Азғындаудың алдын алудың алғышарты – сананы сауықтыру - 10 Февраля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Ақпан » 10 » Азғындаудың алдын алудың алғышарты – сананы сауықтыру
    09:43
    Азғындаудың алдын алудың алғышарты – сананы сауықтыру


    Қазақ ұғымында «арақ атадан қалған ас емес». Мұсылмандық та соны меңзейді. Соған қарамай, бір кездері ән құмар дала ұрпақтары, бүгінде дастар­қаны араққа толы сән қуып кетті десек, ол артық айтқандық болмас. Ішімдік жөнінде заңдар да қабылданып, небір адами моральдық қадір-қасиеттер айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ, оған қарап қойылып отырған «ауыз тыйымы» жоқ, тіпті, оны айтасыз, бұл күндері бір кездегідей ішіп, қызара бөртіп жүру де «модадан» қалған. Оны заңды былай қойғанда, заман да көтермейді.
     
    Әлемді жайын құлықтана жұтып келе жатқан ғаламдастырудың басты көрсеткіші нарық та оған қарсы. Қазір қолыңа түскен тиын-тебенді үйіңе тасы, бала-шағаңа ырзық ет. Бойдақ бозбала болсаң киім ал, жақсы тамақтан, яғни, сала­уатты өмір кешіп қызық көр. Яғни, құмырсқа тіршілік, қол қозғалса, қарын тояды, іс-әрекетке көш. Рухани байы. Бүгінгі ұстаным солай болуы керек. Соған қарамай, оған құлақ асып жатқан жан бар ма өзі, әй, қайдам? Әйтпесе, әр­бір отандасымыздың «жынды су­ды» немесе ақыл-естен айыратын «зәһарді» жыл са­йын пайдалану мөлшері жан басына шаққанда – он екі литрге жетпес еді ғой. Бұл, трагедия! Ұлттық қасірет!
     
    Бір кезде көзін сүт, айран, құрт, май, қымыз бен қымыран, шұбатпен ашқан қазақтың әрбір азаматы (оның ішінде жасамысы да, кәрісі де бар) енді оның орнын арақпен алмастырды. Кеңестік кезеңде шайқалған мұсылмандық ұстаным, яғни, ішім­дікті жоққа шығаратын қасиетті қағида бұзылып, ел-жұрт жаппай атеизмге көшті. Құдай жоқ болса, қорқатын ешкім де, ештеңе де жоқ. Ендеше, бұл «арақ іше беруге болады» деген сөз. Міне, осындай күй кешкен ел-жұртымыз бүгінде, Аллаға шүкір, адал ас ішу жолына түсті десек те, әлі де болса сол қу арақтан арыла қойған жоқпыз. Дастарқанның белі қайысатындай тамақпен бірге арақ жүрмесе, ол көпшіліктің таяз ұғымында қылмыспен пара-пар.
     
    Енді оған қарсы не істеуі­міз керек? Осы тұста, көңілге оралатын «Бұған кім кінәлі?» де­ген сауалды «Оған қарсы не іс­теу керек?» деген сұрақпен ал­мастырған орынды сияқты. Қо­лы­мыздағы мәліметтерге қа­ра­ғанда, яғни, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ай­тып-жазуына сенсек, 8 литрден астам ішімдік пайдалану ұлттық тектік қордың құрып-бітуіне әкеп соқтырады екен. Біздің халқымыздың сыра ішуге деген құмарлығының артқандығы соншалықты, оны­мен әуестенетін дүние­жүзіндегі елдердің алдыңғы санаттарына қосылыппыз. Соңғы 10 жылда еліміздегі сыраны ішу, яғни, қолдану мөлшері жан басына шақ­қан­да 31 литрге жетіпті. Германия, Чехия, Словакия, Венгрия елдерінен кейінгі 8-орында тұр екенбіз. Қайтеміз, бұл да «мәртебе» шығар. Бүгінде қазақстандықтардың 304 108-і «жынды суға», яғни, ішімдікке құмар екен. Көрсетілген цифрдағы адамдардың барлығы диспансерлік есепте тұрған көрі­неді.
     
