Алкоголизм - ажал апаны! - 28 Февраля 2011 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:46
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Ақпан 2011  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2011 » Ақпан » 28 » Алкоголизм - ажал апаны!
    15:48
    Алкоголизм - ажал апаны!

    Ішімдікке дағдылану – алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз. Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.
    Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен.
    Ішімдік ішуден алдыңғы орындарға іліккен елімізде әр адам басына шаққанда, орташа 31 литр сыра, 12 литр арақтан келеді екен. Арақ ішу жағынан проценттік көрсеткіш бойынша тіпті Ресейді де басып озыппыз. Әрі ең сорақысы сол, бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді.
     
    Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана, жергілікті наркодиспансерлерде ем қабылдаушы маскүнемдердің саны 10 есеге артқан. Тағы бір тың дерек, өкініштісі, ішімдік ішуден қаракөз жасөпірімдер де әке-шешелерінен қалысар емес.
    Мәселен, Алматы қалалық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Шөпшекбаеваның айтуынша елімізде 2 мың 532 баланың ішімдікке әуес екені анықталып, 1 мың 996 жасөспірімге «алкоголизм» деген диагноз қойылыпты.
     
    Олардың ең кішкентайының жасы – 14-те екен. Қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішуге байланысты шыққан Жаңа заң аясында қаншама бозбала мен бойжеткен құқық қорғаушылардың назарына ілігіп жатыр?Дәрігер наркологтар араққа салынғандарға қарағанда, сыраны сүйетіндермен күресудің қиын екенін айтады.
    Бүгінде елімізде есепке алынған 300 мыңнан аса тұрғын ащы судың жетегінен шыға алмай жүр. Алайда бұл нақты дерек емес. Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының меңгерушісі Айгүл Нәшкенованың айтуынша шын мәнінде ішімдікке тәуелді жандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Себебі, олардың көбі жеке клиникаларда емделгендіктен тіркеуге алынбайды. Сондай-ақ, ауылды жерлерде ішімдікке әуестілік қалыпты жайт болып санаға сіңіп бара жатқаны тағы бар. Тағы бір дерек бойынша орташа есеппен алғанда, қазақстандықтар алкогольге 14-16 жасынан әуес.
    Спиртті өнімдер жайлы сөз қозғалғанда Ішкі істер органдары есебінен де мысалды көптеп келтіруге болады. Мәліметтер бойынша елдегі әрбір оныншы қылмысқа, әрбір үшінші адам өлтіру ісіне ішімдіктің буы себеп болады екен.
    Адамның адамшылығын кетіріп, өміріне қауіп төндіретін ішімдік - тұтас ұлттарды да жойып жібере алатынын біле жүргеніміз жөн-ау.
    "ТВК-6 ақпарат агенттігі"
    http://www.dinislam.kz/
    Просмотров: 1090 | Добавил: наркология | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz