Қарасора сор болды - 8 Июля 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Шілде » 8 » Қарасора сор болды
    19:41
    Қарасора сор болды

    Қауіпті де қатерлі індетпен Қазақстан күреспей отырған жоқ. Білекті сыбанып кіріскелі қашан. Ол үшін құлаш-құлаш мақала жазылды. Қаншама қабырға газеттері шығарылды. Ұйқыңды келтіретін баяндамалар жасалып, есінететін конференциялар өткіздік. Акция өткізуден алдыға қара салмаймыз. Айқайлаған атын айтсаңызшы. Акция… Күресудей күресіп-ақ келеміз. Алайда адуынды аждаһадай әл берер түрі жоқ. Қайта жыл өткен сайын есірткіге есі ауғандардың қатары қара ормандай қалыңдап барады.
    Әлемдік наркомафияның жазылмаған заңы бойынша әрбір нашақор өзінің соңынан кем дегенде бес адамды есірткі әлеміне ертуі тиіс екен. Желілік маркетинг сияқты. Еліміздегі есірткі бизнесі осындай геометриялық прогрессиямен қарыштап даму үстінде. Оған еліміздің есірткі дәлізіне айналғаны да көп «үлес» қосып отыр. Мамандардың берген сараң мәліметіне қарағанда, соңғы 15-18 жыл көлемінде нашақорлардың саны тым артып кеткен.
     
    Бүгінде елімізде 180 мың нашақор бар дейді статистиктер. Жыл сайынғы мәліметтер олардың санының көбейгендігін көрсетпесе, азайғандығы жөнінде ақпар аз. Жоқтың қасы. Оған есірткінің неше түрін ойлап тауып жатқан «өнертапқыштардың еңбегін» қосыңыз. Соңғы әлетте есірткі заттарының кәнігі мамандары із жасырудың неше түрлі айла-шарғысын жасап бағуда. Олардың қолынан шыққан есірткі заттарының құрамын анықтауда кәсіби мамандардың өзі шатаса бастады. Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер заңсыз айналымда жүрген 400 келі есірткі заттарын, сонымен қатар 15 келі наша, 1 келі 200 грамм героин тәркіледі. Өкінішке қарай, соңғы уақыттарда есірткінің наша түрі көптеп таралуда.
    Оның құрамында қарасораға қарағанда, тетрагидроканнабинолдың он есе күші бар. Ал әсері марихуанамен салыстырғанда әлдеқайда күшті.
    Соңғы кезде есірткі өндірушілер нашаны классикалық тәсілмен дайындай бастады: майда шаңды (көбіне тозаң мен жапырақ үгіндісін) қарасора өсімдігінен сылып алып, оны ондаған елеуіштерден өткізеді. Бұл есірткінің ең күшті түрі болып есептеледі дейді мамандар. Бағасы да арзан емес. «Қара тажал» нарығында бұл есірткінің құны апиын құнымен салыстырмалы түрде бағалануда. Жергілікті қара нарықта 1 келісі 2 мың АҚШ доллары тұрады.
    Жуырда Жамбыл облысының аумағында есірткішілер тобы анықталды. Бұл топ ауғандық есірткі затын өндірушілер болып табылады. Ауғанстан есірткі өндіруден дүниежүзінде Мароккодан кейін 2-орынды алатыны белгілі. Ауғандық есірткі Орта Азияда өндірілетін нашаға қарағанда, тезірек әсер етеді. Әзірге есірткі дәлізінде отырғандықтан, олардың жолына тосқауыл болу мүмкін болмай отыр. Ауған елінен келетін есірткі еліміз үшін бір бүйірден үнемі солқылдатып отыратын соққы екені аян. Бұдан бөлек, Жамбыл облысына қарасты Шу алқабында өсетін қарасора танабы да сор болып тұр. Шамамен, Шу жазығында 130 мың гектар жерде сора өседі екен. Сондай-ақ осы маңайда өсетін есірткінің жабайы түрін, қолдан әдейі ұрығын сеуіп кететін түрлері де бар. Шу аумағының егістік алқабын 24 мың тонна жабайы қарасора және 4 тоннадан астам наша құрайды.
     
    Жыл сайын тәртіп сақшылары бұл аймақта есірткіні жұлып, өртеп, жоюдың жоспарлы жұмыстарын жүргізіп тұрады. Алайда оны түп-тамырымен жою әзірге қолдан келмей отыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес мақсатында облыстық ІІД басшылығымен қарасораның заңсыз өсірілуін тәулік бойы бақылайтын тікұшақ, екі жол талғамайтын және бес «Нива» автокөліктері алынған. Есірткіге есіргендер осыншама тосқауылдарға қарамай, жықпыл-жықпылмен жөнін тауып кетіп жатыр… Нашақорлыққа қарсы қонымды қарекеттер қолға алынуда. Күресудің айла-тәсілінен артта қалып отырған жоқпыз. Мамандар нашақорлықтың алдын алу әліппесін балаларға әлден-ақ жаттата беру керек дейді. Бұдан ғасыр дерті, нашақорлық туралы мағлұматы мүлдем аз ауыл мектептерінің оқушылары да қалыс қалмағаны дұрыс. Өйткені біз ұрандатып, айқайшыл акцияның соңында әндетіп жүргенде, нашақорлық ауылға да барып болды.
    Нұржан ҚАЛМЕТОВ, Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
    – Жуырда ғана Шу қаласында спаниель тұқымды Артур атты ит кезекті рет үлкен көлемдегі есірткіні анықтады. Екі орамнан 4,5 келі салмақта наша табылды. Бұл есірткінің әрбір келісі сұраныс пен ұсынысқа байланысты оңтүстік қара нарықта 600-700 АҚШ долларын құрайды. Облыстық ІІД қызметкерлері Білім департаментімен, денсаулық сақтау мекемелерімен белсенді түрде тығыз қарым-қатынас жасап, есірткі бизнесіне қарсы бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама есірткінің алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Нашақорлық пен қылмысты егіз ұғым деп атауға да болады. Өйткені қылмыстың басым бөлігі нашақорлардың қолымен жасалады. Алайда жыл артқан сайын нашақорлыққа салынғандардың қатары сиремей отыр.
    Гүлжан КӨШЕРОВА,
    Жамбыл облысы
     
    Просмотров: 851 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz