Денсаулық сақтау ісін басқарудағы психологиялық ерекшеліктер - 6 Февраля 2013 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2013  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2013 » Ақпан » 6 » Денсаулық сақтау ісін басқарудағы психологиялық ерекшеліктер
    04:04
    Денсаулық сақтау ісін басқарудағы психологиялық ерекшеліктер
     
    Басқару өнері адами іс-әрекеттің аса сан қырлы және жүйелі түрі болып табылады және бұл ондағы көптеген қызметтердің (функциялардың) болуын анықтайды. Сондай қызметтің біріне түрткілеу (мотивация) жатады. Түрткілеу – жеке тұлғаның (индивидтің) немесе ұжымның іс-әрекетін басқару үрдісінде жеке немесе ұйым үшін ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ынталандыру бойынша шаралар кешені. Бұл анықтаманың барынша қарапайым және анық болғанына қарамастан түрткілеу теориясы мен практикасы оңай емес, өйткені адамды жұмысқа бар уақытын, дене және жан күштерін сарп етуге, жұмыс нәтижесін сапалы етуге мәжбүрлейтін шынайы ынтасы аса күрделі және сан алуан. Ұжымда мотивацияны қалыптастыруға негіздік (базалық) болып табылатын көптеген теориялар бар. Олардың бастылары: - классикалық теория; - адами қарым-қатынас теориясы; - адами ресурстар теориясы. Бұл теориялардың ешқайсысын әмбебап деп есептеуге болмайды. Дұрысы олардың әрбіріндегі жеке элементтердің синтезі мен үйлесімі ұжым қызметкерлерінің сан қырлы сипаттамаларын ескеруге ерік береді. Классикалық теория. Еңбек қызметкерлердің көбісіне қанағаттану сезімін бермейді. Оларға қаншалықты жалақы алатынынан өздерінің істеп жатқандарының маңызы төмен. Бұл жердегі басшының міндеті – олардың міндеттерін барынша бойға жеңіл сіңірілетіндей, қарапайым және қайталанатын операцияларға жіктеу, қарамағындағыларының жұмысына қатаң бақылау жасауды қамтамасыз ету. Адами қарым-қатынас теориясы. Жеке тұлғалар пайдалы және мәнді болуға ұмтылады, олар еңбек іс-әрекетіне барынша интегрирленген және еңбегінің бағалану тілегін бойдан кешіреді. Бұл оларға ынта мен еңбек түрткісі үрдісінде, ақшадан да гөрі маңызды болып табылады. Мұндай жағдайда басшы өз қарамағындағыларға белгілі бір түрде өз бетінше әрекет ету мен еңбек іс-әрекеті процесінде белгілі бір жеке бақылау мүмкіндігіне ерік беруі қажет. Ақпарат алмасу дерегі мен басқару шешімін ойластыру үрдісіне қарамағындағыларды тарту басшыға өз әріптестерінің өзара әрекет пен өз беделі сезімі бойынша негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға ерік береді. Адами ресурстар теориясы. Еңбек қызметкерлердің басым бөлігіне қанағаттану сезімін силайды. Олардың көбіс өз бетінше әрекет етуге, творчествоға, жауапкершілікке, өзін жеке бақылауға, қызмет бабымен өрлеуге қабілетті. Бұл жағдайдағы басшының міндеті адами ресурстарды жақсы пайдалану. Ол ұжымда әрбір адамның өз қабілетін барынша көрсете алатын сондай жағдай жасауы тиіс. Егер басшы өз қызметкерлерінің қажеттіліктерін білмесе, оның түрткілеу жұмысы еш нәтиже бермейді. Бұл тұрғыда басшыға танымал америкалық психолог А.Маслоудың құрастырған адами қажеттіліктер иерархиялық деңгейін білу және практикада қолдану жақсы ықпал етеді.
     
    Зағира Реджепқызы МУХАМЕДОВА,
    «Бәйгеқұм» ауылдық амбулаториясының аға дәрігері,
     Шиелі ауданы,
    Қызылорда облысы
    Просмотров: 4853 | Добавил: наркология | Теги: Маслоу. психика | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz