Арақтың құлын тәрбиелеп жатырмыз ба? - 29 Декабря 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:43
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Желтоқсан » 29 » Арақтың құлын тәрбиелеп жатырмыз ба?
    18:04
    Арақтың құлын тәрбиелеп жатырмыз ба?

    Бір долларға тек Қазақстанда ғана арақ сатып алуға болады! Бізді ауыздандырып үйреткен теріскейлік көршілеріміздің өзінде қымбатырақ. Қала шетіндегі әкемнен мұраға қалған жер үйде тұрамын. Орталыққа анда-санда қатынайтын қытайлық сары автобусы бар, екі аялдама жерде шағын орта мектебі орналасқан көп кенттің бірі. Менің үйімнің дәл қарсысында тәулік бойы оты жанып тұратын дүкен кенттің мәдени орталығы саналады. Тұрғындар ақпарат алмасуға, аман-саулық сұрасуға алдындағы тақырға жиналса, күндіз есіктен, түнде тесіктен сауда жасай беретін дүкен үйге аяқ асты қонақ келіп қалса көз таныстарға қарызға да бере береді. Өткенде жұмыстан кештете қайттым. Кірсең аяғың жаншылып, өкпең қысылып, төбең тірелетін күншығыс елінің көлігіне үш ұмтылып мінген соң, күндіз жүрсең аяғыңды сындыратын кент жолымен селкілдеп жеткенше біраз жүйкем жем болып, сіркем су көтермей келе жатқан.
     
    Әйелімнің «Нан ала кел!» деген бұйрығы есіме түсіп дүкенге бұрылдым. Есігін аша беріп едім көше басындағы көршімнің бірінші сыныпқа баруға дайындалып жүрген қара қызы шыға келді. Қойнында сырты терлеп тұрған екі шөлмек сыра. Жүрегім дір ете қалды. «Апырмай-ә, біздің елде он сегізге толмасаң алкогольді сатпақ түгілі иісін иіскетпеуші еді ғой…» Ойым аузымнан шығып кетсе керек, құйтақандай қара қыз «А это для папы!» деп тақ ете қалды. Әке тапсырмасын бұлжытпай орындағанына мақтаныш оты көзінде жанып тұр. Қазір мен ақыл айтып «Ә!» десем «Мә» деуден тайынбайтын сияқты.
     
    Кішкентай бұлдіршінге шөлмектердің орнына жазған әке қисық аяқ, жалбыр шаш қуыршақ алып берсе қандай жарасар еді… Дүкендегі сатушыға сөйлей кірдім. «Әне өздерің жазып қойыпсыңдар. Неге жаңағы балаға спирт өнімін сатасыз? Бұл заңсыздық қой! Қандай тәрбие беріп жатқаныңызды білесіз бе?». Сөренің арғы жағында тұрған қызыл сары келіншек айтқаныма айылын жимады. «Е, Айгеримканы айтасыз ба? Она же не для себя, а для папы! Уже взрослая такая, отцу помогает!»… … Біз елулікке қосылғымыз келіп жүрген елміз. Басқа көрсеткіштерді қайдам, ең арзан арақ тек бізде ғана бар! Бір долларға тек Қазақстанда ғана арақ сатып алуға болады! Бізді ауыздандырып үйреткен теріскейлік көршілеріміздің өзінде қымбатырақ. Ал
     
    Батыста арақ пен темекі бағасы тіптен шарықтап тұр. Сондықтан олар тартынып ішіп, шегіне шегуге мәжбүр. 21 ге жасың толмаса жұтпақ түгілі иісі шықса полиция бұрышқа тұрғызады. Кешкі сағат оннан соң пара берсең де сатпайтын әдеттері тағы бар. Оның қасында бізде нағыз демократия ғой шіркін! Тәуліктің кез-келген уақытында, кез-келген жерден, мейлі тіпті бесіктен белің шықпаған бала болсаң да «Это для папы!» десең болды, кез-келген мөлшерде ала беруге болады… Бір сөзбен айтқанда «Рақат!»
     
    Бізде неге барлығы арзан? Жарайды, кім көрінге заңсыз сата бергенге етіміз үйренген. Заңсыздықтың одан зорын көріп, «пық» деуге шамамыз келмегенде, бұл әшейін болмашы нәрсе ғой. Бірақ неге сутегін? Қарапайым математикалық жолмен есептейік: бір бөтелкенің өзіндік құны 17 теңге, құйылатын су мен спирт 21 теңге, өндіріс шығыны 11 теңге, акциз салығы 100 теңге, қортыныдысында бір бөтелке арақ зауыттан шыққанда ең кемі 148 теңге болуы керек. Оған қосып дүкен сөресіне жеткенше кететін тасымал шығыны, саудагердің пайдасы үшін қосатын үстемесін есептегенде ең арзан ащы судың құны 200 дің арғы жақ, бергі жағына барып қалуы керек. Ал қазір 100 теңгеге сапасы төмен болса да сандалтуға жететін арақты іздемей табуға болатыны еш құпия емес.
     
    Бұл өз кезегінде «атау-керенің» сапасына күмән туғызады. «Арзанның сорпасы татымас» демекші, бір күн желік іздеп, мың күндік денсаулығыңыздан айырылып, сандалып қаласыз… …Неге келгенімді еске түсіре алмай есеңгіреп тұрған кезде дүкеннің есігі бажылдай қайта ашылды. Алдымен тұлымшағы, сосын өзі кірген «әкесінің құлыншағы» умаждалып иі шыққан екі жүздікті дүкеншінің қолына ұстата қойып еді, беті қызыл сары келіншек ыммен түсініп, мұздатқыш жаққа байпаңдай жөнелді… … Міне біз қандай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Алыстан мысал іздемей-ақ маусымның ортасында болатын мектеп бітірушілер кешіне барыңызшы. Түлектердің аяғын нық басатыны аз, соңғы күн жауапкершілікте ұстаздар жақ ашпайды, ата-ананың балалары жаққа қарайтын шамасы жоқ. Міне біз қандай тәрбие беріп жатырмыз! Қағаздың заңы ауызға алынбайды деп жауыр сөзді айтпай-ақ қояйық, бірақ ардың заңының, күні ертең келетін ұрпақ алдындағы жауапкершілік заңының алдында айтар жауабымыз болмай, көзімізбен жер шұқып жүрмейік…
     
    http://www.zonakz.net/blogs/user/kozildirik/14089.html
    Просмотров: 650 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz