Арақ құрдымына кеткен нәзік жандардың қасіреті - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Арақ құрдымына кеткен нәзік жандардың қасіреті
    20:29
    Арақ құрдымына кеткен нәзік жандардың қасіреті

    Әлемдік қоғамдық дертке айналған маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік нәзік жандар — әйел-аналары-мызды жаулап алғалы қашан! Бәсекеге түскен фирмалар өз өнімдерінің бағасы мен тұтынушыларының санын арттыру үшін ештеңеден тайынар емес. «Бибігүл», «Асанәлі» деп өмірі халқымызға үлгі болар өнер майталмандарының «тентек» суға «есім» болып таңылуы біздің ұлтымыздың тұлғаларына лайық па еді?


    Кешеге дейін ішімдікті той-мерекелерде ғана ұрттап қоюдан ары аспай жүрген әйелдер мен қыздардың бүгінгі той-жиындарда еркектен бір кем түспей ішуі қазірде жай бір үйреншікті көрініске айналғанмен, келешектегі азғындықтың соны жолдары екендігіне шүбә жоқ. Және тағы бір өкініштісі — онысын мақтан тұтатын әйел-қыздарға таң қалудан да қалып барамыз. «Мас болып қалыппын, күйеуім үйге әрең әкелді», «Күйеуімнен жасырып бір бөтелкені досым екеуміз тауыстық», «Емізулі балам оянғанша бір сыраны ішіп тауыстым» деген пікірлер отбасымның түтіні түзу шықсын деген әйелдің тәрбиесіне ұқсайды ма?
     
    Бүгінгі күні көшенің қай түкпіріне зер салсаңыз да ешкімнен қаймықпай, ұялмай-ақ сырасын көтеріп жүрген қазақтың қызы мен әйелін кездестіре аласыз. Ал есірткіні пайдаланушылар қазірше бетке шыға қойған жоқ. Сонда да таяуда ғана Алматы қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығынан алған мәлімет бойынша бір жыл көлемінде ішімдік пен есірткіге тәуелді әртүрлі ұлттан құралған 2080 әйел тіркеуде екен (...ал тіркелмегендері қаншама). Олардың алкогольге шалдыққандары — 1931, нашақорлықпен түскендер саны — 140, ал токси-команиядағы 9-ды көрсетіп тұр. Қала орталығындағы наркогольдік жеке емдеу орталығының бастығы Мұсабеков Қайрат Махмұдбекұлының өз тіркеуінде 61 әйел ем қабылдауда екен.
     
    Қайрат Махмұдбекұлы олар туралы былай дейді: — Біздің жеке орталықтан ем қабылдаушылардың ішінде қазақ әйелдері де баршылық. Бұрын жанұялы болған, балалары да бар. Мұнда, әсіресе, қазақтарды түбегейлі айығып кете алады деп айта алмаймын. Өйткені, біздегілер медицина тарапынан көмек бере алғанымен, рухани тапшылық көріп отырған оларды демеуге қауқары жоқ. Діни сауатсыз бұларға бүгінде діндар аға-апаларымыз назар аударар емес. Мешітке барып өз жағдайларын айтса, ондағылар тек: «Намаз оқыңдар», — деп қоя салады екен. Өз беттерінше діни кітаптарды қолдарына ұстап алып, ары-бері сенделіп жүргенін көресің. Есесіне «Иегово куәгерлері» секілді басқа да баптистердің қауымына кіріп кетіп жатқандары қаншама.
     
    Осыдан шамамен он шақты жыл бұрын маскүнем күйеуімен алысып әлекке түсіп жүретін әйелдер азайып бара жатқандай. Күйеуі арақты қойғандықтан емес, отбасындағы дастарқан басында қосыла ішетін ерлі-зайыптылардың пайда болуынан. Бұл өзгеден жұққан кесел демесіңе тағы да лажың жоқ. «Ақ жаулықтыны» өздеріне пір тұтатын орыс ағайындарда отбасы болып арақ ішу о бастағы үрдіс десе де болар. Ал біздегі сән үшін бе қалай? Задында, әйел баласы эмоцияға тез бой алдырғыш болғандықтан, қандай құрдымға түссе де одан арылуы өте қиын. Болмысында еліктеушіліктен аса алмайтын біздің қазақ ішімдікті тауыса ішуден орыстардан бір елі де қалыспады. Осының салдарынан маскүнемдіктің салқыны тиген жандардың талайы өз отбасынан айырылмақ былай тұрсын, өз кіндігінен шыққан баласына жөн сілтеуден қалған. Кеңес үкіметі құрылғаннан бастап-ақ, қазақ жеріне және Орта Азияның басқа да аймақтарына қоныс аударған славян халықтары өздерімен бірге осынау спирттік ішімдікті де ала келді. Мұны сол дәуірлерді толғайтын тарихи кітаптар мен фильмдерден көреміз.
     
    Ертеде ата-бабаларымыз ұл-қыздарының тәрбиесіне байланысты қаншама ғибратты сөздер мен мақал-мә-телдер қалдырды. Ал бүгін арақтың кесірінен (шын мәнісінде 80-жылдардан соң-ақ) рухани тоқырауға түскен ұрпақ жөнінде: «Арақ – атаңнан қалған ас емес», «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, Ұлың арақ ішсе — ырысыңның кеткені», «Арақ ішсем аздым де, өз көрімді қаздым де» дегені сияқты басқа да араққа тән сипаттағы бірнеше мақалдардың пайда болуы — үлкенді сыйлап, алдын кесіп өтпеген бүгінгі ұрпақтарымызға арналып отыр. Қазірде осы алкоголь құмарлықтан құтылудың жолы бүкіләлемдік мәселе боп қойылғалы қай заман. Спирттік ішімдікті көбейтіп сату, ішу көбеймесе, азаяр түрі жоқ.
    Кейбір ғылыми мәліметтерге жүгінсек, соғыс жылда-рынан бастап ішімдік пен нанның көбею кезеңін былай көрсетеді:
    Нан:
    1940 ж 1965 ж 1970 ж 1975 ж 1977 ж 1978 ж 1979 ж
    2,0%     2,4 %  2,7%    2,7%   2,8%    2,9%   3,0%
    Арақ:
    2,8 %    4,4%   6,3%    6,7%   7,1%    7,4%   7,8%-ды құраған екен.
    Бұл дәлелге қарап, Кеңестер үкіметі құрылған соң, ішімдіктің халқымыздың арасында біртіндеп тарап, соңында сананы билеп, улап алғандығын көріп отырмыз. Ресейлік ғалым, медицина ғылымдарының докторы Владимир Ждановтың алкогольдерді зерттеу жұмыс-тарына қарағанда, әлем бойынша 62 млн. алкоголь қолданатын адамдар бар екен. Ал Ресей халқының 50 пайызы арақсыз өмір сүре алмайды.
     
    Біздің елімізде бір қанағат етерлігі сол, саналы ұрпақ жалғасын тауып, көптеген жастар мен ересектер ислам дініне бет бұруда. Алайда, әйелдер тарапына тағы бір жүз бұрар болсақ, осы кездері хиджаб киіп, бес уақыт намазын оқып жүрген қыз-келіншектерді өз таныс-жақындарының өзі «мұны қоя тұрып», ішімдіктің дәмін татып өмір сүруге үгіттейді. Ал олар ұл-қыздарына да осыны үйрете ме сонда? «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қо-лымен әлемді тербетеді» деген қазақ мақалынан соншалықты ұлылықты аңғарасың. Ал бір қолында темекісі, бір қолында сырасы жүрген әйел-аналардың бесіктері ертең қандай күйде болмақ? Бүгінде осы бір қасіретті суды жою әр жанұяда қолға алынса, әзәзіл түбіне балта шабылары даусыз. «Отан от басынан басталады» емес пе? Осының ең алғашқы бастауы ретінде қазіргі күнде көптеген тойларды ішімдіксіз өткізуден ниеттің түзулігін аңғарып, ішімдіксіз де тойдың, өмірдің қызықты өтетінін өзгелерге ұқтырғымыз келеді.

    ШАРА ҚҰРБАНОВА
    http://kz.zaman.com.tr/
    Просмотров: 871 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz