Арақ – екі дүниеде де азап - 29 Декабря 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Желтоқсан » 29 » Арақ – екі дүниеде де азап
    17:28
    Арақ – екі дүниеде де азап

    Адам жүрегі мен тәнінің таза болуы үшін Аллаһ харам еткен нәрселерден сақтануымыз керек. Қазіргі таңда арақтың зияны мен зардаптары туралы медицина ғана емес, сонымен қатар Құран аяттарында да айтылған.
    Аллаһ Тағала: «Адал нәрселерді жеңдер, ішіңдер, ысырап етпеңдер»-деген. («Ағраф» сүресі, 31 аят). Шарап – Жаратқанның харам еткен нәрсесі. Оны пайдалану Аллаһтың тыйымын бұзып, әміріне қарсы шыққанмен тең. Ибн Омар (р.а) риуаят еткен мына бір хадисте Аллаһ Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) былай дейді: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырайды». Ішуші мен құйып беруші, сатып алушы мен сатушы, дайындаушы мен дайындатушы, алып келген мен алып келгенге бұйырушы және сатып күн көрушіні лағнеттейді. Демек арақ жалғыз ішкен адамға ғана кесірін тигізумен шектелмейді. Шайтанның азғыруы мен азабы айықпас ауыр күнәларды жасайды.
     
    Маскүнемдік адамды аздырып, түрлі ауруларға шалдықтырады. Бұнымен шектелмей отбасына өз қолымен от құяды, ұл- қызға тәрбие беру құқығынан алыстайды. Кейде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатып та ата-анасының жағасынан алатынына не дейсіз? Құрсағында тоғыз ай көтеріп, мәпелеп, бар махаббатын төгіп өсірген ұлы ер жеткен шағында әзәзіл судың буымен ата-анасының ұлынан зейнет көретін шағында әлекке салып жатқанын да көз көруде. Ата-анасы тірі кезінде оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен өкініш, қасірет болып есептелінеді.
     
    Оған төмендегі хадис дәлел. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с) былай деген «Аллаһ Тағала Қиямет күні үш түрлі адамға назарын салмайды. Ата-анасына мойынсұнбаған адам, арақ ішкен адам және біреуге сый-садақа беріп, оны міндетсінген жан.»-делінген. (Нәсәи, Баззар, Хаким риуаят еткен.). Ішімдік адамды адастыру үшін қолданылатын шайтанның құралы. Арақ – нәжіс. Шариғаттағы тазалық кітабында арақ- шарап , ішімдік денеге , киімге тисе және төгіліп қалған жағдайда оны нәжіс деп қабылдаған. Қашан жақсылап тазарғанша ондай киіммен намаз оқуға да болмайды. Хадисте мас қылатын нәрсенің азы да, көбі де харам – делінген. Кейде арақты ауырған жерге ем ретінде қабылдап жатады. Арақ- харам. Ал харам нәрседен шипа болмайды.
     
    Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) арақ ішкен адамның намазы қырық күн бойы қабыл болмайтындығын айтқан. Абдуллаһ Ибн Амрден (р.а) жеткен риуаятта Аллаһ Елшісі былай деген: «Қандай да бір адам арақ ішсе, оның намазы қырық күн бойы қабыл болмайды. Ал сол күйі өліп , оның несеп жолында арақтан бірдеңе қалса, ол жәннатқа кірмейді. Сол қырық күн ішінде өлсе , нағыз надан күйде өлген болады» (Табарани). Тіпті мұсылман баласы арақ ішілетін орындарда, жиындарда да отыруға тым бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмметіне солай бұйырған. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) бір хадисінде былай дейді «Кімде- кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген болса, арақ ішпесін. Кімде- кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген болса, арақ ішілетін дастарқанның басында да отырмасын» . (Табарани риуаят еткен). Барлық азғындықтың басы болып табылатын араққа шын мәнінде Ислам діні, шынайы иман ғана тосқауыл бола алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жалған дүниеден көз жұмар сәтінде, еріндерінің қимылдағанын Али (р.а) көріп: «Не деп жатқанын естиін» деп, құлағын жақындатып тосып тындаса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ақырғы деміне дейін «Иә, Раббым, үмметімді кешіре гөр»- деп жатқан екен.
    Сол жаны ашыған үмметіне лайық болайық. Аллаһ Тағала баршамызға ынсап берсін, өзінің тура жолына бастасын. Әмин!
    Белсходжаева Назгүл
    ҚазҰПУ-дың 4-курс студенті
    Просмотров: 1041 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Geso   (21.10.2013 02:30)
    Thought it wo'ulndt to give it a shot. I was right.

    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz