Елімізде елу мыңнан аса нашақор бар - 23 Июля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Шілде » 23 » Елімізде елу мыңнан аса нашақор бар
    13:08
    Елімізде елу мыңнан аса нашақор бар
     

    БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде әлемдегі есірткі пайдаланушылардың саны 200 миллионнан асып жығылады. Бұл Жер бетіндегі жалпы 15 жастан асқан адам санының 4,7% екен. Ал елімізде 100 мың адамға шаққанда, 350,7 адам нашақорлыққа душар болады. Мамандар алдыңғы жылдармен салыстырғанда нашақорлар санының азайғанын айтады. Алайда жасөспірімдер мен жастар арасындағы ішімдікке әуестенушілік саны артып отыр. Таяуда бір топ маман еліміздегі нашақорлықтың ахуалы және оны шешу жолдарын талқыға салды. Мамандардың пайымдауынша, былтыр жасөспірімдер арасында нашақор атанғандардың саны азайып, 100 мың адамға шаққанда 473,3 адамнан келген. Дегенмен оңтүстік астанамызда есірткіге әуес жастардың саны әлі де азаяр емес.
     
    Медициналық-әлеуметтік проблемалар жөніндегі республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық мамандарының мәлімдеуінше, балалардың арасында да нашақорлық деңгейі қысқарған. 2010 жылы нашақорлардың саны әйелдер арасында 7 пайызға, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың арасында 20 пайызға төмендеген. Алматы қалалық наркология орталығы бас дәрігерінің реабилитациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Күләмша Мерзадинова: «Еліміздің барлық наркологиялық орталықтарында 50 мыңнан аса адам тіркеуде тұр. Ем алғаннан соң, 15-20 жыл есірткіден алшақтап, қайтадан нашақор атанатын адамдар бар. Тіркеуде тұрғандардың арасында зейнеткерлер де жетерлік. Мұндай мәселеге жол бермеу үшін ақпараттық жұмыстарды, мектептерде, оқу орындарында басқа да түсіндіру жұмыстарын күшейту керек» дейді.
     
    «1987 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы жыл сайын 26 маусымда халықаралық нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл күн есірткіге тәуелсіз қоғам құру жөніндегі міндеттеме қабылдаған мемлекеттерге осы проблеманы ескертіп отыруға бағытталды. Еліміз бойынша нашақорлар, негізінен, Алматыда көп. Мұнда тек жасөспірімдер арасында олардың саны 100 мың адамға шаққанда 2616,5 адамнан келеді. Балалардың осы дертке шалдығу көрсеткіші бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы алда тұр» дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Татьяна Слажнева. 26 маусымда жастар мен жасөспірімдерге арналған «Есірткіге қарсы РЭП фестивалі» өткізіледі. Шараны ұйымдастырушылар РЭП стилі жастардың нашақорлыққа қарсы тұруына және осы проблеманы шешуге жауапкершілікпен қарауына оң әсер етеді деген сенімде.
    Нашақорлар азайғанмен, жастар мен жасөспірімдер арасында ішімдікке әуестенушілердің санының ұлғаюы мамандарды алаңдатып отыр. Күләмша Мерзадинованың мәлімдеуінше, 2010 жылы Алматы қаласында «ащы суға» әуес жасөспірімдердің саны 2056-ны құраса, биыл бұл көрсеткіш 100 адамға ұлғайып, 2156 адамды құрапты. Сондай-ақ таксикалық заттарға тәуелді адамдардың да саны артып отыр. Әлеуметтік сұрақ-жауап мәліметтері бойынша есірткі тектес зат -марихуананы 15-25% жасөспірімдер мен жастар қабылдайды екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, нашақорлық - халықтың денсаулығына ғана емес, ел экономикасына, қауіпсіздікке кері әсерін тигізетін әлемдік деңгейдегі өткір мәселе. Көп мөлшердегі апиын мен героин Қазақстан арқылы Ауғанстаннан Ресей мен Орталық Еуропаға заңсыз тасымалданады.
    Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 5245 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz