АРАҚТЫ «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАУЫ» ДЕП, ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК - 28 Февраля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Ақпан » 28 » АРАҚТЫ «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАУЫ» ДЕП, ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК
    16:22
    АРАҚТЫ «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАУЫ» ДЕП, ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК

    Ұлан байтақ жерімізді ата-бабалармыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап келген. Осы жылқы мінезді қазақ, қойға айналдық. «Қарындастың қамы үшін» намыс жыртқан кешегі ер азамат, бүгін қаңғас иттің күнін көріп көшеде жүр. «Намысын жатқа бермеу үшін» жауына қарсы шапқан қазақтың қыздары, бүгін көрігенге тәнін сатып жүр. Кешегі қазына қарт бүгін қызымыр, қылжақбас шалға айналған.
    Осындай күйге түсуі не себеп? Басты себеп арақ. Атам қазақ арақты қалай қайнатып, жасайтынын көрші қалмақтардан көрмеді дейсіз бе, көрді. Арақтың зиянын екенін білді. Сол себептіде олар арақты ауылына жолатпаған. Арақ біздің қазаққа «сілекейі сідік татыған» отаршылармен бірге келді.
    Алла Тағала Қасиетті Құранда адамзат баласына арақ ішуге тыйым салған. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Арақ ішпендер! Себебі арақ барлық жаманшылықтың кілті» деген. Арақ адам баласының азғандауына себеп. Арақ ішкен адам барлық адамгершілік қасиеттен айырылады. Арақ ішкен адамнан әуелі иман кетеді, иман кеткен соң ұят, намыс кетеді. Ішімдікке әуес адамнан әлсіз, жігерсіз, ұятсыз, намыссыз ынжық ұрпақ дүниеге келеді.
    Осылай кете беретін болсақ , енді 70-80 жылдан кейін бойы бір тұтам, әлсіз бейшара ұрпақ дүниеге келмек . Өз басын қорғай алмайтын еркек өз отбасын, өз Отанын қалай қорғамақ. Шығысымызды Қытайға, батысымызды Орысқа, оңтүстігімізді Өзбекке беріп, өзіміз солардың малын бағып жүруіміз әбден мүмкін.
    Осы әзәзіл арақтың кесірінен жер бетінен жойылып кеткен ұлттар да бар.
    Осыны түсінген кейбір халықтар араққа қарсы майдан ашты. Ресейдің Тува Республикасында 5 жылдан бері ауыл-қыстақтарда арақты ішпеу жайлы үгіт жүріп жатыр. Нәтижесінде халықтың әл- ауқаты жақсарып келеді. Жұмысты ұлтына жаны ашитын белсенді азаматтар қолға алуда. Шешендер арақты тіпті елден аластатты.
    Арақты жоғарғы жақтан заң шығарып тоқтату мүмкін емес. Алпауыт Америка арақпен 13 жыл, Түркия да көп жыл күрескен. Кеңес кезінде бас хатшы Горбачевта күресіп көрген. Бірақ барлығы нәтижесіз аяқталған. Неге десеңіз сол заңды шығарған адамдардың өзі арақтан тыйылмаған.
    Мысалы, біздің елдегі «Тіл туралы» заңды қабылдап қойып өздері балалары мен немерелерін орысша оқытатын адамдар сияқты. Бұл әзәзілмен әр адам саналы түрде және жаппай халық болып күресу керек. Арақты «ұлтымыздың жауы» деп, жариялау керек. Бұл соғыс әділетті және біздің ұрпағымыз үшін абыройлы күрес болмақ. Арақтың құлы болып жүрген бауырларымызды құлдықтан құтқарайық. Бәріміздіңде араққа кеткен кегіміз бар.
    Баршаңызды ұрпағымыздың болашағы үшін Қасиетті күреске шақырамын!!!
     
    Ә. Байқадамов,
    Сарыөзек мешітінің имамы
     
    http://www.namys.kz/
    Просмотров: 790 | Добавил: наркология | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz