Алкогольдің нерв жүйесіне және мінез-құлыққа тигізетін әсері. - 30 Сентября 2010 - Облыстық наркологиялық орталық сайты
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САЙТЫ
Сенбі, 03.12.2016, 09:47
Меню сайта

Форма входа

Поиск

Календарь
«  Қыркүйек 2010  »
ДсСсСрБбЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн, барлығы: 1
    Қонақтар: 1
    Қолданушылар: 0

    Главная » 2010 » Қыркүйек » 30 » Алкогольдің нерв жүйесіне және мінез-құлыққа тигізетін әсері.
    20:53
    Алкогольдің нерв жүйесіне және мінез-құлыққа тигізетін әсері.
     
    Қарындағы алкоголь 2 минуттан сон, қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының, клеткалары зардап шегеді. Сонда адамның шартты рефлекс кызметі нашарлап, күрделі козғалысының қалыптасуы баяулайды, орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістерінің (процестерінің) ара қатынасы өзгереді. Алкогольдің әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, ол өзін-өзі басқара алмайтын болады. Алкоголь ми қыртысының маңдай бөлігіндегі клеткаларға сіңгенде адам эмоциядан «ада болып» жөні жоқ қуанады, орынсыз күледі. Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күшейе түскен қозу соңынан дереу тежелу процестері кенет бәсеңдейді. Ми қыртысы мидың төменгі бөліктерінің жұмысын бақылай алмай қалады.
    Ал адам ұстамдылыктан, ұяттан айрылып, ол сау күйінде айтпайтын сөзді айтып, істемейтін істі істейді. Спиртті ішімдіктің келесі жаңа үлесі жоғары дәрежелі нерв орталықтарын жансыздандыра түседі, бейне күрмеп тастағандай оларға мидың төменгі бөліктерінің кызметіне қатысуға мүмкіндік бермейді; қимылдың, мысалы көз қимылының (көз алдындағы нәрселер қосарланады), үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп, қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Нерв жүйесінің және ішкі мүшелер жұмысының бұзылуы қандай жағдайда болса да: алкогольді бір рет, анда-санда және әрдайым пайдаланғанда байқалады.
     
    Нерв жүйесі жұмысының бұзылуы адам қанындағы алкоголь мөлшеріне тікелей байланысты екендігі мәлім. Алкогольдің қандағы мелшері 0,04—0,05% болғанда ми қыртысы қызметінен айрылып, адам өзін-өзі игере алмай, ақылмен ойлану қабілетінен айрылады. Қандағы алкоголь мелшері 0,1% болғанда мидың қимылды бақылайтын аса терең бөліктері қыспаққа түседі. Адам сенімсіз қимыл жасап, бет әлпеті қуанады, қызбаланып абыржиды. Алайда адамдардың 15 проценттейі алкогольден сары уайымға салынып, ұйқыға бой ұрады. Қандағы алкогольдің мөлшері артқан сайын адамның есіту және көру қабілеті нашарлап, қимыл реакциясының жылдамдығы әлсірейді. Алкоголь концентрациясы 0,2% болатын қан адамның эмоциялық мінез-кұлкын бақылайтын ми аймағына әсер етеді де, адам кенет ұждансызданып, ұрыншақ бола бастайды.
     
    Қандағы алкоголь мөлшері 0,3% болғанда адам есінен айрылмағанымен де көргені мен естігенін ұғына алмайды. Мұндай күй алкогольден топастану деп аталады. Қандағы алкоголь мөлшері 0,4% болғанда, адам естен танады. Мүлде масаңданған адам ұйықтап кетеді, біркелкі тыныс ала алмай, еріксіз кіші дәретке отырады. Сезімнен мүлдем айрылады. Қандағы алкоголь мөлшері 0,6—0,7% болғанда, адамның өліп кетуі мүмкін. Алкогольді дүркін-дүркін пайдалану нәтижесінде ішімдікке жаны ауыра кұмартып, өзін-өзі үстай алмай — маскүнемдік (алкоголизм) дамиды. Алкоголизм әдет емес, ол — ауру. Әдет сана-сезім бақылауында болады, одан құтылу оңай. Ал организм уланып кеткендіктен, алкогольге құмарлықты жеңу өте ауыр.
     
    Алкогольді пайдаланатын адамдардың шамамен 10 проценті маскүнем болады. Алкоголизм — организмдегі үрей мен жарымжандықты сипаттайтын ауру. Ұзаққа созылған алкогольмен уланудың 3 сатысы бөліп көрсетіледі. Оның біріншісі — алкогольге жанын сала құмартумен, орталық нерв жүйесі және ішкі мүшелер жұмысының бұзылуымен сипатталатын бастапқы жеңіл сатысы. Бірак бұл сатыда организмде кайтымсыз өзгерістер байқала коймайды. Екінші сатыда алкогольге жанын сала кұмартудың айқын білінуімен қатар, адамның ішкі мүшелері жұмысының едәуір бұзылғандығы, үрейлене бастауы, жеке басының аза бастауы байқалады. Бұл кезде отбасында және жұмыста дау-жанжал туады. Үшінші саты — мидың нерв клеткалары алкогольге төтеп бере алмай, алкогольге жанын сала кұмартуы күшейе түсетін ауыр саты. Науқас алкогольден есалаңданып, орталык нерв жүйесінің клеткалары қатты зақымданады. Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері 1—2 тәулікке дейін сакталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен уланған халден айыға алмайды.
     
    Сырада алкогольден басқа, көптеген көмірсу болады, ол организмде лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адам денесінің толықтығын денсаулық белгісі деуге болмайды. Бұл — зат алмасудың бұзылуы туралы берілген сигнал. Алкоголь ішу зиянды, оның кез келген мөлшері — у!
     
    Алкоголизм және қоғам.
     
    Алкоголь тек ішкіш адамға ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да «соққы» береді. Алкоголизмге бейім ер адам немесе әйел өзінің қажетін қанағаттандырудан басқаны ойламайды, олар көбінесе достарына, отбaсына және бала-шағаларына борышты екенін ескермейді. Алкогольге құмарлық — әртүрлі қылмыстар кепілі. Барлық қылмыстың 50 проценттейі алкогольді пайдалануға байланысты екені белгілі болды. Ата-аналардың алкоголизм жолына түсуінен көбінесе балалар зардап шегеді. Нерв ауруымен ауырған балаларды зерттеу нәтижесі олардың ауруларының себебі көп жағдайда ата-аналарының маскүнемдіккке (алкоголизмге) салынуынан екенін көрсетеді. Алкоголизмге карсы күрес — кандай да болмасын мемлекеттің ең ірі әлеуметтік әрі медициналық келелі мәселесі. Алкогольдің тигізетін зияны дәлелденген. Оның тіпті шамалы ғана мөлшері үлкен қолайсыздыққа немесе бақытсыздыкқа ұшыратады: жарақаттанады, автокөлік апатына тап болады, еңбек ету қабілетінен айрылып, отбасынан ажырасады, рухани мұқтаждығы мен ерікті адамгершілік қасиетінен жұрдай болады.
     
    А.М.Цузмер, О.Л.Петришина «Адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы», орта мектептің 9-класына арналған оқулық, Алматы, «Мектеп», 1989 жыл (215-217 беттер)
    Просмотров: 6216 | Добавил: наркология | Рейтинг: 3.0/2
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сайтты әзірлеген: Серікбай Смағұлұлы
    Copyright MyCorp © 2016
    Сайт управляется системой uCoz