    Егер де ІІМ-нің берген ақпарына сенетін болсақ, елімізде ішімдікке құмар 126 мыңға жуық адам ресми есепке енгізілген. Ал, соңғы 3 жылда арақтың кесірінен 55 962 өрт оқиғасы тіркеліп, одан 1 138 адам көз жұмыпты. Егер де жоғарыдағы көрсеткіштерге соңғы 6 жылда ел аумағындағы болған 4 833 жол-көлік апатын, одан қайтыс болған 977 азамат тізімін қоссақ, онда мәселе, тіпті, күрделілене түседі. Міне, жоғарыдағы келтірілген цифрлардың барлығына да арақ кінәлі. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі үлкен қалаларда жүр­ген «бомждарды» есепке ал­сақ, онда «шынында да арақ ата­мыздан қалған ас па? деп те қаласың. Ол ол ма, қазір әрбір қазақстандық еркек жыныстық аурулармен ауырады екен. Белгілі мамандар жүргізген сараптамаға жүгінсек, дәрігерге қаралған 800 еркектің 480-інен урологиялық аурулардың белгісі табылған. Сон­дай-ақ, кардиолог маманның қабылдауында болғандардың 43 пайызы артериялық және симптоматикалық гипертензия­мен ауыратыны анықталған. Пер­зент сүйе алмаған 100 от­басының ішінен 40-60 пайызы еркектердің белсіздігінен бала көре алмай отырғаны дәлелден­се, бұл ұлттық қасірет болмаған­да не? Ол да сол ішімдіктің ке­сірі.
     
    Әзірше, Қазақстан жағдайын­да «жынды суға» тыйым салу қан­ша­ма қолға жақсы алынды дегеніңізбен де, оның саны көбеймесе азаймай тұр. Әри­не, оған әртүрлі әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайдың әсер ететіні анық, оған адами-моральдық қарым-қатынастардың күрделіленіп кеткендігін қоссақ, сонымен бірге, кейбір отбасылардағы жағдайлардың сын көтермейтіндігін ескерсек, онда мәселе, тіпті, күрделілене түседі.
     
    Сондықтан да, біздің ойымызша, қазір барынша халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын оңдауды қолға алу керек. Әрине, ол «рухани мәселені назардан тыс қалдыру» деген сөз емес. Сөз басында айтқанымыздай, «арақ атамыздан қалған ас емес». Егер де оны жаппай қолға ал­сақ, «пышақкесті» тыйып таста­мағанымызбен, санын азайтуы­мыз бек мүмкін. Осы тұста біз­ге көмекке келетін басты қадір-қасиеттер – ұлттық әдет-ғұрыптарымыз бен Иманға негізделген мұсылмандық. Егер де, жанымыз бен тәні­мізді осы бір кезде тел, те­пе-тең дамыған, яғни, бойы­мызға да, ойымызға да, қа­ны­мызға да сіңген қадір-қа­сиеттерге бағындырсақ, он­да арақ атамыздан қалған ас ретінде қабылданбайты­ны анық. Оған қол жеткізу, ең алдымен, ұлтымыздың сана-сезіміне байланысты.
     
    Сана-сезім тәрбиеленбей, еш­қан­дай да заң да, күштеп қойғызу да адам аздыратын зәһарға деген құмарлықты тоқтата алмайды. Күнделікті адами қарым-қа­тынастардың байланыс көзі болып табылатын астардың бірі де сол – арақ. Шағын бизнеспен айналысатын бір танысым «арақ ішпесек, әріптесімізбен тіл табы­са алмаймыз» дегенге саятын ойды айтқанда, біз шынымен де жо­ғарғы қабатта тұрған бизнесмен­дерден бастап олигархтар­дың, сонымен бірге шағын кәсіппен айналысатындардың араларын бі­ріктіріп, өз іс-әрекеттерін де байланыстыратын негізгі ас – ішімдік екендігіне көзіміз жете түскен­дей. Біздіңше, бұл себеп-салдарлар сол сөз соңында айтылған сана-сезімнің төмендігінен болса керек. Әйтпесе, ішімдіксіз-ақ тіл табысып жатқан шетелдік бизнес иелерін көргенде еріксіз сүйсінесің. Өйткені, оларда іскерлік қарым-қатынас о баста солай қалыптасқан. Ендеше, біз де соған қол жеткізсек, нұр үстіне нұр болар еді.
     
    Аманхан ӘЛІМҰЛЫ
    http://zan.zanmedia.kz/  
    Просмотров: 1161 | Добавил: наркология | Теги: арақ | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz