Арақ - 29 Декабря 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:45
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Желтоқсан » 29 » Арақ
    17:32
    Арақ

    Ұлы физиолог, академик И.П.Павлов былай деген еді: «Алкоголды қуану немесе көңіл көтеру үшін ішкенімен, ол адамзатты қуантудан көрі, оған, керісінше үлкен қасірет әкеледі». Алкоголді үнемі ішіп жүрсе мастық пайда болады, біртіндеп, уақыт өте келе одан арғы ауыр сырқат – «алқаштықты» тудырады. Әсіресе емшек емізетін және аяғы ауыр әйел адамдар үшін өте қауіпті, себебі ананың сүті немесе кіндік қаны арқылы құрсақтағы нәрестеге немесе балаға алкоголь түседі де баланың дене мүшелерінің дұрыс және қалыпты жағдайда өсіп жетілуіне мүмкіндік бермейді.
     
    Алкоголдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден ақ белгілі болған. Ерте ғасырыдағы Рим заңдарында 30 жасқа дейінгі жас адамдарға алкоголді ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі, бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу табиғи құбылысының қарқынды жүретін уақытты. Ресей жеріндегі ертеден келе жатқан құжаттарда да жаңадан отау тіккен жастарға да арақ ішуге рұқсат берілмеген. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туылған әлсіз балаларды «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» - деп кекесінді атаумен атау қалыптасқан. Баланың дене мүшесі қалыптасып келе жатқан кезде алкоголдік у-ды қолдану біртіндеп фикикалық және психикалық бұзылуларға алып келеді. Егерде алкоголді аз мөлшерде болса да ылғи ішіп жүретін болса дене мүшесіндегі бұзылу құбылыстары тереңдей түседі де созылмалы, ауыр ауруларға душар етеді.
     
    Құрсақта бала өсіп жатқан кезде ішкен арақтың салдары: ең алдымен нәрестенің дұрыс өспеуіне, балалар өлімінің көбеюіне, туа біткен ақаулармен туылуына себеп болады. Егер де, әйел адам емшек емізіп жүрген кезде арақ ішетін болса, баласының жүйкесі мен психикасы дұрыс дамымай, ас-қорыту, бауыр, бүйрек, жүрек-қантамыр аруларына шалдығып, ақыл-есінің жақсы қалыптасуын тежейді.
     
    Арақты тоқтаусыз ішіп, созылмалы маскүнемдікке душар болған ата-аналардың туған балалардың денсаулығына қандай зиянын тигізетіндігін көптеген дәрігерлер өз зерттеулері арқылы дәлелдеді. Француз дәрігері Доньсе 10 алқаш отбасының 57 балаларына зерттеу жүргізгенде: олардың 25 бала сәби кездерінде өліп қалған, 5 бала тырысқақ ауруымен ауырған, 5-інде ауыр ми ісіктері болған, 12 бала есі-дұрыс емес болып өссе, қалған 10 бала ғана салыстырмалы түрде ғана денсаулығы дұрыс дамығандығын анықтаған.
     
    Бір швейцарлық педиатр мынандай қызық оқиғаны суреттеп жазған. Оны, 6 айлық баланы тексеріп-көріп беруге шақырады. Балада, аптаның белгілі күндерінде, емшек сүтін бергеннен кейін, тырысқақтар пайда болады екен. Тырысқақтар: дүйсенбі және бейсенбі күндері болып тұрған. Басқа күндері ондай тырысқақ болмаған. Баланы денсаулығы дұрыс деген бір әйел адам емшек сүтімен тамақтандырады екен. Бұл әйел адам аптаның екі күнінде демалыс алады екен де (сәрсенбі және жексенбі), сол күндері ол арақ ішкенді ұнататын көрінеді. Келесі күні өзін саумын деп сезінгенмен, денесіндегі кешегі ішкен алкоголь емшек сүтімен нәрестеге беріліп отырған. Баланы сол әйелдің емізуі тоқтатылуы мен-ақ оның тырысқағы да тоқтаған. Көп жағдайларда балаларды арақ ішуге, жолдастары мен жасы үлкендер баулиды.
     
    Атап айтқанда, балаға арақты көбінесе емдік шара ретінде береді. Бұның, әрине қате екендігін ескере бермейді. Осы күнге дейін қате қалыптасқан түсініктен арыла алмай келеміз: арақ беру арқылы оның ұйқысын тыныштандырамыз, тәбетін ашамыз немесе салмағы қосылады- деген. Медицина ғылымы арақты «ем үшін қолдану» баланың денсаулығына өте зиянды әсер ететінін айтып та, жазып та жатыр, дегенмен де нәтиже, әзірше жоқ.
     
    1915 жылы Пироговтық съезде орыс дәрігерлері былай деген: ..«...адамның денесінде арақтың зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ, барлық дене мүшеге арақ у-лы әсерін тигізеді». Арақ ішуге әдеттену ерте ме кешпе мейлі, әйтеуір алқаштық ауруға душар етпей қоймайды. «Өзеннің көзі бұлақтан, ал алқаштық ауру алғашқы стақаннан басталады» деген мәтел бекер айтылмаған. Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.
     
    http://www.zhas.kz/
    Просмотров: 961 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz