«Асық ойнаған озар, компьютер ойнаған тозар...» - 29 Декабря 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Желтоқсан » 29 » «Асық ойнаған озар, компьютер ойнаған тозар...»
    18:08
    «Асық ойнаған озар, компьютер ойнаған тозар...»



    Әлемтор - жаңа технологиялардың дамуы арқасында қарапайым адам өмірінің айнымас бір бөлігіне айналды. Алайда бас кезінде бала өміріне қауіпсіз болып көрінген компьютерлік ойындарға, тек 2002 жылы наурыз айында 21 жасар америкалық Шон Вили виртуалды EverQuest он-лайн ойынында жеңіліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсағаннан кейін ғана әлем дәрігерлері дабыл қақты. Қазіргі кезде ғаламторға еркін ену мүмкіндігі бар17-18 жас шамасындағы жеткіншектердің арасында дәл осы компьютерлік ойындар үшін айлап далаға шықпайтындары да кездеседі. Тіпті кейбіреулері он-лайн ойыннан бір сәтке де қол үзбес үшін агорафобиямен (ашық кеңістіктен қорқу) ауырамын деп мүгедектік алуға тырысқан екен.
     
    Психологтардың зерттеуінше, компьютерлік ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті және рефлекстері жұмыс істейді екен. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде іс-қимыл траекториясы мен қашықтықты есептеуде қателіктерге бой алдырады. Себебі 3D - бейнелер кеңістігі шынайы өмірге мүлдем ұқсамайды. Осының арқасында физикалық іс-әрекетке тек адам саусақтары түсіп, тендонит - қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде пайда болатын дертке ұшырайды. Әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір екінші адам осы аурумен ауырады.
    Иә, компьютерлік ойындарға әуестік біздің елімізде де белең алып отыр. Шетелдердегідей шектен шығу болмаса да, белгілі мөлшерде бізге де зиянын тигізуде.
    Компьютерлік ойындарға әуестікпен ауырған баланың ата-анасы:
    - Менің балам 5-6-сыныпта оқығанда, компьютерлік ойынханадан шықпайтын болды. Ол уақытта үйімізде өзіміздің компьютеріміз болмағандықтан, баламыздың онда баруына қарсы болған жоқпыз. Қатарынан қалмай компьютерлік сауаты ашылсын деп ойладық. Бірақ біраз уақыттан соң ұлымыздың сынып жетекшісі оның сабаққа неге келмей жүргенін сұрап қоңырау шалды. Бұл, біздің отбасымыз үшін ең түсініксіз жайт болды. Өйткені сабағын үздік оқып жүрген ұлымыздың аяқастынан сабаққа кетіп, алайда мектеп табалдырығын аттамай, бізге өтірік айта бастағанына не себеп екенін түсіне алмай дал болдық. Сөйтіп, арада бірнеше күннен кейін оның себебі де анықталды. Ол сабаққа барар жолында сол компьютерлік ойынханаға кіріп, ойынға қызыққаны соншалықты мектепті мүлдем ұмытып кетіпті. Ал кешке ақшасы біткенде үйге қайтып келген екен. Осылайша үш күн қатарынан виртуалды әлемге сапар шеккен ұлымыз, соның салдарынан бірнеше ай дәрігерге қаралып, қан қысымының жоғарылауы, көру қабілетінің төмендеуі, жүйке жүйесінің тозуы сияқты қойын дәптерге сыярлық біраз ауруды бойына жинады. Ендігі кезде заман талабына сай өзінің жеке компьютері болса да, виртуалды ойындарды ойнамайтын болды.
    Айдос МАХМУТОВ, ҚазҰУ психологиясының аспирант, магистрі:
    - Соңғы уақытта әлемде компьютерлік бейне ойындарға қызығушылар аудиториясы миллиардтаған адамға жетті. Компьютерлік ойындардың негізгі зияны - оның бақылаусыздығында. Жасөспірімдердің агрессияға бой алдырып, өздерінің виртуалды әлеміне еніп кетуі және ойын кейіпкерін адам болсын, жануар болсын «жан досындай» көру феномені ойыннан тыс күнделікті өмірден оларды алыстатады. Әсіресе, жас бүлдіршіндер виртуалды әлемнің арқасында уақыт еншісінен тысқары қалып, айналадағы шынайы тіршілікке қызығушылығы төмендейді. Ол ас ішу уақытын өткізіп, ұйқы тәртібін бұзып, сыртқы келбеті мен жеке гигиенасына аз уақытын бөледі. Сөйтіп, саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап, бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің мазмұны өзгеріп, арқасы да сыр бере бастайды.
    Компьютерлік ойындарды көп ойнайтын адамдардың «кәсіби» ауруларына мойын остеохондрозы, геморрой және простатит жатады.

    Құралай БОГУСБАЕВА,
    ҚазҰУ-дың 2-курс студенті
    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 723 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz