда есірткіге бой ұрдым. 17 жасқа келгенімде, өзімнің есірткіге тәуелді екенімді толық түсіндім. Енді бәрі кеш еді. Ата-анама айттым. Ол кісілер жаны қалмай мені емдеуге тырысты. Халықтық медицинаға бардым. Дегенмен… еш нәтиже болмады. Басымды тауға да, тасқа да соқтым. 27 жасымда жалпы еңбек түзету колониясына тап болдым. Бес жыл бас бостандығымнан айырылдым. Бұл жерден туберкулез ауруына шалдығуыма байланысты ерте босадым. Кейін тағы да есірткіге бой ұрдым. Өз-өзіме қол жұмсауға дейін бардым. Алматы қаласын­да орналасқан Рухани оңалту орталығына бардым. Ол жерде 4 жыл болдым. Ақыры… Павлодар қаласында нашақорлықты емдейтін ғылыми орталық бар екенін құлағым шалды. Сосын… 2008 жылы осы жерге келдім. Толық 3 курс бойынша ем алдым. Өзімді жақсы сезіндім. Есірткі, темекіні, алкогольді ішімдікті татып алмаймын. Қайта спортпен шұғылдана бастадым», – деп өз өмірін өксіткен Руслан өкініп отыр.
     
    17 жасында есірткіге бой алдырған Айша: «Жасым 33-те. Жамбыл облысының тұрғынымын. Білімім – жоғары. Есірткіні алғаш 17 жасымда пайдаланып көрдім. Бірден ине қабылдадым. Албырт жастық шақ. Романтика… Жан-жағым толған дос-жаран. Ата-анам дәрігер болды. Бақуатты тұрды. Алайда… ата-анам есірткі қабылдап жүргенімді білгеннен кейін, мені емдеуге барын салды. Үйде емдеді. Нәтиже болмады. Апармаған ауруханасы қалмады. Наркодиспансерге бардым. Олар мені Павлодарға жіберді. Бұл жерге жағдайым нашар болып келді. Толық 3 курс бойынша ем алдым. Қазір өзімді жақсы сезінудемін», – деп күрсінді.
    Иә, нашақорлық бір адамның ауруы емес, қоғамның ауруы екеніне емделушілердің жүрекжарды әңгімесін тыңдап отырып көз жеткіздік.
    Нашақорлыққа қарсы күрес­ті бүкілхалықтық деңгейде жүр­гізетін уақыт келіп жетті. Мәселен, Алматы қаласы бойынша 2009 жылдың 6 айында 6602 адам улы тажалдың тырнағына іліксе, 2010 жылдың 6 айында 9163 нашақор есепке алынды. Аталған уақыт ішінде Алматы қаласында есірткіге жататын заттардың заңсыз айналымда жүруіне байланысты 753 қылмыстық іс тіркелген.
    Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында заңсыз айналымнан 58,6 келі есірткі заттары тәркіленді. Ал есірткі сату, оны заңсыз сақтау, тасымалдау әрекеттері бойынша 82 қылмыстық іс қозғалды. Есірткіге жататын заттарға байланысты қылмыстық әртүрлі әрекеттері үшін 321 адам ұсталды.
    Атап өтетін жайт, «прекурсор» дейтін есірткі затты пайдаланатындардың қатары 30,8 пайызға көбейіпті. Және оның басым көпшілігі кәмелеттік жасқа жетпеген жастар болып отыр… Нашақорлық — әлеуметтік ауру. Ол жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекет нашақорлыққа қарсы күресті ашық жариялап отыр. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан, нашақорлар саны күннен-күнге өсiп келедi.
     
    Аслан ҚАЖЕНОВ,
    Нұрлан ҚҰМАР
     
    http://anatili.kz/
    Просмотров: 1462 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz