Арақ заңды да мас ете ме? - 29 Декабря 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Желтоқсан » 29 » Арақ заңды да мас ете ме?
    17:21
    Арақ заңды да мас ете ме?


    Қазіргі қоғамда жастар имандылыққа бет бұрып, жаман әдеттерден, яғни арақ-шарапқа салынудан, құмар ойнаудан іргелерін аулақ салып жүргені баршамызға аян. Алайда, «жарық қанша күшті болған сайын, қараңғылықта сонша қоюлана түседі» демекші, бір бөлім жастар арақты атасынан қалған ас-суындай көріп, өздерін құрдымға итеріп жүргені белгілі. Оған себеп, ең бірінші өздерінің ішкі жан-дүниесінің ағаттығы болса, бір жағынан қоғамдық өмірдің және заң жобасының солқылдақтығы жастардың азғынданып араққа салынуына түрткі болуы деп есептеуге болатын сияқты.
     
    Қоғамда кейбір бизнесмендер өздерінің саудасын жүргізу үшін алуан түрлі жымысқы әрекеттерге баруда. Яғни, арақ-шараптың тұтыну өресін түсіріп алмау үшін қазіргі «Алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға тиым салу» заңының әлсіз тұсын жақсы пайдаланып, алкогольсіз сыраны жанын сала жарнамалауда. Қасқырды жыртқыш, жыртқыш емес деп бөлуге болмайды ғой.
     
    Сол сияқты ол ішімдік алкоголді бола ма? болмай ма? бәрі бір адамды аздырғыш «жынды су» екені ақиқат. Сол сияқты қаламызда кейбір сауда орындарының маңдайшаларына «тегін сыра» деген жазуларды жазып қоятын жағдайлар жиі көзге шалынып жатады. Біз осы мәселені анықтау үшін «тегін сыра»жазылған орындарға барып,журналистік тексеру жүргіздік. Үш орынға барып едік, барлығы да жасырын ойынхана болып шықты. Сонда тегін сыра жа­сырын ойынхананың шартты белгісі болғаны ма? Жауапты адамдарынан ұғысуымызша, сыра ішу үшін сөзсіз ойын ойнау керек. Сонсоң қалағаныңша іше бересің.
     
    Бұл жерлер­ге көбінше жастармен жасөспірімдер үйірсек келеді екен. Саудаларын күсет қылатын да со­лар. Біз барғанда көздері жәудіреген, шала қызу жасөспірімдер тегін сыраға қарық болып,ойын қызығына батып жатыр екен. Солардың бірнешеуін сөзге тартып едік. Олар былай деді:
     
    Айдос: (мектеп оқушысы) мен оныншы сыныпта оқимын. Сабақтан сырт уақыттың көбінде достарыммен осында келіп, ойын ойнап, сыра ішемін. Бұл орынның ерекшелігі сенің жасыңа қарамайды. Ақшаң болса бол­ды, Қалаған уақытта келіп көңіл көтересің. Кейде құқық қорғау органдарының адамдары тексеріп келеді. Ондай кезде бұл орын сенің қауыпсіздігіңе кепілдік береді.
     
    Жасын: (жұмыскер) мен осы жерді ұнатамын. Осыдан бірнеше жыл бұрын ойын­ханаларды түгел жауып тастады ғой. Содан осындай орынға келетін болдым. Шөлдесең қалағаныңша сыра ішесің. Арақ сұрасаң оны да аздап береді. Анашаны да аздап ұсынатын осындай орындарда бар. Бір досымнан естуімше сыраға есірткі қосып беріп, шырғаға түсіретін ойынханаларда бар екен. Ондайдан құдай сақтасын.
     
    Осы орайда арақ-шарапты қоғамнан аластату үшін билік тарапынан жасалған заң-ереже,шараларға тоқталып өтсек: 13-ші қазан күні Ел парламенті арақ-шарап саудасын қоғамдық шектеу ту­ралы Үкіметке ұсыныс жасады. Депутат Иван Чиркалин оларды тек бейнеқұрылғы орнатылған, арнайы дүкенде ғана сату қажеттігін қадап айтты... Депутат пай­да табу үшін алкогольдік өнімдерді сату ережелерін аяқасты етуге баратын, тіпті арақты балаларға да сатудан тартынбайтын бизнесмендерді қылмыстық жазаға тартуды ұсынды. Бұны Мәжілістің жалпы отырысын­да ресми сауал түрінде рәсімдеп, Үкіметбасы Кәрім Мәсімовтің атына жолдады. Бұған қоса, ол ішімдіктердің тәулік бойы еркін сатылуын тиятын уақыт жетті деп санайды.
     
    Енді Иван Чиркалин қоғамды зияны өте жоғары осынау кесапаттан қорғап қалу үшін солай істеу қажеттігін алға тартып, үкімет басшысынан мәселені нақты шешуді сұрайды. «Дүкендер елімізде қабылданып жатқан шараларға қарамастан, арақ-шарапты сату ережелерін сақтап отырған жоқ» деп қынжылады депутат. Бұдан бұрын, яғни 2010 жылдың сәуірінен елімізде айналымда жүрген алкоголь өнімдерін есептік бақылау маркілерінің жаңа түрі енгізілді. Сондықтан соңғы үш жыл­да қолданыста жүрген маркілер келесі жылдың 1 қаңтарына дейін ғана заңды күшіне ие. Тауардың сапасын растай­тын жаңа үлгідегі құжаттың күшейтілген қорғанысы айлакер саудагерлерге,оның көшірмесін жасауға мүмкіндік бермейді.
     
    Соңғы өзгерістерге сәйкес 2011 жылғы қаңтардың бірінен бастап, жоғары граду­сты ішімдіктер республикаға енгізілгенде, ел аумағы бойынша тасымалданғанда міндетті түрде маркіленген болу керек. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап литрінің құны 500 теңгеден кем арақ-шарап өнімдерін саудалаулауға да тыйым салынбақ. Ал Былтырғы жылдың тамызында кәмелеттiк жасқа толмағандарға сағат кешкi 10-нан таңғы 6-ға дейiн көңiл көтеретiн ғимараттарда болуға және қоғамдық орын­дарда арақ-шарап iшуге тыйым салатын заң қабылданған болатын. Бірақ оның орында­луы сиыр құйымшақтанып кетті.
     
    2003жылы Қарашаның 19-ында Парламент Мәжілісінің жалпы отыры­сында «Жарнама туралы» заң жобасын қараған депутаттар Жаңа жылдан бастап арақ-шарапты жарнамаламау және темекіге де шектеуді күшейту жөнінде уағдаласты. Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі Келісім комиссиясының шешімімен 2004 жылдың қаңтарынан алькоголдық ішімдіктерді жар­намалау тоқтатылып, заң нормаларға сәйкес жүргізілетін болды. Бірақ мұның да орын­далмай жатқанын мақаламыздың басында айттық. Міне, осыншама заңдар қабылдансада,оның орындалуы мүлде назардан тыс қалып, заң орындары ымырашылдыққа жол беруде. Егер мұндай селқостық жалғаса берсе, келесі заңдар тек сөз жүзінде қалып қана қоймай, оңалып келе жатқан жағдайларымызды қиындатып, бөгде ниетті әлде біреулердің мұртынан күлуіне мүмкіндік туылуы ықтимал.
     
    Омар ҚҰРМАШ

    http://arhar.kz/
    Просмотров: 779 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz