Арақ атом бомбасынан да қауіпті - 24 Мая 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:44
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Мамыр » 24 » Арақ атом бомбасынан да қауіпті
    19:18
    Арақ атом бомбасынан да қауіпті

    Күз айлары ар­ақ-шараптың жақсы өтетін маусымы. Өйткені той-то­малақ кө­бейіп, дастарханға ар­ақ­­-шарап қойы­ла­­ды. Онсыз той қы­зық өтпейтін тәрізді.
    Тойға қонақ болып барған соң үл­кен­­­ дастархан басында тақуамыз да, басқамыз да отыруға тура келеді. Қа­тыс­­­пасаң, ағайыннан, достардан жат боласың. Ал барсаң, ластанасың. Іш­ім­­­дік ішіп отырған кісі мен арақ ішпейтін жанның әңгімесі жараспайды. Тақуа кі­сі­­­ге қонақ болып келген соң дастархан­ды­ тастап кете беру де ыңғайсыз. Біреу­лер­ ол жерде тағам, арақ ішкен жоқпын­ деп айтуы мүмкін.
    Барша жамандықтың кілті – арақ
    «Жынды суды» ішпегенмен мастықпен айтылған сөздер, жаман ойлар – мас­­­күнемдік құтыру, ұятсыздыққа дағдыланудың бастауы, әрі адамға кері әс­ер ететін ақпараттар. Арақ ішіліп жат­қан­ жерде қысыр сөзбен біреуді қажап әңгіме айтушылар дастарханның да, жи­налған жұрттың да берекесін кетіре­ді.­­ Ал осындай кір ақпараттың бәрі, негізгі құрамы судан тұратын тамаққа же­тіп, өтіп, қабылданып оны ішіп-жеген­ адамның бойына кері әсермен тарайды.
    Малайзияда эмоцияға беріліп, ашуланып, долданып, уайымданып, сұрланып, әртүрлі жаман сөз айтып келген ас­­пазшыны, тамақ өндірісінің қызмет­кер­­­­лерін, жұмысшыларын жұмысқа жі­бер­­­мейді. Себебі тамаққа жаман ақпарат жіберуге болмайды. Жүйке жүйесі шар­­шаған адамның пісірген тамағында­ қандай береке болуы мүмкін?!
    Сөз – түзеуші де, қиратушы да. «Жақ­­­сы сөз – жарым ырыс» деген сөзді бабаларымыз тектен-тек айтпаған. Тұла бойымыздың құрамының жартысынан көбі – су. Ақпарат суға ойменен де, сөзбенен де беріледі. Біреу туралы жа­ман ойлап, ғайбат айтсаңыз, өзіңізге де зиян келтіретініңізді білуіңіз керек. Ха­­лық емшілерінің айтуы бойынша, өзің­­нің немесе басқаның ауруын, проб­ле­­масын тамақ ішіп отырып айту аса қауіпті. Неге? Өйткені кез-келген тағам­ның құрамында су бар. Сол себепті та­мақ ішіп отырып су арқылы жағымсыз, жаман ақпаратты қабылдайсыз. Әсі­ресе, тамақтану уақытында ат­ыс, ша­­быс, өлтіру, зор­­­лау, қорлаудың не­ше түрін көрсетіп жатқан кері ақпараттарды, бағдарламаларды те­ледидардан қараудың пайдасынан зияны анағұрлым көп. Біреулер тамақ іше­тін және тамақ дайындайтын асханасына теледидар қойып телесериалдарды жібер­мей­ қарап отырады. Ал мұндай жағ­дай­да отбасының өміріне кері әсер етіп жат­қа­нын біле бермейміз.
    Дініміз арақ ішіп отырған дастархан­ ба­сына жақындамауға, жоламауға бұ­йы­­рады. Арақтың зияны туралы Мұ­хам­­­мед пайғамбардың айтқан хадистері өте көп. Сондай хадистердің бірінде: «Ме­ні пайғамбар етіп жі­берген Алла­ның­­ атымен ант етіп айтамын. Алла-та­­ғала арақты Тәурат, Забур, Інжіл, Құранда да лағынеттеген», – делін­ген.­ Ал мына хадистерге назар аударсақ: «Кімде-кім арақ ішушімен бірге от­ы­рса, Алла-тағала оны қияметте екі көзі көрмейтін көрсоқыр етіп ті­ріл­­­теді», «Арақтан сақтаныңдар, өйт­ке­ні ол – барлық жамандықтардың кілті», – деп арақтың зияны туралы ес­­кертеді. Арақ ішушіге қатты, қатал ай­­тылған осындай тағы да басқа хадис­тер де бар.
    Қазір кез-келген дүкенде арақ-ша­рап­­­ сатылады. Ал, осындай сауда орнынан нанымызды, шайымызды, қантымызды сатып аламыз. Бұл тағамдардың бәрі ақпарат қабылдайды. Оған дә­лел, халық емшілерінің, молдалардың шайға, қантқа, тұзға, майға ем ре­тін­­де дем салып беретінін талай рет көріп жүрміз.
    Дініміз тазалық атаулыға ерекше мән береді және оны аса қажет деп са­­найды. «Тазалық – иманның жартысы» деген Пайғамбар. Бабаларымыз мұсылман болған. Сондықтан да олар рухани, материалдық тұрғыдан да, жү­рек­­­ пен ниеттері де таза болған. Тазалық ғибадат етуіміздің алғы шарты жә­не­­ денсаулығымыздың кепілі болуымен­ қатар, ырыс-несібеміздің мол болуынан­ да себепкері.
    Мұхаммед хадисінде «Тазалыққа аса мән бер, ырысың молайсын» деген.­ Ал тазалық жақсы ой, жақсы сөзбен келеді.
    Ішкілік қалай жасалады?
    Құранда арақ нәжістен жасалады де­­лінген. Нәжіс деген сөздің ғылыми ата­­­­уы – экскримент. Арақтың жасалу тәр­­тібінде мынадай технология пайдаланады: Үлкен ыдысқа бидайдың немесе жүзімнің шырыны, сөлі құйылып тол­тырылады. Бұл шырынның құрамында сахароза, фруктоза сияқты адам­­­­­ның денсаулығына пайдалы тәтті заттар бар. Сол ыдыстағы шырын сұйығына ашытқы бактериялары жіберіледі. Осы бактериялар сол пайдалы тәттіні іш­­іп-жеп тойған соң үлкен-кіші дәретін сын­дырады. Осы бактериялардың үл­кен­­-кіші дәреті С2Н5ОН яғни Этил спир­ті­ болып табылады. Этил спирті – нарко­ти­­калық, протоплазматикалық у. Спиртті соғыс кезінде наркоз ретінде қолданылған, артық мөлшерде ішсе, адам өліп қалатын болған.
    Этил спирті – тез жанғыш түссіз сұ­й­ық­­ зат. Оның өзіне лайықты иісі, ық­па­­­­лы күшті наркотикалық әсері бар. Ал­ғаш­­­­қыда орталық жүйке жүйесін қозды­ра­ды, ал сосын сол жүйке жүйесін істен шығарады, кейін адамды сал етеді.
    Жалпы, спирт – еріткіш зат. Тамырдың ішіндегі қызыл қан түйіршіктерінің (эри­троциттер) сыртында әлсіз зарядталған екі қабат майлы қабыршық қаптап тұрады. Сол қабыршықты спирт ері­­теді де, ол эритроциттер бір-бірімен клей сияқты жабысады. Сол клей эритроциттер мидағы өте кішкентай капиллярлардан өтпей қалады, сол себепті ней­рондарға оттегі жетпей өле бастайды. Адамның миында 15 миллиардтан ас­там нейрон бар. Соның жартысы ға­на­ жұмыс істейді. Адамның денесіндегі +36,6 градус температура себебінен өл­ген­­­ нейрондар шіриді. Алла-тағаланың құ­­діретімен денеміздегі су қан иммунеті арқылы сол мидағы шіріген, өлген нейрондарды жуып шайып зәріміз арқылы­ сырт­қа төгіледі. Осы жағдай болып жат­қан­да «Ойбай, басым сынып тұр» деп адамның мазасы қашады. Ішімдік ішкен­нен­­ кейін адамның су ішкісі келеті осыдан.
    Ал арақ ішкен адамның миындағы нейрондар төгілген соң ойлау, есте сақ­тау­­­ қабілеті жоғалады, әлсірейді. Шайтанның арбауына түсіп, харам ішкен соң­ арақ ішкіштер үлкен күнә істейді. Ар­­­ақ адамды хайуан дәрежесіне дейін түсіреді. Арақ ішпейтін адам періш­те­ден­­­­ жоғары дәрежеде, ал арақ ішетін адамдар шошқадан төмен болады. Өйт­ке­­­ні шошқа лас, жаман нәрселерді же­се­­­ де, арақ ішпейді.
    Арақ адамды зұлымдыққа апарады.­ Арақ – атом бомбасынан да мықты қа­­­ру. Еркектік қасиетті, әйелдің бала туу қабілетін, дені сау ұрпақты жояды. Ал ар­ақ­­­ты ішіп, уланған халық, маскүнемге айналған ел неге жарайды?

    Ә. СМАН.
    http://islam.com.kz/
    Просмотров: 2285 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz