«Алкогольсіз сыра» аңғал балаларды ауруға ұшыратпай ма? - 3 Августа 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Тамыз » 3 » «Алкогольсіз сыра» аңғал балаларды ауруға ұшыратпай ма?
    13:17
    «Алкогольсіз сыра» аңғал балаларды ауруға ұшыратпай ма?


    Естеріңізде болар, бұрынырақта алматылықтар «Таза су» деген жарнамалар арқылы ащы судың азабын тартқан. Енді «алкогольсіз сыра» деген шықты. Әсіресе, мұндайға бірінші болып қызығатын да, дәмін көруге асығатын да аңғал көңілді балалар екені даусыз. Мұны біз келешек ұрпақтың көзі бұлдырып, мас күйінде тәртіп сақшыларына ұсталып жатқандығынан байқап отырмыз. Балалардың арасында маскүнемдік жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл - ащы шындық. Оларды азғындайтын, жат әдетке итермелейтін бірден-бір нәрсе - жарнама.
     
    «Алкогольсіз сыра» дейтіндей, ол шарбат сусын емес екені бесенеден белгілі. Қазір ұлтының келешегін ойлаған мемлекеттер жайсыз жарнамадан қашып жатыр. Мәселен, Белоруссияда қоғамдық орындарда сыра ішуге тыйым салатын кодекс күшіне енді.
    Осыған сәйкес көшелерде, стадиондарда, гүлзарлар, саябақтар мен қоғамдық көлікте сыра және алкогольсіз сыра ішкендер жазаланады. Кодекстің «Белавиа» компаниясының ұшақтарына және республика аймағын басып өтетін барлық пойыздарға заңдық күші бар. Заң бұзушы 280 мың белорусь рубліне тең (100 доллар шамасы) айыппұл төлейді, ал аталған әрекет қайталанса, айыппұл екі еселенбек. Мұндай жаза самогон сақтаған не сатып алғандарға және қызмет орнында алкоголь пайдаланғандарға да қолданылады екен.
    Жақында сыраға қатысты мынадай бір дерек оқыдық. «Нағыз сыраның дәмі бар алкогольсіз сыра. «Дербес Алкогольсіз» сырасын дайындау кезінде бірегей мембраналық сүзгілеу әдісі пайдаланылады, оның арқасында «Дербес Алкогольсіз» нағыз сыраның дәміне ие, ал оның құрамындағы алкогольдің мөлшері аз - 0,5% -дан аспайды. 0,5%-дың бала үшін қаншалықты әсері бар? Алайда мәселе онда емес, ең басты проблема - сыраның дәмі баланы бұзатындығында. Мәселен, «1964 жылдан бергі керемет дәм» деген жарнама бозбалалар түгілі, жасы одан кішілерді де тыныш қоя алмасы анық. Осылайша алкогольсіз сыраның сырын білуге асыққан ұландардың алды араққа да ауыз салып, тәртіп сақшыларының қолына түсіп жатыр.
    Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының былтырғы мәліметіне қарағанда, еліміз ішімдік ішуден әлем бойынша 8 орынға шыққан, яғни әрбір қазақстандық жылына 12 литр спиртті өңештен өткізеді. Соның салдарынан жылына жүздеген мың адам көз жұмады.
    Еліміздің Ішкі істер мекемелерінде 300 мың адам есепте тұрса, оның 126 мыңы ішімдікке салынғандар. Наркологтар соңғы үш жылда маскүнемдікке бой ұрған балалардың қатары 10 есеге артқанын айтады. Ал жасөспірімдер екі есе көбейген. Бірақ нақты ақпарат одан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, елімізде спиртті ішімдікке әуестік орта есеппен 10-15 жаста басталады. Әлгіндей жарнамалар оларды бірден еліктіріп әкетері даусыз.
    Қазір елімізде наркодиспансерлерде екі мың жасөспірім тіркеуде тұрса, олар мұндай сұмдыққа сыраға әуестіктен барған. Дәрігерлер болса, сыра көпшілік ойлайтындай зияны жоқ сусын емес екенін айтады.
    Мұхтар Әуезов «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Өкінішке қарай, елімізде 3700 нашақор бала бар екен. Бұл - есепке алынғандары ғана. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше, соңғы кездері жасөспірімдер арасында алкоголь өнімдерін тұтынушылар саны артқан. Мысалы, бүгінгі күні балалардың 9,4 пайызы, жасөспірімдердің 21,3 пайызы, ал жастардың 46 пайызы алкогольді ішімдіктерге құмар.
    Сыра демекші, «Жарнама туралы» заңда алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға мүлдем тыйым салынған. Алайда алкогольсіз сыраларды жарнамалауға белгілі бір рұқсат берілген секілді. Дәрігерлер нашақор балалардың алғашқы қадамы сыраға құмарлықтан басталатынын айтады. Спиртсіз сыраның дәмін алғандар өзге де бөтелкелерге міндетті түрде назар аударары даусыз. Сыраның салдарынан маскүнемдікке салыну 3-4 есе тез дамиды екен. «Алкогольсіз» деген ұтымды желеу. Ал көшелерді «көріктендірген» жағымсыз жарнамалар - балаларды бұзуға бағытталған бірден-бір насихат. Осыны құзырлы орындар біле ме екен?
     
    Жолдасбек ДУАНАБАЙ

    http://www.aikyn.kz/
    Просмотров: 933 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz