Арақтың зияны - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Арақтың зияны
    20:04
    Арақтың зияны

    Құрметті мұсылман бауырлар! Аллаһ Тағала адамдарды өзге махлұқтардан асырып, өзінің ұлы нығметтерінің бірі ақылды беріп, өзімізді пәк ұстап, харамнан сақтануымызды бұйырған.

    Бәрімізге белгілі ішімдік ішкен кісі бір отырыста түрлі хайуанның бейнесіне еніп шығады. Мұндай араққұмарлар балаларға – мазақ, ересектерге – келеке, жанұясының маңдайына біткен сор.

    Әбу Ләйс Самарқанди р.а. былай дейді: «Арақ ішпе! Өйткені онда он жаман қасиет бар».
    Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Маида-91» былай дейді: «Негізінде шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салуды қалайды».
    Әлбетте арақ ішу – Аллаһ Тағаланың зікірінен және намаздан қайтарады. Бұл турасында «Маида-91»: «шайтан сендерді Аллаһ Тағаланың зікірінен және намаздан қалдыруды қалайды. Енді тоқтайсыңдар ма, жоқ па? (арақтан тоқтаңдар)»-деген.
    Арақ – барлық жамандықтың кілті. Арақ ішкен адам кез-келген күнә іске бейім. Пайғамбарымыз с.а.с. «Ішкіліктен сақтаның-дар. Өйткені ол – барлық жамандықтың кілті»,-деген.
    Шариғат бойынша арақ ішкен адамға сексен дүре соғу уәжіп. Егерде бұл дүниеде ұрылмаса, ақыретте ата-анасының және достарының алдында оттан жасалған қамшымен ұрылады. Арақ ішуімен аспан есіктері жабылады. Өйткені бір мәрте арақ ішкен кісінің жақсылық істері және дұғалары, намаздары қырық күнге дейін қабыл болмайды. Пайғамбарымыз с.а.с. «Үмметімнің ішінен ішкілік ішкен адамның Аллаһ Тағала қырық күнгі намазын қабыл етпейді»,-дейді. Бұл хадиске байланысты Имам Суюти: «Адам бойына тараған ішкіліктің толық жойылу мерзімі – 40 күн»,-деген.

    Арақ ішуші адам өлер алдында имансыз кетуі мүмкін. Себебі пайғамбарымыз с.а.с. «Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді. Осы мерзім ішінде өліп кетсе, ол адам тозаққа кіреді. Аллаһ Тағала оған назар салмайды»,-деген.

    Пайғамбарымыз с.а.с. «Кімде-кім арақ ішсе оған күйеуге шықпаңдар, ауырып қалса көңілін сұрап бармаңдар, дүниеден өтсе жаназасына қатыспаңдар. Аллаһ Тағала арақты Тауратта, Забурда, Інжілде және Құранда лағнеттеген. Кімде-кім арақтың бір тамшысын ішкізсе Аллаһ Тағала оның денесін жылан, шаяндарға тастайды. Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған қарыз берсе, бір мұсылманды өлтіруге жәрдемдескен болады. Ал кімде-кім арақ ішушімен бірге отырса Аллаһ Тағала оны қияметте екі көзін көрмейтіндей етіп тірілтеді. Аллаһ Тағала назарынан тыс қалады». Сонымен бірге, Аллаһ Тағала: «Арақты ішуші мен құйып берушіні, сатушы мен сатып алушыны, дайындаушы мен дайындатушыны, арақты алып келуші мен әкелдіргенді және сатып күн көргенді де лағнеттейді».

    Қазіргі таңдағы медицина ғалымдары арақтың кейінгі ұрпаққа зияндығын дәлелдеп, былай дейді: «Арақ, ішкен адамға ғана зиянын тигізбей айналасында шарпиды. Мысалы: сәбилердің зейін және дене мүшелерінің олқы болуына тек әкесі ғана емес анасы да кінәлі. Әйел адам қанша ішсе, іштегі сәбиге сонша зиян. Бұл сөзді Вашингтон университетінің докторы Анна Стреггегуз де растаған. Ал Петербург университеті 700 сәбиге жүргізілген зерттеу нәтижесінде бір шыны сыра, ана құрсағындағы баланың миына әсерін тигізеді деген қорытындыға келген.

    Ішімдік ішкен әйелдердің сәбилері:
    80 % әлсіз болып дүниеге келеді.
    84 % психикалық ауру болады.
    84 % бас мөлшері тиісті мөлшерде емес.
    80 % сөйлеу мүшесінде кемістік болады.
    80 % терісі зақымдалған.
    51 % аяқ-қол саусақтары қисық.
    46 % жыныстық мүшелерінде кемістік.
    41 % есту мүшелерінде кемістік болады.
    25 % көру қабілеті төмен.
    23 % жүрек ауруларын шалдыққан.
    10 % бүйрегі толық істемейді.

    Жалпы дәрігерлер ішімдік ішу нәтижесінде нәрестенің бойында 850-ден астам ауру пайда болады деген қорытындыға келген.

    Қазақ халқында суырып салма ақын, сөз тапқыр шешен, аузына алты алаштың баласын қаратқан киелі жандар аз болмаған. Бұның барлығы ақылдың толық болуынан. Қазақ халқының бүгінгі таңдағы үлкен жауы ішкілік. Қымбатшылыққа қарамай аяулы аналарымызда ішкілікке бой алдыруда. Ал, ана арақ ішкен жерде бала тәрбиесі жайына қалары мәлім.

    Демек, мұсылман бауырлар!

    Көзімізді ашып, келер ұрпаққа үлгі болайық!

    Кентау қаласының бас имамы: М.Есіркеп. http://www.dinislam.kz/
    Просмотров: 1342 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz