Қазақстан Республикасында наркологиялық практикада апиындық рецепторлар агонистерімен демеуші терапияны қолдану (метадондық терапия) - 12 Октября 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қазан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Қазан » 12 » Қазақстан Республикасында наркологиялық практикада апиындық рецепторлар агонистерімен демеуші терапияны қолдану (метадондық терапия)
    18:59
    Қазақстан Республикасында наркологиялық практикада апиындық рецепторлар агонистерімен демеуші терапияны қолдану (метадондық терапия)
     
     
    2005 жылдың 8 желтоқсанында ҚР ДСМ министрі «Орнын басу терапиясын енгізу туралы» №609 бұйрыққа қол қойды. Онда Павлодар және Қарағанды қалаларында АҚТҚ (ВИЧ) жұқпалары бар героинға тәуелді 50 тұлғаға АТТ (апиынға тәуелді тұлға) пилоттық жобасын 2006 жыл бойына енгізу көзделген болатын.
    Атап айтқанда әлемнің 138 елінде апиынға тәуелділік пен есірткіні көк тамыр арылы тұтыну өткір медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Героинді тұтынатын 9,2 миллион адамды қосқанда әлемде апиындықтарды 13,5 миллион адам пайдаланатыны дәлелденген. Бұл жер шары тұрғындарының 0,2% құрайды.
     
    Сонымен қатар инъекциялық есірткілерді тұтынушылардың (ИЕТ) үлесіне барлық анықталған АҚТҚ-жұқпаларының 88 пайызы сәйкес келеді. Облыста 1762 (2009 жылы - 2041) сырқат нашақорлық дертіне сәйкес арнайы есепте тұрады. Олардың: апиынқұмарлары – 386 (22%), (2009 ж - 426-ы немесе 21%).
     
    Метадон - бұл күшті жасанды апиындық агонист. Өз химиялық құрылымы және қасиеті бойынша апиынның жасанды өнімі болып табылады және апиындықтар агонистіне, яғни морфиймен және героинмен әсері ұқсас зат болып табылады.
     
    Қазақстан Республикасындағы орнын басушы демеуші терапия (ОДТ) бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері.
    ОДТ-ның негізгі мақсаттары:
    - ҚР ДСМ әлеуметтік (социалдық) секторында есірткіге қарсы әлеуеттің ықпалдылығын арттыру;
    - ҚР-да ең осал топ – ИЕТ (инъекциялық есірткілерді тұтынушылар) арасында жұқтырудың алдын алу есебінен АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекет ету.
     
    ОДТ-ның негізгі міндеттері:
    - Легалды емес есірткілік заттарды тұтынудың жиілігі мен ретттілігін төмендету;
    - Пациенттің соматикалық және психикалық статусын тұрақтандыру;
    - ОДТ-да болған тұлғалардың АРВ-терапияға бейімділігін арттыру;
    - ОДТ пациенттерінің өмір сапасын және әлеуметтік тіршілігін көтеру.
     
    Апиындықтарды тұтынудан түбегейлі және толық бас тарту – бұл алыс перспективадағы ОДТ мақсаты.
     
    Метадонды тарату бекеттерін ашу мен қызметіне дайындық бойынша шаралар.
    - Облыстық денсаулық сақтау басқарамасының ОДТ-ны облыстық наркологиялық орталық базасында енгізу туралы бұйрығын шығару;
    - Ішкі істер басқармасынан метадонды жеткілікті сақтау, есепке алу, тарату және қолдану үшін мекен-жайына мемлекеттік лицензияны алу;
    - Есірткілік заттардың, психотроптық бұймыдардың және прекурсорлардың айналымымен сабақтас қызмет түріне ОДСБ-ның мемлекеттік лицензия алуы;
    - Метадонды тарату бөлмесінің жөндеу-техникалық жұмыстарын және жабдықталуын жүргізу
     
    ОДТ бағдарламасының қызметкерлері:
    1. Дәрігер психиатр-нарколог – 1,0 бірлік;
    2. Психолог-психотерапевт – 1,0 бірлік;
    3. Әлеуметтік қызметкер – 1,0 бірлік;
    4. Мейрбике – 2,0 бірлік.
    Барлығы - 5,0 бірлік.
     
    Метадонды тарату кабинетінің қызметіне қойылар негізгі талап:
    Кабинет медициналық ұйымның бірінші қабатында орналасуы және бөлек сырттан кірер есігі болуы керек.
     
    ОДТ алудың көрсетілімдері:
    - Апиындық тәуелділік диагнозы (Ғ 11,2);
    - Саналы түрде ақпараттық келісім беру қабілеті;
    - Қазақстан Республикасы азаматтық;
    - 18 жастан ересек жас;
    - Есірткіні инъекциялық тұтынудың 3 жылдан кем емес өтілі;
    - Құжатпен дәлелденген 2-3 рет сәтсіз емделу;
    - АҚТҚ/ЖҚТБ кеселі барларға басымдық беріледі;
    - ОДТ бағдарламасына қатысушы әйелдегі жүктілік.
     
    Психикалық белсенді заттардың әр түрлі сыныптарының метаболиттеріне зәрді тексеру тест-тілімше арқылы жүргізіледі.
     
    Келісім-шарт жасалады. Онда медициналық ұйым (орындаушы) және пациент арасындағы қатынас анықталады, құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
     
    Т.Қ.Бектеген,
    «ОНО» МКҚК бас дәрігері
    Просмотров: 845 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz